Зерттеудің жаңалығы:
|
Абай шығармаларындағы ақыл ұғымындағы сөздерді жинақтай отырып, олардың өзіндік табиғатын танып білу.
|
Зерттеу әдісі:
|
Ғылыми талдау мен жинақтау, салыстырмалы талдау, лексикалық және теориялық талдау.
|
Зерттеудің қорытындысы:
|
Абай Құнанбайұлының шығармаларын зерттеу арқылы ондағы ақыл сөзіне қатысты ұғымдарды жинақтап сараладық, олардың қолданыс аясын айқындадық. Жұмысты жазу барысындағы алынған қорытындылар мен материалдарды оқушылар өз білімдерін мәнжазба және ғылыми жұмыстар жазуда басшылыққа алуға болады.
|
Кіріспе.
Абай – ақын, Абай – дана, Абай – Ақылшымыз.
Бес арысымыздың бірі және бірегейі Ахмет Байтұрсынұлы Абай атамызды «Абай – қазақтың бас ақыны» деп жоғары бағалаған. Өйткені, Абайдың өлеңдері мен қарасөздерінен өмірде кездесетін көптеген сұрақтарға жауап таба аласың. Ақын атамыздың шығармалары – бәріміз сусындай алатын асыл қазына. Біздердің, айналамызды тануға құмартып тұратын жас жеткіншектердің данышпан ақын шығармаларынан алар ғибратымыз мол. Біз есейе келе оның мән-мағынасын түсінетін боламыз.
... Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рахым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз, - деп, жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажыратып берген ақын атамыздың ақыл-парасатына таң қаласың. Болашағына сеніммен қарайтын мен сияқты оқушыларға бұл сөздердің мәнісі зор.
«Қазақтың ақыны көп болғанымен, Абайы біреу, данасы да, дарасы да – Абай. Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды көзге елестету мүмкін емес. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары» деп Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тауып айтқан.
Негізгі бөлім:
Біздерді сәби кезімізден ата-анамыз «»
Кіріспе.
Абай Құнанбайұлы – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы тұлға. Оның шығармашылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірінің, ақыл-ой парасатының, жаңа арнада өріс алған мәдениетінің, әдебиеті мен өнерінің асқар шыңы болып табылады. Ол өз өлеңдері арқылы қазақ поэзиясын өз кезеңінің ең озық деңгейіне көтере білді, қоғамдық дамудың шындығын дәл бейнелеп, өркениетті сипатта дұрыс қорытынды шығара алды.
Артына өлмес мұра қалдырып, «мыңмен жалғыз алыса жүріп», жүрегін шырақ етіп жандырып, түсінген жанға жырымен сусынын қандырып, ғибратты жырларымен өзіне-өзі ескерткіш орнатып кеткен ұлы ақынның өмірі мен зерделі сөзін үйренемін, оқимын деген ұрпағы барда өлмейтініне сенесің. Заманымыздың заңғар жазушысы Қазақстан үшін екінші Абай атанған Әуезовтің өзі: «Мен Абай тұнығынан тек шөміштеп қана іштім» деген екен, ал бүгінгі ақиқатқа толы алмағайып заманның ұрпағы ғұлама Абай тереңіндегі тұныққа қанша бас қойсақ та тамшысына ғана қанағат тұтып жүрміз.
Қазақтың ақыны көп болғанымен, Абайы біреу, данасы да, дарасы да – Абай. Абайсыз қазақты, қазақсыз Абайды елестету мүмкін емес. «Абайдың сөзі – әр қазақтың бойтұмары» деп Елбасы бағамдағандай, қазақ үшін Абай ілімі, Абай табиғаты, Абай үнінің алар орны ерекше.
...жақсылық көрсең- ғибратлә,
Оны ойға жисаңыз.
Жамандық көрсең – нәфрәтлі
Суытып көңіл тыйсаңыз,- деп бес асыл іс пен бес дұшпанның аражігін ашып, жақсылыққа жетелеп, жамандықтан жирендірген кемеңгер ақыны – халқының көсемі. Шалқар дария шабытынан туған құнды ойлары мен жан азығының кәусар бұлағы, сөнбес шырағы болды. Және ол бір ғана емес, дәуір көшіне ілескен бар халықтың дана көсемі.
Абайды оқып-үйрену тек шығармаларын қайталап оқудан тұрмайды. Абайдың әлемі – жұмбақ, сиқырлы, тұңғиық. Сондықтан да үлкен жігерлілік пен табандылық, адами құндылықтарға толы терең мәдениет қажет деп ойлаймыз. Сондықтан да біз ақыл-парасаты кемеңгерлікке ұласқан ақынның көркемдікке толы әдеби еңбектерін оқи отырып, ақыл сөзіне қатысты ұғымдарды жинақтап сараладық.
Достарыңызбен бөлісу: |