|
Байланысты: Журналистика казак тилКәсіби қазақ тілі
8-тапсырма. Көп нүктенің орнын толтырыңыз және мағына-
сын түсіндіріңіз.
1) Тіл – қылыштан да .................
2) Тіл – достықтың алтын ..............
3) Тіл жүйрік емес, ...............
4) Әке жүрегі таудан .............,
Ана жүрегі теңізден ................
5) Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ...................
6) Ойнап сөйлесең де, ...................
8) Жарқырағанның бәрі ...................
9) Қонақ аз отырып, ...................
10) Жүз сомың болғанша, жүз .....................
11) Ағаш тамырымен, адам ......................
Керекті сөздер:
өткір / алтын емес / досың болсын / досымен мықты / терең /
үлкен / көпірі / көп сынайды / ой жүйрік / ұлтан бол / ойлап сөйле /
9-тапсырма. Сұхбатты толықтырыңыз және орыс тіліне ау-
дарыңыз.
– Сәлем, Айзере!
– Сәлем, Бейбіт!
– Сен өткен сабаққа келмей қалып едің ғой, қандай тақырып өт-
кенімізді білесің бе?
– Жоқ, білмедім. Не өттіңдер?
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..
– Иә, мақал-мәтелдер ата-бабамыздан қалған мұра ғой.
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .?
– Мақал-мәтелдің авторы – халық.
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .?
– Иә, білемін. Тұз – тағамның дәмін келтіреді, мақал – сөздің
сәнін келтіреді.
– Ал, оқу-білім туралы қандай мақал білесің?
– . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
– «Оқусыз – білім жоқ, білімсіз – күнің жоқ» деген мақал да бар.
– «Оқу – инемен құдық қазғандай» деген мақалдың мағынасы
не?
|
|
|