Астана қаласының Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы Тақырыбы: Асыл сөзді іздесем, Абайды оқып үйренем



бет3/4
Дата06.01.2022
өлшемі32,57 Kb.
#12107
1   2   3   4
Байланысты:
Абай Құнанбайұлы

Негізгі бөлім.

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде ақыл сөзіне былай деп түсініктеме беріледі. Ақыл:

1. Адамның ойлау қабілеті мен сана-сезімі.

2. Түйінді ой, пайдалы кеңес [1].

Ал ақыл сөзіне психологтар психологиялық тұрғыдан қандай сипаттама беретініне тоқталайық.

Ақыл – заттар мен құбылыстардың жалпы сипаттарын, олардың арасындағы табиғи байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін психологиялық процесс.

Ақыл – таным процестерінің ішіндегі ең биік сатыда тұрған жоғары процесс. Дәлдеп айтқанда, ақыл – адам баласына ғана тән меншікті психологиялық процесс [2].

Адамның ақыл-ой сапаларының дамуы оның алған білімдеріне байланысты. Бірақ ақыл мен білімді бір деп санауға болмайды. Білімдері көп болғанымен, оларды пайдалана білмейтіндер де болады. Ақылды жеке адамның белсенділігімен, өзінің ақыл-ой күшін пайдалы іс-әрекетке қолдануға әзір болуымен біріктірудің маңызы зор. Ақылды, бірақ енжар адамдар да болады, олардың ақылдары өлі капитал ретінде, тиісті жеріне пайдаланылмай қала береді.

Ақылды адамның тиісті жеріне өз ақылын пайдалануы үшін өз білімін бір жүйеге келтіруі тән нәрсе. К.Д.Ушинский: «Ақыл-ойды ұйымдастырған білім жүйесі,» -деп тектен-текке айтқан жоқ.

Ақыл-ой тек үлкен істерде, күрделі теориялық және практикалық мәселелерді шешуде ғана емес, сондай-ақ адамның күнделікті істерінде де, ақыл-ойды оншалықты қажет етпейтіндей болып көрінетін қарапайым дене еңбектерінде де керек.

Ақылды адам әдетте өз істерінде аздаған қателік жібереді, бірақ мәселе тек мұнда емес, адамның жасаған қателігін жөндей алуы үшін бұл қателіктерге ойлы көзбен қараудың мәні бар [3].
Бастапқы екеу соңғысыз,

Біте қалса қазаққа.

Алдың – жалын, артың – мұз,

Барар едің қай жаққа? – дейді ақын [4]. «Әсемпаз болма әрнеге» деп басталатын өлеңінде ол әділдік, мейірбандық болмаған жерде ақыл мен қайрат та адамды жақсылыққа жеткізе алмайды деп түйеді.

Ғылым мен білімді уағыздаған ағартушы ақын білімді, ақылды адамды аса жоғары бағалады. Не нәрсеге болсын ақыл таразы, дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санады.

Сөз мәнісін білсеңіз

Ақыл – мизам, өлшеу қыл [5].

немесе:


Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,

Әр нәрсеге өзіндей баға бермек [6].

Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге талпынған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастарды басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен, оймен тапқан өз пікірі болуы керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білу қажеттілдігіне ерекше назар аударған.

Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды.

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытатын тұла бойды ыстық жүрек.

Татулық, қалыпты, шыдамдылық,

Бұл – қайраттан шығады, білсең керек, [8]-

деген Абай ақылды соңғы мағынасында алған. Абай «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,» – деп ақылдың әу бастан суық екендігін тұла бойды жылытқан ыстық жүрек екендігін айтып, өзінің он жетінші қарасөзінде ақыл, қайрат, жүрек үшеуін таластырып, ғылымға жүгіндіре келе ақыл да, қайрат та жүрекке бағыну керектігін анық көрсеткен. Себебі барлық жылылық, мейірімділік, махаббат жүректен шығатынын білеміз.

Философиялық тұрғыдан келіп, ойы мен сезімі бір-біріне қарама қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай «Суық ақыл» мен «Ыстық жүрек» бір-бірін толықтырады деп санады. Осы екеуіне қайрат пен жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді деп есептейді.

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

Сонда толық боласың елден ерек.

Жеке-жеке біреуі жарытпайды,

Жол да жоқ жарыместі жақсы демек [9].

Ақын ыстық қайрат, жылы жүректі, нұрлы ақылды адамның ең асыл қасиеттері деп санаған. Оған төмендегі өлеңінің өзі дәлел.

Осыны оқы, ойлай бер, болсаң зерек,

Еңбекті сат, ар сатып неге керек?

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді, ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Қайратың мен ақылың екі жақтап.

Абай ақылдың жекекшісі жүрек болсын деп ой айтқан. Яғни ақыл жүрекке құлақ асса, нұрлы ақылға айналмақ. Ақынның немере інісі Шәкәрім де ақылдың құр өзін көкке көтермеген. Ол ақылға таза деген сөзді қосу арқылы үнемі таза ақыл деп отырады. Ақылдың тазалығын арлы ақыл, нұрлы ақыл деп те айтуға болады. Абай ақылға озық деген сөзді қосу арқылы ақылдың да үнемі нұрлы болып қала алмайтынын көрсетсе, ал Шәкәрім таза ақыл, нұрлы ақыл деп, ақылдың үнемі суық болып қалмайтынын көрсетсе керек.

Абай жүректің жекекшілігіне мойынсұнбаған ақылды суық ақыл деп атаған. Абай ақылға қарама-қарсы ұғымды да қолданған. Яғни ақылсыздықты. Біз оны ақынның «Он бесінші қарасөзінен» байқай аламыз. Бірақ ақын «ақыл» сөзін «есті», ал «ақылсыз» сөзін «ессіз» сөзімен алмастырып қолданған. «Есті кісі мен ессіз кісінің, менің білуімше, бір белгісі парқын көрдім.

Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен-дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен.

Егер кісі орнын таппай не болмаса бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен-дағы, күнінде өкінгені пайда болмайды екен...

...Егерде есті кісінің қатарында болғың келсе, күніне бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен-өзің есеп ал!» десе, «Он сегізінші қарасөзінде» «...Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің – бәрі де ақымақтық,» – деп тағы да нақтылай түседі.

Адам өмірі – ақылдың нәтижесі. Ақыл туралы ұлы ақын оның жанмен байланысын айтқан.

Ақыл мен жан – мен өзім, тән менікі,

Мені мен менікінің мағынасы – екі, - дейді.

Абайдың «мен» деп отырғаны «ақыл мен жаннан» тұрады. «Менікі» деп адамның «тәнін» айтады. Ол ақыл мен жанды бөлмейді. Ақылдың жанға қатыстылығына ол сенеді. Шәкірім бұл ойды былайша жетілдірген.

Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр,

Сол нұрды тән қамы үшін жан жұмсап жүр.

Тағдырдың қиын сырлы сиқырымен,

Жан тәнге, ақыл жанға матаулы тұр.

Шәкәрім түсінігінде ақыл – жарық нұр. Сол нұрды жан тәнге қызмет еткізіп қойған. Сондықтан жан тәнге, ақыл жанға тәуелді. Шәкәрім өз шығармашылығында ақылға осындай дәреже берген.

Шәкәрім «Сау ақыл менің иманым, аламын соған сиғанын» деп сау ақылды өзінің бар сенген қуаты ретінде, иманы ретінде дәрежеге көтереді.

Абай поэзиясы кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір шындығын танып-білуге үлкен септігін тигізе алатынын мойындауымыз керек.

Абай адамгершілікті, әдептілікті ең негізгі моральдік принцип ретінде поэзиялық туындыларында да, қарасөздерінде де үнемі атап көрсетіп отырады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет