Астрономия пәнінен емтихан сұрақтары Аспан сферасы және оның негізгі элементтері



Дата15.11.2023
өлшемі15,73 Kb.
#123549

Астрономия пәнінен емтихан сұрақтары
1.Аспан сферасы және оның негізгі элементтері.
2. Жұлдызды аспан және аспан сферасының тәулік бойынша айналуы.
3.Әлем осінің горизонтқа қатысты орналасуы.
4. Астрономиялық жүйелер: горизонттық және экваторлық координаталар жүйелері.
5. Кульминация. Меридиандағы жарық көзінің биіктігі.
6. Жарық көзінің көріну шарттары.
7.Аспан сферасының әр ендікте айналуы.
8.Жердің Күннің айналысындағы қозғалысы және Күннің эклиптика бойынша жылдық қозғалысы.
9.Эклиптиканың негізгі нүктелері. Эклиптикалық координата жүйесі.
10.Тропикалық жыл. Зодиакты шоқжұлдыздар.
11.Жыл мезгілдерінің алмасуы және климаттық белдеулер.
12. Уақытты өлшеу проблемасы. Уақытты өлшеу бірліктері.
13.Күндік және жұлдыздық уақыт.
14. Уақыттың теңдеуі және оның құраушылары.
15.Жергілікті уақыт және бойлық. Декреттік уақыт және т.б.. Бүкіләлемдік уақыт. Уақыттың атомдық стандарты.
16.Күнтізбектің пайда болу және дамуы тарихы. Жаңа және ескі күнтізбек.
17. Планеталардың көзге көрінер қозғалысы. Планеталардың символикасы. Ежелгі Грециядағы астрономияның дамуы. Пифагор, Аристотель, Гиппарх, Птолемей.
18.Әлемнің геоцентрлік жүйесі. Орта Азияда астрономияның дамуы. Бируни және Ұлықбектің еңбектері. Планеталардың конфигурациялары.
19.Коперник және оның әлемдік гелиоцентрлік жүйесі. Синодикалық қозғалыстың теңдеуі. Коперник түсіндірген планеталардың тұзақты қозғалысы. Гелиоцентризм үшін күрес. Бруно, Галилей, Ломоносов.
20.Тихо Браге, Кеплер және планеталардың қозғалыс заңдары. Кәзіргі көзқарас бойынша күн жүйесінің құрылысы.
21. Тәуліктік параллакс, Күннің параллаксы. Астрономиялық бірлік. Арақашықтықты анықтаудың радиолокациялық әдісі.
22. Күн, Ай және планеталардың өлшемдерін анықтау.
23. Жердің Күнді айнала қозғалуын дәлелдеу: жылдық параллакс, жарық абберациясы.
24.Айдың жұлдыздарға және Күнге байланысты көрінетін салыстырмалы қозғалысы. Ай фазаларының алмасу кезегі.
25.Сидерикалық және синодикалық айлар. Түйіндер сызығының қозғалысы. Айдаһар айы мен жылы.
26.Күннің және Айдың тұтылуы. Тұтылудың шарттары мен жиілігі. Сарос. Тұтылуды бақылаудың ғылыми мағнасы.
27. Планета орбиталарының элементтері. Тартылыс заңының әмбебаптылығы. Кеплердің жалпылама заңдары.
28.Аспан денелерінің массаларын анықтау. Ауытқу теориясының элементтері. Плутон және Нептунның ашылуы.
29.Жер осінің прецессиясы, оның себептері мен салдары. Нутация. Су деңгейінің тасуы мен қайтуы. ЖЖС,ЖАД орбитасын есептеудің қарапайым тәсілдері.
30. Телескоптар, олардың қолдану көрсеткіштері: ұлғайту, ажырату қабілеті, жарықтылығы.
31. Рефрактор, рефлектор. Олардың кемшіліктері, артықшылықтары.Айналы-линзалы телескоп. Мектеп телескопы. Телескоптағы сәулелердің өту жолы.
32.Астрофотометрия негіздері. Погсон өрнегі. Абсолюттік жұлдыздық шамалар.
33. Спектралдық анализ негіздері. Спектралдық құралдар. Сәулелену заңдары. Доплер принципі. Электромагниттік толқындар диапазондары.Атмосферадағы оптикалық және мен радиотодқындық «терезе».
34.Радиотелескоптар. Радиоастрономияның ролі.
35.Аспан денелерін зерттеудің атмосферадан тыс әдістері. Негізгі обсерваториялар, аса үлкен телескоптар.
36.Күн жүйесі жайлы жалпы мағлұмат. Күн өлшемі, массасы, тығыздығы. Остік айналуы. Күннің температурасы, толық сәуле шығаруы. Күннің магнит өрісі.
37.Күн энергиясының көздері.
38.Күннің ішкі құрылымының моделі.
39.Фотосфера, грануляция, алаулар, күннің дақтары.
40.Күннің спектрі және химиялық құрамы.
41.Хромосфера. Хромосфералық от алу. Протуберанецтар.
42. Күн тәжі. Күннің радиосәулеленуі.
43.Күн желі.
44.Күн активтілігі, оның циклы.
45.Гелио- және геофизикалық процестердің байланысы.
46.Жер жайында жалпы түсінік. Жер массасын анықтау.
47.Жердің ішкі құрылымын зерттеудің әдістері.Жер құрылымы жайында қәзіргі көзқарас.
48.Жер атмосферасының құрылымы және құрамы.
49.Магнитосфера, Жердің радиациялық белдеулері.
50.Күн жүйесіндегі үлкен планеталардың негізгі сипаттамалары.
51.Меркурий, Ай.
52.Шолпан
53.Марс
54.Юпитер
55.Сатурн
56.Уран, Нептун
57.Ергежейлі планеталар.
58. Астероидтар
59. Кометалар.
60. Басқа планеталық жүйелер.
61. Жұлдызға дейінгі арақашықтықты анықтаудың тригонометриялық әдісі. Парсек. Жарық жылы.
62.Жұлдыздардың негізгі сипаттамалары: температура, радиус, жарықтылық.
63.Жұлдыздардың спектрі және спектрлік классификациясы. Жұлдыз атмосферасының химиялық анализі.
64. Жұлдыздардың анықталатын көрсеткіштерінің арасындағы байланысы. Герцшпрунг-Рессел диаграммасы.
65.Негізгі тізбектер. Төтенше алып, қызыл алып, ақ ергежейлілер
66. Қос және еселі жұлдыздар. Спектрлік-қос, тұтылмалы-айнымалы жұлдыздар.
67.Физикалық айнымалы жұлдыздар.Пульстік айнымалылар. Ұзақ периодты айнымалылар. Бұрыс айнымалылар және эруптивтік айнымалылар.
68.Жаңа және төтенше жаңа жұлдыздар.
69.Пульсар. Нейтрон жұлдыздар. Қара құрдымдар.
70.Галактиканың құрылымынан қысқаша мағлұмат: өлшемдері, пішіні, кіретін объектілер.
71.Жұлдыздардың Галактикада орналасуы. Жұлдызды статистиканың әдістері. Галактикада Күннің орналасуы.
72.Галактиканың айналуы.Галактиканың массасы. Галактиканың ядросы. Күннің галактикалық орбитасы. Жергілікті жүйе.
73.Жұлдыз аралық орта. Жарықтың тозаңды ортада жұтылуы, оның жұлдыздық арақашықтықты анықтауға әсері.
74.Бейтарап сутектің таралуы. Галактиканың спиральды құрылымы.
75. Хаббл жасаған галактикалар классификациясы.
76.Галактикаларға дейінгі арақашықтықтарды анықтау.
77.Галактикалардың физикалық қасиеттері: өлшемдері, массасы, жарықтылығы, айналуы. Галактикалардың ядролары.
78. Квазарлар.
79.Галактикалардың спектрі. Қызыл ығысу. Хаббл заңы.
80.Өзара әсерлесуші галактикалар.
81.Галактикалардың топталуы. Метагалактика.
82.Галактикалардың және галактикалар жүйелерінің жасырын массасы.
83. Күн жүйесінің космогониясы. Кант пен Лапластың космогониялық болжамдары. Жер мен планеталардың жасы.
84.Космогония пәніндегі жұлдыздардың пайда болуы, эволюциясы, жасы, галактикалар эволюциясы жайындағы болжамдар.
85.Кеңейтілген Ғалам проблемасы. Критикалық тығыздық. Хаббл тұрақтысы.
86.Ыстық Ғалам және реликтік сәулелену жайында түсінік. Жерден тыс Ғалам.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет