Кәсіби қазақ тілі 5-тапсырма. Сәйкестендіріңіз және жаттап алыңыз. Устав
зейнетақы
Программа
ақпарат
Информация
шәкіртақы
Документ
демеуші
Компенсация
жарғы
Репрессия
төлемақы
Спонсор
құжат
Пенсия
қуғын-сүргін
Стипендия
бағдарлама
6-тапсырма. Сөздерді бағандарға сәйкесінше орналасты- рыңыз. Анализ, айбалта, атом, әмеңгер, әскербасы, барымта, болыс,
дүре, жасақ, жүзбасы, зындан, кебеже, космос, компьютер, кіреу-
ке, күң, қосын, қол, қолбасы, құл, малта, малай, найза, ояз, пері,
періште, ракета, редактор, сандық, сарбаз, сұлтан, соқа, сарбаз, сой-
ыл, теледидар, шоқпар.
Тарихи сөздер (историзмы):
Архаизмдер (архаизмы):
Жаңа сөздер (неологизмы)
7-тапсырма. Мәтіндегі неологизм сөздерді теріп жазып, олар- дың қалай жасалып тұрғанын айтыңыз. Әлемнің алдыңғы қатарлы 161 мемлекеті мүше болып табы-
латын белді ұйымның аламан бәйгесінде бас қаламыз – Астана
Бүкіләлемдік әмбебап көрме өткізу құрметін жеңіп алды. Батыс
пен Шығыс өркениетін жалғастырған алтын көпір атанған ару
Астананың айтулы эстафетасы, енді Дүниежүзілік көрмелер алаңы
– ЕХРО-2017-ге ұласпақ. Астана ЕХРО-2017-нің басты ұраны –
«Болашақтың энергиясы». Мемлекет басшысы Қазақстанды индус-
трияландыру стратегиясында «жасыл энергия»-ға сара жол ашып
отыр. Астанада ЕХРО-2017-ні өткізу елорданың, жалпы, бүкіл Қа-
зақстанның экономикалық және инфрақұрылымдық дамуына жаңа
серпін беретіндігі сөзсіз. ЕХРО-2017 көрмесін өткізу нәтижесінде