Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Майра Жағыпарова
Астана, 2015
КƏСІБИ  ҚАЗАҚ ТІЛІ 
ЖОО орыс тілінде оқитын «Журналистика» 
мамандығына арналған оқу құралы

УДК 811.512.122. (075.8)
ББК 81.2 Қаз я 73
Ж 15
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі 
Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
тапсырысы бойынша «Қазақстан Республикасында 
тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға 
арналған бағдарламасы» аясында шығарылды
Пікір жазғандар:
Ж.Т.Дәулетбекова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Г.З. Мұсабекова, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент
Жағыпарова М.М. 
Ж  15      Кәсіби  қазақ  тілі.  ЖОО  орыс  тілінде  оқитын  «Журналистика» 
мамандығына  арналған  оқу  құралы.  Астана:  Ш.Шаяхметов  атындағы 
тілдерді  дамытудың  республикалық  үйлестіру-әдістемелік  орталығы, 
2015, –264 бет.
 
ISBN 978-601-7504-14-4
     
Оқу құралы ЖОО орыс тілінде оқитын «Журналистика» мамандығы- 
ның  қазақ  тілін  орташа  және  жоғары  деңгейде  меңгерген  үйренуші 
топтарына арналған.
УДК 811.512.122. (075.8)
ББК 81.2 Қаз я 73
ISBN 978-601-7504-14-4
© Жағыпарова М.М., 2015
© Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді
  дамытудың республикалық үйлестіру-
  әдістемелік орталығы, 2015

3
Кәсіби қазақ тілі
АЛҒЫ СӨЗ
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 18 қаңтардағы 
Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға 
қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайы-
зға дейін жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды 
құрауы тиіс... Ол үшін бәрін жасап жатырмыз», – деп атап көр-
сетіп,  мемлекеттік  тілді  оқып-үйрену  міндетін  айқындап  берген 
еді. Осы тұрғыдан, қазақ тілін қазақ тілді емес отандастарымыз-
дың меңгеруіне елімізде жан-жақты жағдайлар жасалуда.
Студенттердің  күнделікті  қарым-қатынаста  және  болашақта 
қызмет барысында кәсіпке байланысты қазақ тілін еркін қолда-
нуға дайын болуы үшін барлық жоғары оқу орындарында кәсіби 
қазақ тілі пәні оқытылады. «Журналистика» мамандығының сту-
денттеріне  кәсіби  қазақ  тілін  оқытудағы  ұстанған  басты  мақсат
– қазақ тілінде сөйлеу, жазу, баяндауды мамандықтарына қатыс-
ты жетілдіріп, лексикасын байыта отырып, өз елінің тарихи құн-
дылықтары – тілі мен тарихына, мәдениетіне құрметпен қарап, ға-
ламдану үдерісінде мемлекетіміздің жедел дамуына үлес қосатын 
адам капиталын даярлау барысында мемлекеттік тілді меңгерген 
мамандар қатарын көптеп қалыптастыру.
Оқу  құралы  типтік  бағдарламаның  мазмұнына  сәйкес-
тендіріліп,  журналистика  мамандығына  қатысты  арнайы  екін-
ші тілді оқытудағы әлемдік білім кеңістігі тәжірибесіне бағдар-
ландырылып,  коммуникативтік-кәсіптік  біліктілік  қалыптасты-
руды көздейді. Әр мәтін студенттің қазақ тіліндегі сөздік қорын 
молайтып,  олардың  таным-түсінігін  кеңейтеді.  Мәтіннің  мазмұ-
ны  негізінде  сұрақтар,  тапсырмалар,  аударма  жұмыстары  және 
жағдаяттар  берілді.  Оқулықта  пайдаланылған  мәтіндер  «Қазақ 
журналистерінің тәжірибесінен» атты тәжірибелік нұсқаулықтан, 

4
Жағыпарова Майра
республикалық БАҚ материалдарынан ықшамдалып алынды. Оқу 
құралының  соңында  мамандыққа  қатысты  глоссарий  мен  түсін-
дірме  сөздік  берілді.  Оқу  құралы  жоғары  оқу  орындарындағы 
журналистика мамандығының ор ыс тілді студенттеріне арналған.
Автор.

5
Кәсіби қазақ тілі
І БӨЛІМ
1-сабақ
ЖАҺАНДАНУ
Жаһандану ұғымы XX ғасырдың 80-жылдары АҚШ-та қолда-
ныла бастады. Алғашқыда «Шекарасыз әлем», «Біртұтас әлем», 
«Біртұтас экономика» деген атаулармен түсіндірілді. Жаһандану 
(латын  тілінде  «globus»  –  шар)  қазіргі  әлемнің  барлық  салала-
рының өзара қатынастарын қамтиды. «Жаһандану» (орыс тілін-
де  «глобализация»,  ағылшын  тілінде  «globalization»)  терминін 
алғаш рет 1983 жылы американдық экономис Т.Левитт «Harward 
Business Review» журналында ұсынған болатын. Терминді енгіз-
генге дейін жаһанданудың көптеген аспектілерін ХХ ғасырдың ор-
тасында Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер т.б. ғалымдар 
зерттеген. Жаһандану дегеніміз халықаралық қатынастарды бір-
келкілендіру, яғни бір-бірімен тығыз экономикалық, ғылыми-тех-
никалық,  әлеуметтік,  саяси,  мәдени  т.б.  байланыстағы  біртұтас 
адамзат қауымдастығының қалыптасуы. Бүгінде кез келген мем-
лекет  оқшау  өмір  сүре  алмайды.  Олар  әлемдік  қауымдастықта
дамиды. Бұл – жаһанданудың нәтижесі.
Жаһанданудың басты мақсаты – дамудың біркелкілігіне жету. 
Жаһандануда технология дамыды, модернизация құлаш жайды, 
ақпараттық кеңістік кеңейді. 
Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:
– “менталдық” немесе мәдени жаһандану; 
– экономикалық жаһандану; 
– аумақтық жаһандану;
– ақпараттық-коммуникациялық жаһандану;
– этникалық жаһандану.

6
Жағыпарова Майра
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
жаһандану –
глобализация
ұғым –
понятие
алғашқыда – 
в начале; в первый раз
біртұтас экономика –
единая экономика
шекарасыз əлем –
безграничный мир
біртұтас əлем –
единый мир
терминнің пайда болуы –
появление термина
өзара қатынас –
взаимоотношение
дамыды –
развивался
ақпараттық кеңістік –
информационное пространство
біркелкілендіру –
здесь: урегулирование
əлеуметтік –
общественный, социальный
қалыптасу –
формироваться
əлемдік қауымдастық –
мировое сообщество
дамудың біркелкілігіне жету –
здесь: достижение cтабильности 
развития 
негізгі құрамдас бөліктері –
основные составные части
мəдени жаһандану –
культурная глобализация
экономикалық жаһандану –
экономическая глобализация
ақпараттық-коммуникациялық 
жаһандану
информационно-коммуникативная 
глобализация
этникалық жаһандану
этническая глобализация
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Жаһандану ұғымы қашан, қайда қолданыла бастады?
2. Алғашқыда қандай атаулармен түсіндірілді?
3. Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер кімдер?
4. Жаһандану дегеніміз не?
5. Жаһанданудың басты мақсаты не?
6. Жаһанданудың қандай негізгі құрамдас бөліктері бар?
7. Жаһандану біздің елде қалай жүріп жатыр?

7
Кәсіби қазақ тілі
2-тапсырма. Төменде берілген сөздікті пайдалана отырып, қа-
зақ тіліне аударыңыз.
Глобализация – сложное, многоплановое, многоуровневое яв-
ление,  затрагивающее политику, экономику, науку, технологию, 
идеологию и культуру, оказывающее влияние на развитие всего
мирового сообщества и каждого человека в отдельности. Изуче-
нием глобализации занимаются политологи, социологи, эконо-
мисты,  историки,  философы,  культурологи,  но  до  настоящего 
времени не сформулировано ее общепринятое определение.
Термин глобализация впервые появился в научной литерату-
ре в 1983 г. Его использовал американский экономист Т.Левитт 
в статье, опубликованной в «Harward Business Review» (Гарвард 
бизнес ревю). 
Термин глобализация (global – шар; охватывающий весь зем-
ной шар; всемирный) оказался весьма удобным для определения 
процессов, происходивших в мировом хозяйстве в конце XX в.
 
сложное – күрделі
многоплановое – көпжоспарлы
многоуровневое явление  – көпдеңгейлі құбылыс
затрагивающее политику – саясатты қозғайтын,
оказывающее влияние – ықпал көрсетуші
развитие всего мирового сообщества – бүкіл әлемдік
қауымдастықтың дамуына 
каждого человека в отдельности – әрбір адамға жекелей
до настоящего времени – осы уақытқа дейін
не сформулировано ее общепринятое определение – оның 
жалпылай қабылданған анықтамасы қалыптаспаған
впервые – алғаш рет
опубликованной – жариялаған

8
Жағыпарова Майра
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөй-
лемді толықтырыңыз және орыс тіліне аударыңыз.
1) Жаһандану мәселесі өз мемлекетіміздің ................, Қазақстан 
халқының  ................,  көпғасырлық  дәстүрге,  халық  даналығына 
әсер етуде. 
2)  Мемлекет  басшысы  жаһандану  үрдісінде  жастар  ................ 
ерекше көңіл бөлуде. 
3) XXI  ғасыр жаңару кезеңі, жастар қоғамды, экономиканы да-
мытушы, ................. деп айтқан болатын. 
4)  Тарихпен  дәлелденген  мәселе  ретінде  –  жастар  кез  келген 
................. болашағы. 
5) Әлемдік ................ процесі жастардан ............... пен біліктілік-
ті, ................ пен парасаттылықты талап етеді. 
6) Жастар саясаты – ................ болашақ кепілі. 
Керекті сөздер: 
өркениетке ену / қозғаушы күш / тәуелсіздігіне / жарқын / саяса-
тына / мәдениетіне / ақылдылық / мемлекеттің / іскерлік 
4-тапсырма. Орыс тіліне аударыңыз.
(АСТАНА. 25 сәуір, 2015 ж.)
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 
XI Еуразия медиа-форумында сөйлеген сөзінен үзінді  
ХХI ғасырда медиа саласының маңызы күрт артып келеді. Ме-
диа саласы қоршаған әлемде болып жатқан оқиғаларды таратушы 
болып  қана  қоймай,  көп  жағдайда  оның  жекелеген  елдерде  және 
тұтас  әлемде  қалай  өрістеп  отырғанын  айқындайтын  жетекшілік 
негізі бар күшке айналып отыр.
Жаппай онлайн-журналистика – БАҚ дамуының жаңа кезеңі. Ол 
БАҚ-ты дамытуға шексіз мүмкіндік береді...
...Алдағы  онжылдықтарда  газеттер  мен  баспа  ісі  жойыла  қой-
майды. Киноның пайда болуымен театр, телевидениенің пайда бо-
луымен кино мен радио, интернеттің пайда болуымен радио мен те-
левидение жойылып кеткен жоқ қой.
Ақпараттық сала – қазіргі заманғы мәдениеттің жаһандық және 
нақты ұлттық өлшеміндегі бөлінбес бөлшегі.

9
Кәсіби қазақ тілі
5-тапсырма.  Мәнерлеп  оқып,  мазмұнын  айтыңыз.  Төменде 
берілген сөздікті пайдаланып орыс тіліне аударыңыз.
 
Отаншылдықты қалай түсінесіз?
Швецияда патриотизм деген сабақ бар. Оқушының алдына 
сіріңке қояды. «Сіріңке деген не?» дейді. Ал ол сіріңкенің Шве-
цияға не қатысы бар? Қатысы тікелей. Шырпыға күкірт жағудың
технологиясын ең бірінші жасаған – шведтер. Демек, «дүние-
жүзіне от жағуды үйреткен біз» дейді. Содан кейін сүт, айранды 
алады. Оның не қатысы бар? Сүт құйған пакетті жасаған тағы 
да шведтер. Біз күн сайын алпыс теңгеге сүт сатып аламыз. Ал 
миллионнан 0,6 тиыны Швецияға кетіп жатыр. Сіріңке мен сүт-
ті пайдаланбайтын адам жоқ. Таксидің есеп айырғышын ойлап 
тапқан шведтер. Міне, Швеция жас өркендеріне отаншылдық 
сезімді, отаншылдықты осындай жолмен сіңіртеді. «Е-е, ақыл-
мен  де  өмір  сүруге  болады  екен  ғой.  Қарапайым  нәрсемен  де 
бай болуға болады екен ғой» деп ойлайды әлгі бала. Германия 
мен Франция да солай. 
 (А.Жұмаділдаев. «Жас алаш», 22.01.2002).
Мәтінге сөздік:
тікелей қатысы – прямое отношение
от жағу – разжечь огонь
есеп айырғыш – счетчик
ойлап тапқан – придумал, изобрел
жас өркендеріне – молодому поколению
сіңіреді – впитывают
отаншылдық сезім – чувство патриотизма
қарапайым нәрсе – простая вещь

10
Жағыпарова Майра
6-тапсырма. Пікір білдіріңіз.
Маңызды деректер:
–  Жаһандану дегеніміз – экономика мен бүкіл әлемдегі қоғамдар 
өзара байланыста болатын процесс.
–  Жаһанданудың  басталуына  көлік,  коммуникация,  техноло-
гия, сауда-саттық пен бұқаралық ақпарат құралдары сияқты көпте-
ген факторлар түрткі болды.
–  Жаһанданудың  артықшылықтары:  жаңа  жұмыс  орындары 
мен Бангалор сияқты қалалардың дамуы.
–  Жаһанданудың кемшіліктері: шетелдік инвестицияларды тар-
ту мақсатында арзан әрі әділетсіз еңбек шарттарының, яғни жұмыс-
керлері өте ауыр жағдайда жұмыс істейтін мекемелердің көбеюі.
Үндестік заңы 
(Закон сингармонизма)
Түбір мен қосымшаның және сөз аралығындағы дыбыстардың 
бір-біріне  ықпал  жасап,  өзара  үйлесіп  айтылуын  үндестік  заңы 
деп атаймыз. 
Үндестік  заңы  –  екі  түрлі  болады:  буын  үндестігі  (гармония 
слогов) және дыбыс үндестігі (гармония звуков).
Буын үндестігі – түбір сөздің соңғы буынының жуан не жіңіш-
ке болуына қарай қосымшаның да жуан не жіңішке түрде жалға-
нуы. 
Қазақ тілінде сөздер не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке дауыс-
тылар болып келеді (В казахском языке слова произносятся либо 
твердо, либо мягко в зависимости от гласных). Мысалы:
а) Твердое произношение: аудармашыларға, жазушыларға.
ә) Мягкое произношение: елшілерге, тілшілерге, әншілерге.
Түбір  сөздің  соңғы  буыны  жуан  дауысты  болса,  онда  оған 
жалғанатын қосымша да жуан дауысты болады, егер жіңішке бол-
са, онда жіңішке дауысты қосымша жалғанады (Если последний 
слог слова имеет твердый гласный звук, то к нему присоединяется
окончание  с  твердыми  гласными,  а  если  мягкий,  то  с  мягкими 
гласными).  Мысалы:  газет+тер,  кітап+тар,  журнал+дар,  дәп-
тер+лер, мереке+лер. 

11
Кәсіби қазақ тілі
Бұлардан басқа есте мықты ұстап, сөзді қатесіз, өз үйлесімімен 
айту үшін қолданылатын сингармонизм заңы бар. Мәселен, сөздің 
басында еріннің қатысуымен айтылатын о, ө, ұ, ү ерін дауыстыла-
ры  келсе,  олардан  кейін  келетін  езулік  дауыстыларға  жақындап 
айтылады,  бірақ  ол  жазуда  сақталмайды.  Мысалы:  құрылым  – 
(айтуда)  құрұлым;  ұйым  –  (айтуда)  ұйұм,  бүкіләлемдік  –  (айтуда) 
бүкүләлемдік. ы дыбысы айтуда ұ-ға жақындап айтылады; ал е → 
ө-ге, і  ү-ге жуықтап айтылады. Жазуда бұларды ескермейміз, ал 
айтқанда үндес етіп айту керек. 
Қазақ  тілінде  буын  үндестігіне  бағынбайтын  қосымшалар  да 
кездеседі. Олар:
1. Кірме сөздер 
мен терминдер 
кітап (книга), мұғалім (учитель), қазір (сейчас), 
әуежай  (аэропорт),  бірақ  (только),  әнұран 
(гимн),  елтаңба  (герб),  төлқұжат  (паспорт), 
әпсана  (миф),  редактор,  газет,  компьютер, 
телефон, парламент, сенат, депутат, т.б. 
2. Сөз тудырушы 
кірме жұрнақтар 
-гер
мұрагер  (наследник),  заңгер  (юрист), 
саудагер (торговец)
-кер
қайраткер (деятель), үміткер (канди-
дат, претендент), іскер (деловой)
-қор
сыбайлас жемқор (коррупционер), 
үнемқор (бережливый)
-хана
шеберхана (мастерская), емхана (по-
ликлиника), дәріхана (аптека)
-гөй
ақылгөй (умник)
-қой
сәнқой  (модник/ца),  арызқой  (жалоб-
щик)
-күнем
маскүнем (пьяница), пайдакүнем (ко-
рыстолюбивый), 
-паз
өнерпаз (умелец, умелый, искусный)
3.Кірме префикс  бей 
(би)
бейресми  (неофициально),  бейшара 
(бедняга),  бейтарап  (нейтральный), 
бейтаныс  (незнакомый),  беймаза  (на-
зойливый)

12
Жағыпарова Майра
4.Фамилияға 
жалғанатын
қосымшалар 
-ов(а)
Серіков, Серікбаев(а)
-ев(а)
Мақатаев, Жақаев(а)
-ин(а)
Майлин, Бегалин, Хамзин(а),
Оразалин(а)
5.Көмектес 
септігінің 
жалғаулары 
-мен
заңнамамен (с юриспруденцией, 
с законодательством)
-бен
рәмізбен (с символом)
-пен
құрметпен (с уважением)
6.Тəуелді түрдегі 
жұрнақтар 
-дікі
Айжандікі, Жандікі
-нікі
Мәликанікі, Майранікі
-тікі
Асхаттікі, Мақсаттікі
Дыбыс үндестігі (ассимиляция) – түбір мен қосымшаның жігін-
дегі, сөз бен сөздің арасындағы дауысты және дауыссыз дыбыстар-
дың  көршілес  дауыссыз  дыбыстарға  ілгерінді-кейінді  ықпал  етіп 
өзгертуін дыбыс үндестігі (ассимиляция) дейді.
Қазақ  тілінде  дыбыс  үндестігінің  үш  түрі  бар:  ілгерінді  (про-
грессивті) ықпал, кейінді (регрессивті) ықпал және тоғыспалы (пе-
рекрестное) ықпал.
Ілгерінді ықпал (Прогрессивная ассимиляция)
 Сөз ішінде немесе сөздер аралығында алғашқы дыбыстың өзі-
нен кейінгі дыбысқа әсерін тигізіп тұруын ілгерінді ықпал дейміз.
 а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты, үнді немесе ұяң дауыссыз ды-
быстардың бірі болса, дауыссыздан басталатын қосымшаның бірін-
ші дыбысы не үнді, не ұяң болады. Мысалы: қала-лық (городской), 
күз-дік (осенний), қоғам-да (в обществе).
 ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң болса не сөз б, в, г, д дыбыста-
рының біріне аяқталса, оған қатаң дыбыстан басталатын қосымша 
жалғанады. Мысалы: Волгоград+та (в Волгограде), клуб+та (в клу-
бе), Асанов+қа (Асанову).
 б) Біріккен сөздердің, сөз тіркесінің алғашқы сыңары қатаң бо-
лып, соңғы сыңары ұяңнан басталса, айтқанда ол қатаңға айнала-
ды, бірақ жазғанда түбірі сақталады. Мысалы:
Айтылуы: Талдығорған, Ботагөз, Тыныспек, тас пер.

13
Кәсіби қазақ тілі
Жазылуы: Талдықорған, Ботакөз, Тынысбек, тас бер.
в)  Біріккен  сөздердің,  сөз  тіркесінің  алғашқы  сыңары  дауыс-
тыға, я үндіге, я ұяңға аяқталып, екінші сыңары қатаң дыбыстан 
басталса, айтылуда қатаң дыбыс ұяңданып естіледі, бірақ жазғанда 
түбірі сақталады. Мысалы:
Айтылуы: Жаңағорған, кім гелді?
Жазылуы: Жаңақорған, кім келді?
Кейінді ықпал (Регрессивная ассимиляция)
 Сөз ішінде немесе сөздер аралығында кейінгі дыбыстың өзінен 
бұрынғы дыбысқа әсер етіп өзгертуін кейінді ықпал дейміз.
 Сөздің соңғы дыбысы қатаң к, қ, п болып, жалғанатын қосым-
ша дауыстыдан басталса, олар ұяңға (п-б, к-г, қ-ғ болып) айналады, 
кейде п дыбысы у-ға айналады. 
Мысалы:  күнделік  (дневник)  +  і  =  күнделігі  (его/ее  дневник), 
сұрақ  (вопрос)  +  ы  =  сұрағы  (его/ее  вопрос),  топ  (группа)  +  ы  = 
тобы (их группа).
Тоғыспалы ықпал (Перекрестное влияние)
  Сөз  тіркестерінің,  біріккен  сөз  сыңарларының  аралығындағы 
көршілес дыбыстардың бір-біріне қатар ілгерінді де, кейінді де әсер 
етіп, екеуінің де басқа дыбысқа ауысуын тоғыспалы ықпал дейміз. 
Бірақ жазуда бұл дыбыстық өзгеріс ескерілмейді. Мысалы: 
Айтылуы: Дошшан, Жаңғожа, Жаңғара.
Жазылуы: Досжан, Жанқожа, Жанқара.
7-тапсырма.  Төменде  берілген  сөздерді  қатыстырып,  сөйлем 
құрастырыңыз.
Жаһандану, өркениет, республика, президент, жастар, бәсекелес-
тік, келешек, білім, білік, журналист, тілші, мемлекет. 
8-тапсырма.  Төмендегі  сөздерге  -ы,-і  тәуелдік  жалғауларын 
жалғап, өзгеру себептерін түсіндіріңіз. 
Мамандық, талап, тақырып, байлық, денсаулық, ынтымақ, бір-
лік, достық, болашақ, көлік, куәлік, бостандық, еркіндік, мүмкіндік, 
игілік, парақ, сұрақ, талап, айып.

14
Жағыпарова Майра
9-тапсырма.  Төменгі  сөздердің  жуан,  жіңішкелігін  анықтап, 
қосымша жалғаңыз. 
Журналист, турист, ақпарат, баспасөз, маман, мемлекет, бәсеке, 
аудармашы, саясат, құбылыс, жекеменшік, сенім, мінез, оқырман, 
кілем, компьютер, техника, бағдарлама.
10-тапсырма.  Жақшаның  ішінен  үндестік  заңын  пайдаланып, 
сұраулы демеулікті таңдаңыз.
1. Сіз журналистсіз (ма/ме, ба/бе, па/пе)? 
2. Тілші жігітті танисың (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
3. Алматыда газет редакциялары көп (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
4. Журналистика факультеті ұнады (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
5. Меруерт мақаланы дайындады (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
6. Мақала жазу оңай (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
8. Кітапхана қоры бай (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
9. Танымал журналистер көп (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
10. Бүгін редакция жұмыс істейді (ма/ме, ба/бе, па/пе)?
11. Олар телевидениеде жұмыс істейді (ма/ме, ба/бе, па/пе)?

15
Кәсіби қазақ тілі
2-сабақ
 
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» ИДЕЯСЫ және
ЖУРНАЛИСТЕР МІНДЕТІ
«Қазақстан  2050»  даму  стратегиясы  алғаш  рет  2012  жылы 
14  желтоқсанда  Елбасының  республика  халқына  арнаған  «Қа-
зақстан-2050»:  «Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамына  қарай  20  қа-
дам» Жолдауында жарияланды. 
Ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев:  –  «Біздің  басты  мақсатымыз 
–  2050  жылға  қарай  Жалпыға  Ортақ  Еңбек  Қоғамын  құру.  Қа-
зақстан  ХХІ  ғасырдың  ортасына  қарай  әлемнің  ең  дамыған  30 
елінің қатарында болуға тиіс. Дамушы елдер арасында осы клуб-
тағы  орынға  бәсекелестік  қатал  болмақ.  Күн  астындағы  орын 
тек  ең  мықтыларға  арналғанын  нақты  сезіне  отырып,  ұлтымыз 
жаһандық  экономикалық тайталасқа дайын болуға  тиіс», – деп 
атап  көрсетті.  Жолдауда  Қазақстанның  даму  жолы  белгіленіп, 
ұзақ мерзімді нақты мақсаттары айқындалып, оларға жан-жақты 
талдаулар жасалған.
Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаев
2014  жылдың  17  қаңтарында  Қазақстан  халқына  арнаған  «Қа-
зақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты 
Жолдауын жария етті. Бұл Жолдауда еліміздің 2050 жылға дейін-
гі даму басымдықтары нақтыланды. Қазақстан Республикасының 
Президенті «Мәңгілік ел» идеясын ұсынды.
«Мәңгілік Ел» идеясын уақыт сынынан өткен Тәуелсіздік құн-
дылықтар құрайды. Олар: 
Біріншіден, бұл – Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астанасы. 
Екіншіден, бұл – қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік 
пен келісім. 
Үшіншіден, бұл – зайырлы қоғам және жоғары руханият. 
Төртіншіден,  бұл  –  индустрияландыру  мен  инновацияларға
негізделген экономикалық өсім.

16
Жағыпарова Майра
Бесіншіден, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. 
Жетіншіден,  бұл  –  еліміздің  қауіпсіздігі  және  бүкіләлемдік, 
өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
Осы  қиындықтар  арқасында  біз  әрдайым  жеңіске  жеттік, 
елімізді  нығайттық,  ұлы  жетістіктерімізді  еселедік.  Бұл  құн-
дылықтар – «Мәңгілік Ел» идеясының тұжырымдамалық мазмұ-
ны.  Қазақстандықтар  осы  тұжырымдамамен  қаруланып,  «Мәң-
гілік Ел» дамуын жүзеге асыратын болады.
Елбасы: «Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін – Тіл бірлігі, Дін бір-
лігі, Ұлт бірлігі, Азаматтық бір мақсат, бір мүдде деген басты 
төрт факторды қамтамасыз етуіміз керек», – деп атап көрсетті.
 Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
Жолдау –
Послание
Елбасы –


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет