Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет14/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Мейіржан Әлібекұлы
(cұхбаттан үзінді)
  –  Бірнеше  жыл  Ұлттық  арнаның  жаңа-
лықтар  бөлімінде  тележүргізуші  бол-
дыңыз,  былтырдан  бастап  «Apta.kz» 
бағдарламасын  жүргізіп  келесіз.  Бұл 
бағдарламалардың  жауапкершілігі  өте 
үлкен екені белгілі, басында қор-қыныш, 
сенімсіздік болған шығар?
«Apta.kz»  –  ұлттық  мүдде,  ұлттық 
идея. Өйткені, мемлекеттің саясатын  жү-
зеге  асырып  отырған  Ұлттық  арнадағы 
негізгі  сараптамалық  бағдарлама.  Бас-
шылық  тарапынан  осы  бағдарламаны 
жүргізуге ұсыныс түскенде, әрине, қобалжу болды.
 – Шетелдік арналарды қарасаңыз, эфирде немесе іс-сапар-
ларда жасы қырықтан асқан, ақыл-ойы толысқан журналистер 
жүреді. Ал, біздің елде керісінше, эфирді, іс-сапарды жастарға 
тапсырған. Мағжан Жұмабев айтқандай, жастарға сенгендіктен 
бұл әрекетке барып отырмыз ба?
  –  Расымен,  шетелдік  арналарда  самайын  ақ  шалған,  бетін 
әжім басқан үлкен кісілер жүргізіп жатады. Мен оған қызыға-
мын һәм қолдаймын. Қазақ журналистикасында үлкен аға буын-
дағы  тележурналистер  аз.  Тілеуқабыл  Мыңжасарұлы,  Нұртілеу 
Иманғалиұлы  секілді  бірен-саран  журналистерді  атай  аламыз. 
Дегенмен, жастарға сеніп, көп жауапкершілік артады.
– Журналист болмағанда кім болар едіңіз?
–  Бала  кезімде  журналист  болып,  теледидардан  сөйлесем, 
футболист  болып,  «Қайратта»  ойнасам  деп  армандаушы  едім. 
Бәлкім,  тілші  бола  алмай  қалған  жағдайда,  осы  күні  ұлттық 
құрамада доп теуіп жүруім әбден мүмкін еді. (Күлді).
 –  Қазір эстрада, кино әртістері тележүргізуші болып жүр, ал 
сіз киноға түсіп немесе өзіңізді эстрада сахнасында сынап көр-
гіңіз келмей ме?

224
Жағыпарова Майра
–  Оныңыз  рас,  кейінгі  кезде  телеарналарды,  әсіресе  сазды 
бағдарламаларды  әншілер  шырмап  алды,  ол  шындық.  Олар-
дың ішінде тілдік қоры бар, келбеті келісті, көрерменді ұйыта 
алатындар аз. Мен жеке басым, мәселен, Сәкен Майғазиев си-
яқты ұлтжанды, лағып сөйлемейтін, салмақты азаматтар сазды 
бағдарламаларды жүргізсе құба-құп деп, қолдар едім. Бұлай кез 
келген  хабарды  әншілерге  ұстата  берсе,  болашақта  біз  секілді 
жаңалық жүргізушілер де жұмыссыз қалатын шығар?! (Күлді). 
Ал, өзім киноға да, эстрадаға да ықыласым жоқ.
Туған жылы: 01.08.1984 ж.
Еңбек тәжірибесі: 10 жыл
2005–2007  ж.  «Қазақстан–Атырау»  телеарнасында  редак-
тор-жүргізуші,
2007–2009  ж. «Қазақстан» ҰТА АСБД  Алматы бюросында 
редактор-сараптамашы,
2009  жылдан  бастап,  «Қазақстан»  ҰТА  Астана  дирекция-
сында редактор-жүргізуші, шеф-редактор.
Қызығушылығы: кітап оқу, футбол ойнау, кино көру
Жеке басының қасиеттері: еңбекқор
Жұлдыз жорамал белгісі: арыстан
Сүйікті мезгілі: көктем мен жаз
Адамдардағы  бағалайтын  қасиеті:  еңбекқорлық,  тия-
нақтылық.
Сүйікті тағамы: бөрек
Сүйікті әуені: терме және эстрадалық әндер
Сүйікті  фильмі:  Көзден  жас  ағызар  комедиялық  жанрдағы 
фильмдер.  Сосын  Жан  –  Клод  Ван  Дамм  түскен  фильмдердің 
бәрі.
Сүйікті сусыны: Көже мен қымыз
Жер бетіндегі сүйікті мекені: Батыс Қазақстан өңірі, еркелей 
аққан Жайықтың бойы
Өмірлік ұраны: Жамандық көрсең жасыма, неден болғанын 
ойла:
Жақсылық көрсең тасыма, неден қонғанын ойла!

225
Кәсіби қазақ тілі
Олар Тәуелсіздікті насихаттауға үлес қосты
Тәуелсіздіктің 20 жылы тойланатын кезеңде басылым жур-
налистерінің еңбегі мен кәсіби шеберлігі еленіп, үздіктер легінен 
көрінді.
«Алаш айнасы» газетінің бас редакторы
Серікбек  Жанболат  сәуір  айында  Елбасы
Нұрсұлтан  Назарбаевтың  арнайы  алғыс-
хатымен марапатталды. Мемлекеттік тілді 
дамытуға шын жанашырлық танытып, осы 
бағыттағы  нақты  істерімен  көзге  түскені 
үшін  «Тіл  жанашыры»  құрметті  белгісі 
және ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев-
тың атынан «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне – 20 жыл» 
мерекелік медалімен марапатталған. 
 «Алаш айнасының» фототілшісі 
Нұрғиса  Елеубеков  Тәуелсіздік-
тің 20 жылдық мерейтойына орай 
ұйымдастырылған  «Тәуелсіздік 
тағылымы» атты республикалық 
фотокөрмеге  қатысқаны  және 
еліміздің  фотошежіресіне  үлес 
қосқаны  үшін  дипломмен  мара-
патталды.  Осы  байқауға  белсене 
қатысқаны  үшін  Нұрғисаға  Ал-
маты қаласының әкімдігі де ма-
рапат тағайындады. Фототілші биыл басқа да түрлі республика-
лық байқаулардың жүлдесін жеңіп алды. 
Журналист  Дархан  Бейсенбекұлы  Жазушылар  Одағының 
жас жазушылар бәйгесінде бас жүлдеге лайық деп танылды.

226
Жағыпарова Майра
Қымбат Досжан 
Досжанова  Қымбат  Әбсадыққызы,  «Бармысың,  бауырым!» 
бағдарламасының жүргізушісі. 
Қымбат Досжан Қызылорда қаласында 
туылған. Т.Жүргенев атындағы мемле-
кеттік театр және кино институтының 
«театр» факультетін бітірген. «Хабар» 
агенттігінде 1997 жылдан бері қызмет 
атқарады.  Қазақстан  Республикасы 
Журналистер Одағы сыйлығының лау-
реаты. Кітап оқуды ұнатады, концерт-
тік  бағдарламалардың  сценарийін 
жазуды  ұнатады.  Отбасы  мен  балала-
рының ортасында демалуды қалайды. Еліміздің асқар тауларын, 
жасыл желекті табиғатын, саф таза ауасын сүйеді. 
 Халық әндерін сүйіп тыңдайтын Қымбат Досжан Құрманға-
зының «Сарыарқа», Түркештің «Көңілашар» күйлерін ұнатады. 
Сондай-ақ виолончельмен орындалатын кез келген классикалық 
шығармаларды  сүйіп  тыңдайды.  Адамдардың  бойындағы  жа-
уапкершілікті,  кәсіби  шеберлікті,  ізгілікті  бағалайды.  Жалған 
сөйлейтіндерге  жаны  қас.  Балаларының  дүниеге  келген  сәтін 
өмірдегі жарқын оқиғасы деп санайды. Қымбат Досжан ұлда-
рының арқалы азамат болып, ел игілігіне қызмет ететін тұлға 
болуларын армандайды. 

227
Кәсіби қазақ тілі
Нәзира Бердалы
Нәзира Бердалы тележурналист, ақын. Нәзира Бердалы 1980 
жылы 5 шілдеде Жамбыл облысы Сарыкемер ауылында дүние-
ге  келген.  2001  жылы  ҚазҰУ-ін  бітірген.  Еңбек  жолын  «Қа-
зақстан» ұлттық телеарнасында редактор болып бастаған. «Таң-
шолпан»  шығармалық  бірлестігінің  жетекшісі  болып  қызмет 
еткен. Өлеңдері республикалық мерзімдік басылымдар бетінде, 
бірнеше  ұжымдық  жинақтарда  жарық  көрген.  Тұңғыш  кітабы 
«Жаңбырлы түн» (2001).
(Сұхбаттан үзінді)
– «Нәзира Бердалы» деген ат үшін ақын-
дығыңа  рахмет  айтасың  ба,  әлде  тележүр-
гізушілігіңе ме? Екі өнердің қайсысы таны-
малдылыққа көбірек қызмет етеді?
–  Әрине,  танымалдылық  үшін  тележүр-
гізушілік  көбірек  қызмет  етеді.  Кітапқа 
қарағанда  БАҚ  танымалдылыққа  ие  екенін 
мойындау  керек.  Күн  сайын  экраннан 
көрініп,  халықпен  жүздесіп  тұрғаннан  кейін,  адамдарға  көзта-
ныс болып қаласың. Тележүргізушілік жеңіл танымалдылыққа 
жетелейтін шығар. Кез келген адамды тележургізуші етіп бірне-
ше жыл экраннан сөйлетсе, кәсібилік туралы айтпағанда, мейлі 
жақсы болсын, мейлі жаман болсын, ол танымал болып шығады. 
– Әйел ретінде не нәрсеге қызығасың?
–  Үйде  гүл  өсіргенді  ұнатамын.  Пәтерден  пәтерге  көшіп 
жүрсем  де,  барған  жерімде  гүл  өсіремін.  Мүмкін,  ол  анамнан 
дарыған  қасиет  шығар.  Анам  гүлді  өте  жақсы  көреді.  Еккен 
гүлінің  бәрі  өседі.  Әйел  ретінде  әшекей  бұйымдарды  жақсы 
көремін.  Үш-төрт  қобдишам  бар,  біреуінде  моншақ,  біреуінде 
сырға-сақина, біреуінде білезік дегендей, әшекейлер тұрады. Бұл 
бір жағы, эфирге шыққаннан кейін әр киіміңе таңдап, үйлестіріп 
тағуға тура келгендіктен туған дағды шығар.
– Сенің сөйлеу мәнеріңнен кітаппен дос екенің байқалады...

228
Жағыпарова Майра
– Әрине, қазақтың классик жазушыларын қайталап оқуға ты-
рысамын. Қазір «Абай жолының» 4-томына келдім. Оқымасаң, 
тілің қасаң тартып кетеді, ой да суалады. Эфирмен жұмыс істеп 
жүргендіктен, кітап оқу дегенді мен күнделікті жаттығу сияқты 
қабылдаймын. 
(Айгүл Халық)

229
Кәсіби қазақ тілі
ІІІ БӨЛІМ
Түсіндірме сөздік
Автор – түрлі салаларда шығарма жасаушы тұлға. Әдебиеттегі, 
өнердегі, ғылымдағы т.б. шығармашылық еңбек иесі.
Альманах – әртүрлі авторлардың әдеби шығармалар жинағы. 
Кезең-кезең сайын шығып тұруы мүмкін.
Аннотация – кітап мазмұнына қысқаша түсініктеме жасау.
Аноним – өз есімін жасырушы шығарма авторы. 
Ақпаратты талдау – журналист болған оқиғаны жеріне жеткізе 
талдап, өз сөзімен жазып шығады.
Ақпаратты жанр – күнделікті оқиғаларды жедел де шынайы 
түрде  хабарлап,  жаңалықтар  мен  өзгерістерді  оқырман  қауымға 
қаз-қалпында жеткізуге тырысады. 
Ауызша сөйлеу агрессиясы – лингвистік конфликтологиясын-
дағы ауызша жағымсыз қарым-қатынас формасы. Тікелей біреуге 
бағытталған жағымсыз эмоциялар мен сезімдердің ауызша сөздер-
мен айтылуы.
Бағдарламалар директоры – эфирдің әнмен және бағдарлама-
лармен толықтырылуына жауап беретін адам.
Бас  редактор  (редактор)  –  бұқаралық  ақпарат  құралының 
редакциясын  басқаратын  және  оны  шығару  мен  таратуға,  эфирге 
шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға.
Басылым иесі – бұл газетке қаражатын салған және одан пайда 
табуды қалайтын адам. Ол үшін ол баспагерді жалдайды немесе өзі 
баспагер қызметін атқарады.
Баспагер  –  бұл  басылымның  басқарушысы.  Ол  газеттің  қыз-
метіне, ең бастысы негізгі кірісіне жауап береді. 
Брошюра – шағын көлемдегі шығарма берілген, жұмсақ мұқа-
бамен шығатын жұқа кітап. 
Блог  –  журналист  үшін  өзіндік  «жазу  кітапшасы»  қызметін 
атқарады. Оған ойларыңды, қызықтырған фактілер мен мақалалар-
ды орналастыруға болады. 
Блогер – блогты жүргізетін адам.

230
Жағыпарова Майра
Блогшы – блог жетекшілері. 
Блогосфера – ғаламтордағы барлық блогтар жиынтығы.
Бүркеншік есім (псевдоним) – жазушы, журналистердің бас-
пасөзде  шын  аты-жөнінің  орнына  ойдан  шығарылған  бүркеншік 
есімді пайдалануы.
Вебблог, блог – (ағылш. blog, web log дегеннен, «желі журналы 
не оқиға күнделігі») – үнемі үстелінетін ұзын емес жазбалардан, су-
реттерден, таспалардан тұратын сәттік мәнді мағлұматы бар торап.
Верстка – терілген материалдар гранкілері арқылы типография-
да газет, журнал беттерін дайындау.
График-суретшілер – компьютерлік безендірілуге байланысты 
Америка газеттерінің штатында бірнеше жыл бұрын пайда болған 
мамандық. 
Дәйексөз  –  цитата  (лат.  сіto  –  келтіремін,  шақырамын)  –  түп-
нұсқадан сөзбе-сөз алынған үзінді. Автордың ойын беделді пікір-
лермен тиянақтау үшін, біреудің пікіріне сын айту үшін, құнды де-
рек ретінде пайдалану үшін қолданылады. 
Дезинформация – жалған хабар арқылы жаңылыстыру.
Дискуссия  –  жиналыста  немесе  баспасөзде  әлдебір  мәселені 
қызу талқылау.
Диджей – радиодағы музыкалық бағдарламалар жүргізушісі.
Диджей сөзі (подводка) – диджейдің әндер арасында айтатын 
қысқа да нұсқа мәтіндері.
Дикция – сөзді, тілдегі буындарды түсінікті, нық айту деңгейі.
Директор – редакцияның техникамен қамтамасыз етілуіне, ти-
пографияға және газеттің таралуына жауап береді. 
Журналист – бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жұмыс 
істейтін, арнаулы кәсіби мамандығы бар қызметкер. 
Жүргізуші – ток-шоу, радиодағы тақырыптық бағдарламалар-
дағы «басты тұлға».
Жүйелік редактор – компьютер бағдарламасын жасауға жауап 
береді, қызметкерлерін үйретеді.
Идея – шығармадағы негізгі ой, автор сол арқылы өзінің азамат-
тық ұстанымын білдіреді. Идея материалды меңгеруге негіз болады. 

231
Кәсіби қазақ тілі
Иллюстрация – кітап, газет, журналдар тексіне орай берілетін 
суреттер.
Имидждік ойналым (отбивка) – радионың атауын білдіретін 
қысқа музыкалық ойналым. 
Инвективті лексика – (латын тілінен invectia oratio – балағат 
сөздер) – әдеби және ауызша сөйлеу әдебіне жатпайтын белгілі бір 
сөздер жиынтығы.
Каллиграфия – анық, әдемі жазу өнері.
Композиция  –  шығарманы  байланыстыру,  оның  құрылымы, 
жекелеген бөліктерін құрастыру, сөйтіп біртұтас материал дайын-
дау. 
Контекст – текстің мағына жағынан тиянақты бөлігі.
Комментарий – кітап немесе мәтін туралы қысқаша түсіндірме 
беру.
Конспект  –  лекцияны,  шығарманы,  сөзді  қысқаша  мазмұндап 
жазу.
Корректор – баспасөз материалдарын баспаханада теру кезінде 
кеткен қателерді беттеу (верстка жасау) кезінде беттерден жөндеп, 
түзететін қызметкер. Ол саяси, орфографиялық, стильдік тұрғыдан 
сауатты болуы тиіс. Типографиялық техникадан хабары болуы ке-
рек.
Корректура – баспаханалық терімнен кейін оттискіде байқалған 
кателерді жөндеу.
Корреспондент – бұқаралық ақпарат құралдарының жер-жер-
ден хабар жинап, беріп тұратын тілші қызметкері.
Корреспонденция  –  публицистика  жанры.  Өмірдің  бір  бөл-
шегін  көрсету  арқылы,  фактілерге  талдау  жасап,  баға  беру.  Сая-
си, экономикалық және мәдени өмір объекті етіп алынуы мүмкін. 
Тақырыбы, алынатын жері нақты көрсетіледі. Жалқыдан жалпыны 
түйіндейді.
Көркем-публицистикалық жанр – типтік деректер көпшілікке 
арнап көркем суреттеу әдісімен жазылады.
Қолжазба (рукопись) – кез келген шығарманың, мәтіннің т.б. 
қолжазбасы.

232
Жағыпарова Майра
Қолтаңба (автограф) – біреудің екінші бір адамға қолтаңба жа-
зып беруі.
Летучка  –  редакция  ұжымының  жедел  әрі  қысқаша  өткізетін 
өндірістік жиналысы.
Макет  –  арнаулы  бланкіге  сызықтар  арқылы  түсірілген  газет 
беттерінің дәл жасалынған жоспары. Соның үлгісінде шығатын га-
зет беттері дайындалып безендіріледі.
Мерзiмдi  баспасөз  басылымы  –  тұрақты  атауы,  ағымдағы 
нөмiрi бар және кемiнде үш айда бiр рет шығарылатын газет, жур-
нал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы.
Нөмірге жауапты редактор – тақырып қояды, дайын материал-
дарды бір қарап шығады.
Портрет – нақты бір тұлға туралы сұхбат түріндегі әңгімеде ол 
адамның сыртқы ғана емес, ішкі жан-дүниесіндегі ерекшеліктерге, 
оның өмірбаянына назар аударылады.
Плей-парақ  –  музыкалық  сағат  барысында  ойналатын  әндер 
тізімі. Оны әдетте бағдарлама директоры құрастырады.
Пост – блогқа жазу.
Редактор – мерзімді басылымның жетекшісі, редакция коллек-
тивінің  басшысы.  Газет,  журналдардың  саяси  бағытына,  идеясы 
мен мазмұнына, жалпы оқырмандар үшін тартымды шығуына жа-
уап беретін тұлға. Сонымен бірге тиісті мәселелерді шешіп, ұйым-
дастыру жұмыстарын жүргізуші. 
Редактор-эдиториалист – редакцияда отырып, тілшілер әкел-
ген  материалды  өңдеумен  айналысады.  Тілшілерді  бақылайды. 
Оларға тапсырма береді.
Редакциялық  мақалалар  редакторы  –  қызметі  барлық
газетте  бола  бермейді.  Әдетте  редакциялық  мақаланы  бас  ре-
дактор немесе оның басшылығымен екі-үш журналист дайындай-
ды. 
Репортаж – қайсыбір оқиға туралы журналистің өзі қатысып, 
көзімен  көргенін  жұртқа  сол  күнде  айна-қатесіз  жедел  жеткізуі, 
айтуы, көрсетуі. Оқырманның, не көрерменнің өзі болғандай әсер 
беруі.

233
Кәсіби қазақ тілі
Репортер – болған оқиғалар туралы жергілікті жердегі мәлімет-
тер беретін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Ресми  хабар  –  бұқаралық  ақпарат  құралдары  арқылы
одан  әрi  тарату  мақсатымен  мемлекеттiк  органдар  беретiн  ақпа-
рат.
Ретрансляция  –  техникалық  құралдарды  пайдалануға  қара-
мастан,  басқа  бұқаралық  ақпарат  құралының  теле-  немесе  радио 
бағдарламаларын  (теле-  немесе  радио  хабарларының  жиынтығы) 
қабылдау және бір мезгілде не жазып алып, толық және өзгеріссіз 
тарату.
Реттеуші редактор – бас редакторға тәуелді. Ол ақпарат бөлімі-
не басшылық етіп, өз қызметінде бас редактормен келісіп отырады. 
Реттеуші редактор – ақпарат бөлімінің қожайыны.
Реттеуші редактордың көмекшісі – басшысы болмаған кезде 
оның  жұмысын  түгелдей  өз  мойнына  алады.  Өзге  уақытта  басқа 
жұмыстармен айналысады. Ақпарат бөлімінің жылдық қаржы ба-
лансын дайындайды.
Рецензия – пікір – (көркем шығарма, ғылыми еңбек, спектакль 
т.б. туралы сын, пікір).
Рубрика – газет бетіндегі біріктіріліп берілген материалдарға, 
сондай-ақ  жүйелі  түрде  жарияланып  тұратын  кезеңдік  материал-
дарға тағылатын ортақ айдар.
Тақырып – автор тарапынан ең маңызды деп табылған мәсе-
ленің атауы. Белгілі бір мәселені көтеру.
Талдамалы  жанр  –  оқиғаларды  салыстыра  зерттеу,  деректер 
мен мәліметтерді тарата талдап, солардың төңірегінде ой қорыту, 
бағалау. 
Толеранттық – (латын т. “tolerantia”) шыдамдылық, сабырлық, 
төзімділік.
Түпнұсқа (оригинал) – көшірмеден бөлек, шығарманың негізгі 
түпнұсқасы, типографиялық терімге берілетін материал.
Түсініктеме (комментарий) – жағдай мен жалпы кұбылыстарды, 
оның себебі, сипаты, өзара байланысы т.б. арқылы білуге болатын 
талқылау. 

234
Жағыпарова Майра
Сатиралық жанр – әлеуметтік тұрмыстағы келеңсіз құбылыс-
тар  мен  кертартпа  қылықтарды  юморлық  не  сатиралық  пішіммен 
әшкерелейді, кемшіліктерді жоюға шақырады. 
Саунд-инженер  –  техникаға  және  эфирдің  техникалық  жаб-
дықталуына жауап беретін адам.
Сенсация – қоғамды, жұртты дүрліктірген, шу көтерген әлдебір 
оқиға, хабар.
Сценарий – экранда көрсетілетін телехабарлардың композиция-
лық,  сюжеттік  желісі,  жобасы.  Жүргізушінің  немесе  диктордың 
қысқаша мазмұндалған мәтін жүйесі. Онда берілетін хабардың про-
цесі, реті қалай болатыны айқындалып, көрсетіледі. Соның негізін-
де хабар дайындалып, экранға шығарылады.
Оттиск – терілген беттің типографиядағы алғашқы байқау ба-
сылымы.
Очерк – көркем жанрға жатады, публицистикалық сарында жа-
зылады. Негізінен фактіге құрылады, ойдан шығарылмайды. Оқиға, 
фактілер  зерттеліп,  баяндалады.  Оның  кейіпкерлері  өмірде  бар 
адамдар,  нақты  деректер  баяндалады.  Көбіне  кейіпкерлер  бейнесі 
суреттеліп беріледі.
Памфлет  –  заманға  кереғар,  қоғамдық-саяси  өмірдегі  кейбір 
келеңсіз құбылысты, сондай-ақ әлдебір жеке қайраткерлер туралы 
әшкерелеу,  келемеж  мақсатындағы  актуальды  көркем  публицис-
тикалық сатиралық шығарма.
Парадокс – әдеттегі қалыптасқан жағдайдан бөлек, күтпеген то-
сын пікір, құбылыс.
Парафраза – басқа біреудің мәтінін, ойын өзіндік сөзбен жеткі-
зу, сипаттау.
Персонаж – әдебиет, өнер шығармаларындағы кейіпкерлер.
Полиграфия – баспа өнімдерінің барлық түрін шығаратын өн-
діріс саласы.
Пресса – мерзімді басылымдар, газеттер мен журналдар т.б.
Пресс-конференция – ақпараттық тұрғыда әңгімелесу үшін, сая-
си мәселелерді айту үшін мемлекеттік, саяси, қоғамдық қайраткер-
лердің  баспасөз  өкілдерімен  кездесуі.  Журналистер  сұрақтарына 

235
Кәсіби қазақ тілі
ішкі-сыртқы жағдайлар туралы жауап беру үшін өткізілетін жина-
лыс.
Публикация  –  баспасөзде  жалпыға  арналып  жарияланған  ха-
бар, жазылған материал.
Публицист – қоғамдық-саяси мәселелер туралы қалам тартып 
жүрген журналист, қаламгер.
Публицистика – мерзімді басылымдарда саясат пен қоғамдық 
өмір мәселелерінің жазылып, жариялануы. Журналистика саласы-
ның материалдары.
Пунктуация – тыныс белгілерін дұрыс қолдану туралы ереже.
Фельетон  –  қара  сөзбен  жазылған  публицистикалық  көркем 
жанр.  Сатира  мен  юмор  элементтері  пайдаланылады.  Жазылу 
стилінде образдылық байқалады. Нақты кемшіліктерді сынап, мі-
нейді. Деректерге сүйеніп, анықталған фактілерді арқау етеді. 
Цензура  –  баспасөзде  жарияланатын  шығармаларға  ерекше 
бақылау жасау.
Цитата – ой-тұжырымды, пікірді дәлелдеп, дәйектеу үшін басқа 
біреудің шығармасынан өзгертпестен үзінді сөздер келтіру.
Штамп – әбден жауыр болған, жиі қайталанатын сөздер мен сөз 
тіркестері.
Эссе  –  публицистикалық  сарындағы  очеркке  ұқсас  шығарма. 
Мысалы, ғылыми эссе, тарихи эссе, публицистикалық эссе т.б.
WEB-сайт  –  Қазақстан  Республикасының  жеке  немесе  заңды 
тұлғасының арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың 
көмегімен  дайындалған,  меншік  иесі  жаппай  тарату  мақсатында 
ақпарат беретін электронды өкілдік бет.
Livejournal.com  –  орыс  тілді  блог,  SUP  компаниясы  қызмет 
көрсетеді.  Қазақстандағы  юзерлерінің  (пайдаланушылар)  саны  6 
мыңға жуық.
Liveinternet.ru (ЛиРУ) – LiveJournal.com желісінің ресейлік ба-
ламасы. Немесе оның жасөспірімдерге арналған нұсқасы деуге бо-
лады. Қазақстанда кем дегенде 4000-6000 адам пайдаланады.
Мэйл.Ру блогтары – пошта сервисін пайдаланатындардың бәрі 
пайдалана алады.

236
Жағыпарова Майра
Neweurasia жобасы – бұл Орталық Азия елдерінде блог сала-
сын дамыту жөніндегі үкіметтік емес ұйымның жобасы, WorldPress 
платформасы негізінде құрылған. 
Zonakz.net-тегі  блогтар  –  аталған  сайтқа  тіркелген  пайдала-
нушыларға арнап жақында ғана ашылған; онда сілтемелермен бірге 
мәтіндік хабарламалар беріледі, оған қатысты жазылған пікірлерді 
сайт  әкімшілері  алдын  ала  тексеріп,  іріктеп  отырады;  пайдала-
нушылар саны күн санап артып келеді.

237
Кәсіби қазақ тілі
Сөздік
А
ағымдағы нөмір – текущий номер
адал ас – неоскверненная еда
адал еңбек – честный труд
адал жолмен – честным путем
адал сөз – искреннее слово
адал ниетпен – с честным намерением
адал ниетті – добросовестный
адал дос – верный друг
адал жүректен – от чистого сердца
адамгершілік қасиет – человеческое достоинство
азаматтық журналистика – гражданская журналистика
азаматтық ұстаным – гражданское позиция
айдар – рубрика
айтушы – говорящий
ақпарат көздері – источники информаций 
ақиқат – правда
ақылды – умный
ақылшы – советник
ақыл-ой – разум
ақыл жетпейтін – уму непостижимый
ақыл сұрау – просить совет
ақыл тоқтату – одуматься
ақылға салу – обдумать
ақылын алу – слушаться
ақылы жоқ – глупый
ақымақ – глупый, дурак
ақын – поэт
алаңсыз – беззаботно; беспечно
алғашқы редакторы – первые редакторы
алғыс айту – выражать благодарность
алғыс жаудыру – без конца благодарить
алғырлық – хваткость
алдын ала – заранее
алмасу – обменяться
алтын қор – золотой фонд
аңыз – легенда

238
Жағыпарова Майра
апат – авария, крушение
апат орны – аварийное место 
апталық – еженедельник
апта сайын – еженедельно
арандатушы – провакатор
арнайы – специальный 
арнайы уақыт бөлу – специально уделять время
арнау – посвящение
арнаулы тілші – специальный корреспондент
арзан – дешевый
арзан қол – низкого качества
арзан мақала – легковесная статья
ардақты есім – почетное имя 
ардақты дос – дорогой друг
аса ауқымды – широкомасштабная
аспан әлемі – вселенная
аспаннан түскендей – как с неба свалился
атақ беру – присвоить звание
аталу – называться
атқару – выполнять
аттану – отправляться
ат тағу – дать прозвище
аты шығу – прославиться
атом қуаты – атомная энергия
аудармашы – переводчик
аумақ – территория
ауыз әдебиеті – устная литература
ауызекі тіл – устная речь
ауыз бекіту – держать мусульманский пост
ашық аспан – ясное небо
ашық сөйлесу – говорить по душам

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет