Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет58/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Жағыпарова Майра
2.  Архаизмдер  –  халықтың  тұрмыс-тіршілігіне,  салт-сана, 
әдет-ғұрпына  қарай  әр  дәуірде  өзгеріп,  басқа  сөздермен  ауысып 
отырған немесе ескіріп кеткен сөздер. Мысалы: сұлтан – султан, 
дүре – розги, құл – раб, күң – рабыня.
Көнерген сөздер жаңа мағына алып, сөздік құрамдағы белсенді 
сөздерге қосылуы мүмкін. Мысалы: «жасақ» – жасақшы, «төре» 
– төреші тәрізді сөздер қосымша жалғану арқылы қайтадан күн-
делікті қолданысқа ие болды. 
Бұрынғы атаулары ескіріп, кейін басқа атаулармен беріліп жүр-
ген заттар мен құбылыстар бар. Мысалы: «қол» – әскер, «қол басы» 
– әскер басы, «серіктік»  бірлесу, «желек»  орамал т.б. Қазірде 
осындай басқа атаулармен беріліп жүрген заттар мен құбылыстар-
дың бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады.
Тілімізде жаңа ұғым аттарын білдіретін жаңа сөздер бар. Олар 
ғылыми тілде неологизм деп аталады. Неологизм дегеніміз – қоғам-
ның дамуына байланысты тілдің сөздік қорына енген жаңа сөздер. 
Мысалы: космос – ғарыш, космонавт – ғарышкер, парк – саябақ, 
теплица – жылыжай, телеграмма – жеделхат, пенсия – зейнет-
ақы, спутник – жер серігі, класс – сынып т.б.
Жаңа сөздердің тууының екі түрлі себебі бар: 
1.  Қоғамның  дамуымен  бірге  енген  жаңа  ұғымдарға  сай  жаңа 
сөздер пайда болады
2.  Тілдің  қолданыс  аясының  кеңеюіне  байланысты  тілімізде 
бұрыннан  қалыптасқан  кірме  сөздердің  орнына  жаңа  аталымдар 
қолданылады. 
Мысалы: космос, космонавт, спутник деген сөздер алғаш пай-
да болған кезде жаңа сөздер болатын. Бұл сөздер соңғы жылда-
ры ғарыш, ғарышкер, жер серігі деген қазақтың төл сөздерімен 
беріліп, жаңа сөздер болып есептеліп жүр. Осы тектес жаңа сөз-
дердің  қатарына:  жолсерік,  үнтаспа,  саяжай,  ермексаз,  кеден, 
сынып  т.б.  сөздер  жатады.  Кейін  тілге  сіңісіп,  халыққа  әбден 
танылып,  жаппай  қолданылған  кезде  жаңа  сөз  болудан  қалады. 
Соңғы  жылдары  өсімдік,  бау-бақша  саласына  қатысты  тіліміз-
ге  көптеген  жаңа  сөздер  енді:  қызанақ,  орамжапырақ,  жасуша, 
дәруменағза т.б.


63


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет