Астана, 2015 КƏсіби қазақ тілі



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата30.01.2017
өлшемі3,93 Mb.
#3014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
глава государства
жарияланды –
опубликовано
гүлдендіру –
процветание
тыныштығын қорғау –
здесь: беречь мир
ұзақ мерзімді –
долгосрочный
нақты мақсаттар –
конкретные цели
Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамын құру –
создать  Общество  Всеобщего 
Труда
дамушы елдер арасында –
среди развивающихся стран
бəсекелестік –
конкуренция
қатаң, қатайтылған –
ожесточенной
жаһандық экономикалық 
тайталасқа –
глобальному 
экономическому 
противоборству
күн астындағы орын –
место под солнце
мəңгілік –
вечность
насихаттау –
пропагандировать, освещать
мүдде –
интерес

17
Кәсіби қазақ тілі
басымдық –
приоритетность
құндылықтар –
ценности
қауіпсіздік – 
безопасность
өсім –
здесь: развития
өңірлік –
региональное
тұжырымдама –
концепция
тұжырымдамалық – 
концептуальное
бір мақсат, бір мүдде, бір 
болашақ –
одна  цель,  один  интерес,  одно 
будущее
даму басымдықтары –
приоритеты развития
Мəңгілік ел –
Вечный народ
уақыт сынынан өткен –
выдержавшие испытание 
временем 
Біріншіден, бұл – 
Қазақстанның Тəуелсіздігі 
жəне Астанасы –
Во-первых, это Независимость 
Казахстана и Астана
Екіншіден, бұл – қоғамымыз-
дағы ұлттық бірлік, 
бейбітшілік пен келісім –
Во-вторых, национальное 
единство, мир и согласие в нашем 
обществе
Үшіншіден, бұл – зайырлы 
қоғам жəне жоғары 
руханият –
В-третьих, это светское общество 
и высокая духовность
Төртіншіден, бұл – 
индустрияландыру мен 
инновацияларға негізделген 
экономикалық өсім – 
В-четвертых, экономический рост 
на основе индустриализации и 
инноваций
Бесіншіден, бұл – Жалпыға 
Ортақ Еңбек Қоғамы –
В-пятых, это Общество 
Всеобщего Труда
Алтыншыдан, бұл – 
тарихтың, мəдениет пен 
тілдің ортақтығы –
В-шестых, общность истории, 
культуры и языка

18
Жағыпарова Майра
Жетіншіден, бұл – еліміздің 
қауіпсіздігі жəне бүкіл-
əлемдік, өңірлік мəселелерді 
шешуге жаһандық тұрғыдан 
қатысуы –
В-седьмых, это национальная 
безопасность и глобальное 
участие нашей страны в решении 
общемировых и региональных 
проблем
Осы қиындықтар арқасында 
біз əрдайым жеңіске 
жеттік –
благодаря этим ценностям мы 
всегда побеждали
елімізді нығайттық –
укрепляли нашу страну
ұлы жетістіктерімізді 
еселедік –
множили наши великие успехи
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1.«Қазақстан 2050» жолдауы қашан жарияланды?
2. Бағдарламаның басты мақсаты қандай?
3. Елбасының 2014 жылы 17 қаңтарда халыққа жолдаған Жол-
дауының тақырыбы қалай аталады?
4.  ҚР  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  2014  жылы  17  қаңтардағы 
Жолдауында  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  ұсынды.  Онда  қандай  құн-
дылықтар айтылған?
5. Елбасы «Еліміз «Мәңгілік Ел» болу үшін керек қандай басты 
төрт факторды атап өтті?
2-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  орыс  тіліне  ауда-
рыңыз.
Стратегия-2030  қабылданғаннан  бері  15  жыл  ішінде  мемле-
кетіміз  әлемдегі  ең  серпінді  дамушы  елдер  бестігіне  енді.  «2050 
жыл бұл тек жай ғана символикалық дата емес. Бұл бүкіл әлем бет-
бұрған нақты меже. Мәселен БҰҰ-да 2050 жылға дейінгі ғаламдық 
өркениеттің  дамуына  қатысты  болжам  әзірленген.  Дүниежүзілік 
азық-түлік ұйымы да 2050 жылға дейінгі бағдарламасын әзірледі. 
Қазір көптеген елдер осындай ұзақ мерзімді стратегияларын әзірлеу 
үстінде». «Біздің ең басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің 
ең дамыған 30 елінің қатарына кіру. Бізде ол үшін мүмкіншілік те, 
ресурс та, білімді адамдар да, берекелі ұлт та бар», – деді Н.Назар-
баев.

19
Кәсіби қазақ тілі
Сөздің тура және ауыспалы мағынасы
(Прямое и переносное значения слов)
Сөз мағынасы өзгеріп, дамып, кеңейіп отыратын өте күрделі құ-
былыс. Сөздің тура және ауыспалы мағынасы болады. Сөздің затты 
немесе құбылысты атап білдіретін мағынасы тура мағынасы деп 
аталады. Тура мағына әр заттың өзіне ғана тән жеке мағынасы бо-
лып  табылады.  Мысалы,  аспан,  жер,  жел,  орман,  бұлт  дегендер 
заттарды атаса, биік, жылы, жақсы дегендер сапаны, ал бару, салу, 
оқу дегендер қимылды атайды.
Сөздің  ауыспалы  мағынасы  бір  заттың  негізгі  атауыш  мағы-
насын  екінші  бір  затқа  атау  етіп  ауыстырып,  қолданудан  барып
туады. Мысалы, Сен менің оң қолымсың (ты моя правая рука) – мой 
помощник, қолы жеңіл (легкая рука) – удачное начало. 
3-тапсырма. Берілген тіркестерді тура және ауыспалы мағы-
насына қарай бөліп жазыңыз.
Алтын сағат, алтын ғасыр, алтын астық.
Терең көл, терең білім, терең құдық, терең су, терең сезім.
Тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті алма.
Ашық аспан, ашық әңгіме, ашық мінез.
Иненің көзі, байлықтың көзі, адамның көзі.
Өткір ой, өткір мінез, өткір көз, өткір пышақ.
Алыс арман, алыс туыс, алыс жер.
Ауыр мінез, ауыр тас, ауыр сөз.
4-тапсырма.  Мақал-мәтелдерді  аяқтаңыз,  орыс  тіліне  ауда-
рыңыз және қандай мағынада қолданылғанын табыңыз.
1. Отан оттан да ..... 
2. Піл көтермегенді, ..... көтереді. 
3. Көп сөз – ... , аз сөз –..... . 
4. Тіл пышақтан да ..... . 
5. От шаласынан, сөз шаласы....... 
6. ...... тасты да уатады.
Керекті сөздер: 
жаман, ыстық, алтын, уақыт, тіл, көмір, өткір.

20
Жағыпарова Майра
5-тапсырма. Мақал-мәтелдердің қандай мағынада қолданылға-
нын табыңыз.
1) Оқу инемен құдық қазғандай. 
2) Сөз де кілт, көңіл құлпын ашады. 
3) Күннің шуағы жылы, ананың құшағы жылы. 
4) Адал достық алтыннан қымбат. 
6-тапсырма. Берілген сөз тіркестерінің қайсысы тура мағына-
да, қайсысы ауыспалы мағынада тұрғанын анықтаңыз және орыс 
тіліне аударыңыз. 
Айырмамыз, оның оң қолы қылыш ұстаған, бос емес. Ал менің оң 
қолым бос.
Ол Оспан батырдың оң қолы болған.
Дәрігерді адам жанының арашашысы десек, медбике – оның оң 
қолы.
Соғыс кезінде оң қолы мен оң аяғынан жеңіл жараланып, бірне-
ше медальдармен марапатталған. 
Осы жекпе-жекте Бекзаттың оң қолы ісіп, бармақ сүйегі шығып 
кеткен. 
Енді дәрігерлер оның оң қолына алаңдап отыр. 
Храпуновтың оң қолы жазадан құтылып кетіпті.
Кеше Варшавада қашып жүрген Мұхтар Әбілязовтың оң қолы 
Мұратбек Кетебаев қамауға алынды. 
Оң қолы саналған Олжастың қателескен кезі аз болған жоқ.
7-тапсырма. Сөздердің негізгі мағынасы мен ауыспалы мағына-
ларының  өзара  бірлігі  мен  айырмашылықтарын  айтыңыз  және 
сөйлем құрастырыңыз.
Қыздың жасы 12-де. Көз жасы.
Бұлақ көзі. Адамның көзі.
Көзі ауырады. Көзінің оты бар. Қара көз.
Оң қол. Оң іс.
Ашық мінез. Ашық терезе. 
Қара қарындаш. Қара жүрек.
Адал ас. Адал қызметкер. Адал дос.
Өсімдіктің сабағы.Оқушылардың сабағы аяқталды.

21
Кәсіби қазақ тілі
Қоңыр қой. Дәптерді орнына қой.
Қисық адам. Қисық ағаш.
Адамның аяғы. Жұмыстың аяғы.
Ауыр тас. Ауыр жүк. Ауыр сөз.
Суық хабар. Суық су. Суық қару.
Өткір мінез. Өткір пышақ.
Терең ой. Терең құдық.
Бала бетін сабындап жуды. Кінәсін жуды.
Есіктің кілті. Жүректің кілті.
Су анасы – бұлақ. Мараттың анасы – Айна.
Домбырадан күй төкті. Ыдыстағы суды төкті.
8-тапсырма.  Сөздікті  пайдалана  отырып,  орыс  тіліне  ауда-
рыңыз және өз ойыңызды айтыңыз.
Не тәтті?
 Жиренше шешен бір күні жолда келе жатып алдынан қарсы кез-
дескен бір баладан: 
– Дүниеде бәрінен не тәтті, балам? – деп сұрайды.
Сонда бала:
– Бал тәтті, – деген екен.
– Ал, жұмсақта не жұмсақ?
– Мамық жұмсақ.
– Қаттыда не қатты?
– Тас қатты.
Бұл баланың жауабын тыңдап тұрған екінші бала: «осы сұрақта-
рыңызға мен жауап беріп көрейін, рұқсат етіңіз», – деп өтінеді.
– Ал айта ғой балам, не тәтті? – дейді Жиренше шешен. 
– Ананың сүті, – деп жауап беріпті бала. 
– Не жұмсақ?
– Ананың қолы.
– Ал енді, не қатты? – деп сұрағанда
– Атаның жүрегі, – деген екен.
 Шешен екінші баланың жауабына риза болып, батасын беріпті.
 
(«Ел аузынан» кітабынан).

22
Жағыпарова Майра
3-сабақ
БІЛІМ ДЕ БӘСЕКЕГЕ ТҮСЕДІ
Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды. 
Жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі білім беру – бүгінгі 
күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, өз кәсібін терең түсінетін, 
өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар 
қажет. Қазір халыққа білім беру реформасы ғылыми негізге сүй-
енген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді мін-
деттеп отыр. Соның ішінде дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің 
алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан әл-Фараби бабамыздың педа-
гогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан, ойшыл 
әл-Фараби:  «Адам  деген  ардақты  атты  лайықты  алып  жүруден 
артық  бақыттылық  жоқ.  Әлемде  жаман  мен  жақсыны  адамның 
ақылы ғана ажыратады», – деген болатын.
Білімді болу – белгісіз нәрсені ашу қабілетіне ие болу деген сөз. 
Білімді адам көп нәрсені біледі және сол арқылы басқа белгісіз 
нәрселерді өз бетінше аша алады. Ғұламалар болашақ жастардың 
білімді болуы олардың өзінің сана-сезіміне, зейініне, дара қасиет-
теріне, ақыл-ойына, жауапкершілігіне байланысты екенін айтқан. 
Біздің елімізге мемлекетімізді көркейтетін білікті жас маман-
дар  керек.  Сол  үшін  біз  түрлі  ғылымды  меңгеріп,  бәсекеге  қа-
білетті болуымыз керек.
Журналистика  мамандығы  журналистің  өте  білімді  болуын 
талап  етеді.  Сондықтан  болашақ  журналистер  көп  оқып,  көп 
білім алуы керек. Оның мақалалары әрі танымдық, әрі тәрбиелік 
болуы тиіс. 
(2008 ж. «Егемен Қазақстан» газеті бойынша).

23
Кәсіби қазақ тілі
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
ұрпақ –
поколение
бұлыңғыр –
пасмурный
сапалы –
качественный
өнегелі –
образцовый; примерный
басты талабы –
главное требование
өз кəсібін терең 
түсінетін –
глубоко понимающий свою 
профессию
іскерлік –
деловитость
маман –
специалист (профессионал)
кеңістік –
пространство
бағдар алып дамуда –
развиваться с ориентацией
данышпан –
мудрец; гений
дара –
отдельный (от других); особый 
(среди других); 
ардақты –
почитаемый; уважаемый
лайықты –
достойный
белгісіз нəрсені ашу 
қабілетіне ие болу –
обладать способностью делать 
открытие из неизвестного
өз бетінше –
самостоятельно
ғұлама –
эрудит
сана-сезім –
сознание; соображение
зейін –
внимание; помысел; 
устремление
дара қасиеттер –
индивидуальные качества
ақыл-ой –
разум
жауапкершілік –
ответственность
көркею –
процветать; развиваться 
білікті –
здесь: 
высококвалифицированный
бəсеке –
конкуренция
бəсекеге түсу –
конкурировать

24
Жағыпарова Майра
1-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Ұрпағы білімді халықтың болашағы қандай?
2. Бүгінгі күннің басты талабы не?
3. Білімді болу деген не?
4. әл-Фараби даналық сөзін қалай түсінесіз?
5. Ғұламалар жастардың білімді болуы неге байланысты деген?
2-тапсырма. Білімге қатысты мақал-мәтелдерді керекті сөз-
дерді пайдалана отрып аяқтаңыз және орыс тіліне аударыңыз.
Білім инемен ....... қазғандай.
Ғылым – ........ , білім – ...........
Білекті ....... жығады, білімді ........ жығады.
Жеті жұрттың ........ біл, жеті түрлі ........ біл.
Оқу – білім....... , білім – өнер ....... .
........ білім жоқ, .......... күнің жоқ.
Керекті сөздер: 
оқусыз / білім / қайық / құдық / шырағы / бірді / тілін / бұлағы / 
білімсіз / теңіз / мыңды
3-тапсырма. Мазмұндаңыз және толықтырыңыз.
«Білім артық па, байлық артық па?»
1. Білімді адамның жанында адал достар көп болады, ал бай 
адамның қасында амал достар көп болады.
2. Білімді қанша жұмсағанмен азаймайды. Байлықты жұмсай 
берсең, бір күні таусылады. 
3. Білім қанша көп болса да шіріп кетпейді, дүние болса бүлі-
неді. 
4. Білімің көп болса да оған есеп жүргізбейсің, ал байлығыңа 
ұдайы есеп жүргізіп тұруың керек. 
5. Шынайы білімді адам орнымен сөйлейді, ізеттілігі де арта-
ды. Байлығы мол адам оған мастанып мақтанады, астамшылық 
көрсетеді, сондықтан білім артық.

25
Кәсіби қазақ тілі
білімді – образованный
адал достар – верные друзья
амал достар – временные друзья
жұмсау – трата
азаймайды – не уменьшается
таусылады – кончается
шіріп кетпейді – не портиться
бүлінеді – испортится
есеп жүргізу – вести счета
шынайы білімді адам – истинный образованный человек
байлығы мол адам – кто богат знаниями
ізеттілігі артады – увеличивается любезность
мастану – быть самодовольным
мақтанады – хвалиться
астамшылық көрсетеді – показывает высокомерие
4-тапсырма. Сөздікті пайдаланып, қазақ тіліне аударыңыз.
Елбасының сөзімен жеткізгенде «қазақ тілі үш тілдің біреуі бо-
лып қалмайды. Үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы 
бола береді» деген-ді. Сондықтан да қандай мектеп болмасын, ең
алдымен  шәкірттерінің мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі, яғни ана 
тілін, мемлекеттік тілін жетік меңгеруі міндеттелуі тиіс. Ал одан
кейін басқа екінші, үшінші тілдерді білу, меңгеру мәселесі ол жас-
тың  болашақ  мамандығына,  кәсібіне,  таңдаған  бағытына  қарай 
анықталады деп ойлаймыз.  Ұлттық тәрбие негізі қаланған, өз тілін 
еркін меңгерген, алдымен өз тілінде ойлайтын ұрпақ өз елі үшін, өз
елінің өркендеуі үшін, өз тілі мен дінінің, ділінің сақталуы үшін қыз-
мет етеді. Әрине, ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі. Бұл – қазақты 
дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл. Ал, әлемдік 
тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін (көптілділік) 
меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.

26
Жағыпарова Майра
 
5-тапсырма. Пікір білдіріңіз.
Бәсекеге қабілетті болу
 дегенді қалай түсінесіз?
 
6-тапсырма. Пікір білдіріңіз.
Білім қалай бәсекеге түседі?
Көпмағыналы сөздер. (Многозначные слова)
Cөздің екі немесе одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп-
мағыналылығы дейміз. М: мақта (хлопок), мақта (хвали). 
Адамның  басы,  таудың  басы,  бұлақтың  басы,  жұмыстың 
басы деген сөздердегі бас сөзі біріншісінде ғана өзінің тура мағы-
насында тұр да, қалғандарында бұл сөз әртүрлі мағыналық реңк-
те пайдаланылған. Бірақ әрқайсысындағы бас сөзінің мағыналары 
арасында  жақындық,  мағыналық  байланыс  бар:  1)  адамның  дене 
мүшесі, 2) таудың шыңы, ең биік жері, 3) бұлақтың шығар жері,
4)  іс-әрекет  болып  жатқан  жер  т.б.  мағыналарында  жұмсалады. 
Әрине,  бұл  мағыналардың  бір-бірімен  байланысы  бар.  Сөздердің 
осындай  бірнеше  мағынада  қолданылуын  сөздің  көп  мағына-
лылығы немесе полисемия деп атайды.
Көпмағыналы сөздер көркем шығармаларда көп қолданылады. 
Екі күймек бір жанға әділет пе,
Қаны қара бір жанмынжаны жара.
Ашиды жаның, қайнайды қаның,
Мінездерін көргенде....  
(Абай)
Мұнда  ақын  Абайдың  жан  сөзін  мынадай  бірнеше  мағынада 
қолданып  тұрғанын  мәтін  контексінен  байқауға  болады:  жанға 
(лицу), жанмын (я человек), жаны (душа), ашиды жаның (сочув-
ствуешь). Сондай-ақ, қанат және көз сөзінің де көпмағыналы сөз 
екендігін төмендегі кесте арқылы танысып көруге болады.

27
Кәсіби қазақ тілі
«Қанат» – құстар мен шыбын-шіркейлердің 
ұшып-қонатын дене мүшесі.
(У птиц и насекомых – орган, служащий для летания).
Құс қанаттарын қағады. Птица машет крыльями.
 (Ұшу мүшесі. Орган летания.) 
Ұшақтың қанаты. Крыло самолёта.
(Ұшу аппаратының бөлігі. Часть летательного аппарата.) 
Алдыңғы қанаттың зақымдануы. Повреждение переднего 
крыла.
(Автомобильдің бүйір жағы. Боковая часть автомобиля.)
 Үйдің сол қанаты. Левое крыло дома.
(Ғимараттың бүйір жағы. Боковая часть здания.)
Құс биікке қанатының 
арқасында ұшады. 
Птицы могут подниматься на 
высоту благодаря крыльям.
Бізді Павел Федорович Садырин 
өз қанатының астына алды. 
Нас под свое крыло взял Павел 
Федорович Садырин.
Қанаттарын жазу.
Расправить крылья. 
Көпмағыналы (мәнді) сөздің бір тілде жалғыз, басқа тілде көп 
мәнді болуы мүмкін. Мысалы, қазақ тілінде «бауыр» сөзі мынадай 
мәндерге ие:
Мен кішкентай бауырымды сағындым – я скучаю по младшему 
братику.
Бауыр басу – привыкать; сильно привязаться. 
Ет бауыр – кровный (о родственниках). 
Тас бауыр – жестокий, немилосердный. 
Бауырым! – брат мой! (обращение). 
Бауырына қысу – прижимать к себе. 
Қаз бауыр бұлт – перистое облако. 
Таудың бауырында – на склоне горы.
Бауырымен жорғалаушылар – пресмыкающиеся. 
(Қазақша-орысша сөздік. Алматы, 131-132).
Орыс  тілінде  «печень»  сөзі  тура  мәнді  ғана:  «крупная  железа 
человека  и  животных,  вырабатывающая  желчь  и  участвующая  в 

28
Жағыпарова Майра
процессах пищеварения, обмена веществ, кровообращения». /Сло-
варь русского языка, 1983, 119/. Ағылшын тілінде «бауыр» – «liver» 
сөзінің ауыспалы мәні жоқ. Үш тілде «бауыр» сөзі бір ұғымды біл-
діргенмен, «бауыр» қазақ тілінде көпмағыналы сөз де, ал орыс пен 
ағылшын тілдерінде бір мағыналы сөз.
7-тапсырма. Сөздерді жақша ішіндегі сөздермен тіркестіріңіз. 
Қандай мағынада қолданылып тұрғанын ажыратып жазыңыз.
Терең (өзен, білім, ой); қатты (сөз, құрт); қара (көйлек, жұмыс, 
су, өлең, ниет); жұмсақ (адам, мінез, орындық).
8-тапсырма.  Асты  сызылған  сөздер  қандай  мағынада  қолда-
нылған? 
Көзім ауырып, дәрігерге қаралып жүрмін. _______________
Көз – көңілдің айнасы.  _______________________________
Қазір иненің көзіне жіпті өткізе де алмаймын.  ___________
Жұмыстың көзін тапсақ, тез бітірер едік. ________________
Марат ауыр жүк көтерді. ______________________________
Ол – сыныбымыздағы мінезі ауыр баланың бірі. __________
Дастарханға ыстық тамақ та келді.  _____________________
Досына ыстық ықылас білдірді. ________________________
9-тапсырма. Көп мағынаға ие болатын сөзді көрсетіңіз
Жұмыстың көзін тапсаң, тез бітеді.
Ол – тобымыздағы мінезі ауыр бала.
Біз таудың басына шығып келдік.
Марат домбыраның құлағын бұрап берді.
Жердің бетінде тыныштық бола бергей!
Олар футбол алаңының оң қанатына отырды.
Алты қанат ақ орда әдемі-ақ!

29
Кәсіби қазақ тілі
4-сабақ
БҮГІНГІ МАМАН КЕЛБЕТІ
Қоғамның келешегі – жастар. Жастарды білікті, іскер, белсенді 
маман, шығармашылық ойлы азамат етіп дайындау үшін оларға 
сапалы білім беру керек. Барлық нәрсенің іргетасы – білім.
Жаңа ғасыр – әлемдік өркениет көшіне қосылу ғасыры. Ертең-
гі игіліктер үшін және бәсекелестік қызып тұрған бүгінгі таңда 
жастар өндірістік тәжірибелерде шыңдалуы керек.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың елімізді әлемдегі бәсекеге ба-
рынша қабілетті отыз елдің қатарына қосу туралы стратегиясына 
сәйкес, жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті – әлемдік стан-
дарттар деңгейінде білім сапасын қамтамасыз ету арқылы сапалы 
адам капиталын даярлау. 
Жоғары білімді, кәсіптік тұрғыда білікті мамандардан олар-
дың өз саласын жетік меңгеруі және қоғамдағы экономикалық
әлеуметтік өзгерістерге, техника мен технологиялық жаңалық-
тарға  ғылыми  негізде  баға  бере  алуы  талап  етіледі.  Бүгінгі
маманның – көптілді болуы талап етіледі. Қазақ тілі – мемлекет-
тік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі, ағылшын тілі 
– жаһандық экономикаға кіру тілі ретінде меңгеріледі.
Сонымен  қатар  ХХІ  ғасыр  маманының  сапасын  ақпараттық 
техника тілін аса жоғары технологиялық деңгейде қолдана алу 
біліктілігі анықтайды. Бұл талаптар болашақ журналистерге де 
қатысты. Бұл талаптар журналистер келбетін де құрайды. Келе-
шекте көптілді журналистерге сұраныс көп болады.

30
Жағыпарова Майра
Мәтінге қажетті сөздер және сөз тіркестері
 
қоғамның келешегі –
будущее общества
барлық нəрсенің –
здесь: всего
бəсекелестік қызып тұрған 
шақта –
при жесткой конкуренции
игілік –
благо
озық ойлы азамат –
прогрессивно мыслящий 
гражданин
жүйелі білім –
системное образование
баға бере алуы –
уметь давать оценку, уметь 
оценивать
ретінде меңгеріледі –
здесь: будут усваиваться как...
əлемдік өркениет –
мировая цивилизация
шығармашылық ойлы – 
творческий мыслящий
сəйкес –
соответствующий
өндірістік тəжірибе –
производственная практика
қатысты
здесь: относятся
тұрғы –
точка зрения
кəсіптік тұрғыда –
с профессиональный точки зрения
жаһандық экономикаға кіру – вхождение в мировую экономику
өмірлік тəжірибе –
жизненный опыт 
ел мүддесін көздейтін –
защищающие интересы страны
шыңдалу –
здесь: совершенствоваться
қатысты –
здесь: относятся

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет