Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет69/249
Дата31.12.2021
өлшемі3,93 Mb.
#22880
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   249
Байланысты:
Журналистика казак тил

Кәсіби қазақ тілі
10-сабақ
ЖУРНАЛИСТІҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ
Журналистің басты міндеті – ең алдымен оқырманға не керек 
екенін білуі тиіс. Оқырман – қоғамда, әлемде не болып жатқа-
нын білгісі келеді. Сіз жаңалықты табыңыз да, ол туралы жан-
жақты мағлұмат беріңіз. Қорытынды жасауды оқырманның өзі-
не қалдырыңыз. Журналист біріншіден, тыңдай білуі керек. Не-
гізгі ақпарат қалтарыста, сөйлеушінің сөз арасында айта салған 
мәліметтерінде жатуы мүмкін. Екіншіден, түрлі құжаттар және
материалдармен  (заңдар,  жарлықтар,  қаулылар,  шешімдер, 
сот-сараптамалық қорытындысы, куәліктер, тергеу немесе зерт-
теу  нәтижелері,  БАҚ  материалдары,  қолжазбалар,  редакцияға 
келген хаттар) жұмыс істей алуы, яғни бәрін де дұрыс пайдалана 
алуы керек. Үшіншіден, өз көрген-білгеніңді әңгімелеу: қақтығыс 
аймағы, спорт жарысы, апат орны, т.б. толып жатқан оқиғалар-
дың ортасында жүрген тілшінің бақылауынан туған мәліметтер. 
Журналист  суреттемені  (картинаны)  оқырманның  көз  алдына 
әкелетін детальдарды ұмытып қалмау үшін диктофонға жазып 
алғаны дұрыс. 
 
Журналистиканың басты қағидаларының бірі – тілдің қа-
рапайымдығы, түсінікті болуы. Журналистика көркем әдебиет 
емес, сондықтан әдемі, сирек кездесетін сөз іздеп қиналмаңыз. 
Оқиғаны  дәл  беретін  күшті  етістіктерді  пайдаланыңыз.  Оқиға 
ортасында жүргенде, өзіңіз қандай әсерде болсаңыз, оқып отыр-
ған адам да сондай күй кешсін.
 
Жақсы материал тез әрі жеңіл оқылады. Сөйлемдеріңіз ұзақ
болмасын. Мүмкіндігінше сөйлемді 7-8 сөзден асырмаған дұрыс.
 
Калькадан, таптаурын сөзден аулақ болыңыз. (Кейде газет
беттерінде «Қалтасы қалың кісілер» т.б. анықтамалар кездесіп 
қалады). 


74


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   249




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет