Астана қаласының Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназиясы Тақырыбы: Асыл сөзді іздесем, Абайды оқып үйренем



бет4/4
Дата06.01.2022
өлшемі32,57 Kb.
#12107
1   2   3   4
Қорытынды.

Жұмысымызды қорытындылай келгенде, адамның барлық іс-әрекетінің сипаты, яғни оның көретін қайғысы да, рахаты да ақылға байланысты болатынын байқаймыз. Абайдың сан алуан философияға толы шығармаларын, жыр шуақтарын қайталап оқыған сайын сөз зергерінің талғамына, сөз саптауына таң қаласыз. Шешімі жоқ сұрақтарыңыздың жауыбын табуға ұмтыласыз, өйткені Абай қарапайым адам болмағандықтан, оның ойы жеңіл оймен айтылмайды, әрбір сөзі қорғасындай салмақты және терең мағыналы. Ендеше, жан сарайымызды жібітетін тәрбие желісін Абай ілімімен, Абай сөздерімен сабақтап, мөлдіріне шөлімізді қандырсақ дейміз, ащы ақиқаттың күйін күмбірлеткен Абай даналығын ұғынсақ дейміз.



«Ұлы болу оңай емес, ал ұлылардың ұрпағы болып қалыптасу одан да қиын» деген даналық сөз – біздің адастырмас бағдаршамымыз және біз де сол ұрпақтың бірі екенімізді мақтан етеміз. Адамды сүйіп, адамды құрметтеуге үндеген кемеңгер ақын поэзиясының түпкі негізі – адам, яғни толық адам. Абай армандаған толық адам өнерлі, білімді, еңбекқор, адал, әділ, жылы жүректі, ыстық қайратты, нұрлы ақылды, ғылым жолына түскен ізденімпаз болуы керек. Біз бәсекеге қабілетті, өзіне деген сенімі мол, жалынды жастарға Абайдың парасатты пайымдаулары мен ғибратқа толы асыл сөздерінің құндылығын мойындатқымыз келеді. Ал махаббатпен адамды сүю, Алланы сүю, әділетті сүю – Абай шығармаларының биік мұраты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет