Шеберлік сабағының сәтті тұсы: Практикалық жұмысты жасау арқылы дескрипторларды құрастыру кезінде
қатысушылар қызығушылық танытты; қатысушылар топпен жұмыс
жасай отырып, дескриптор құрастырудың әдіс-тәсілін үйренді, постер
құрастыру арқылы таныстырылым жасады; топтық жұмыс нәтижесін көрсете
білді; тыңдаушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы өзіндік пікір айтты,
әр түрлі жағдаяттарды шешті, ой қозғауын өз тәжірибесінде пайдаланып,
шығармашылығын дамытуға ықпал етті.