Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы



бет1/6
Дата13.02.2023
өлшемі2,09 Mb.
#67346
  1   2   3   4   5   6

Смағұл Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжі

Пәні: Қазақстан тарихы

Пән мұғалімі: Рахманбаева А.А

Оқу тобы: 1 курс

Қазақ хандығы дәуіріндегі қоғамдық-саяси ойдың дамуы

Оқу мақсаты: - Қазақ хандығы дәуіріндегі тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси идеяларын анықтау; - Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойдың дамуына тарихи қайраткерлердің қосқан үлесін бағалау.

Тақырыпқа шолу

1. Тарихи қайраткерлер деп кімдерді айтамыз? 2. Хандар мен билердің атқаратын қызметі қандай? 3. Тарихи тұлғалардың қоғамдық-саяси ойлары қоғамның көзқарастарын білдіре ме?

Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы кезіндегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігі.

  • Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы сонау сақ, ғұн дәуірінен басталады. Ары қарай тарихи сабақтастық түркі дәуірінде, кейін Алтын Орда кезінде де жалғаса берді. Қазақ жерінің батысында ХV ғасырдың орта кезінде Ноғай Ордасы, Жетісу өңірінде Моғол хандығы, Орталық Қазақстан мен Сыр бойында Әбілқайыр хандығы өмір сүрді. Олардың арасындағы араздық елде бей-берекетсіздікті туғызды. Мұндай саяси бытыраңқылық ұлттық біртұтас, қуатты мемлекеттің құрылуын қажет етті. Қазақ хандығы осы үрдісті қорытындылаған тарихи оқиға болып табылады.

Керей мен Жәнібек ескерткіші

Қазақ хандығының тарихи аренаға шығу мерзімі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде 1465–1466 жылдар болып белгіленген.

  • Қазақ хандығының тарихи аренаға шығу мерзімі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» еңбегінде 1465–1466 жылдар болып белгіленген.
  • Қазақ хандығының құрылуы Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан мемлекетінің тарихында орын алған саяси шиеленіспен байланысты. Қазақ хандығының орнығуы Шығыс Дешті Қыпшақ, Жетісу және Түркістанның (Оңтүстік Қазақстан) кең-байтақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық, этно-саяси үрдісінің заңды қорытындысы саналады.
  • Көшпелі малшаруашылығы мен отырықшы егіншілік, қала мәдениеті дамыған өңірлердің өзара тығыз байланысы ХIV–ХV ғасырларда бүкіл қазақ жерінің бір саяси құрылымға бірігуіне қолайлы жағдай қалыптастырды. Көшпелі және отырықшы тұрғындардың экономикалық, мәдени, қоғамдық-саяси қарым-қатынастарының нығаюы қазақ рулары мен тайпаларының этникалық жағынан бірігуіне, халықтың ұзаққа созылған қалыптасу үдерісінің іс жүзінде аяқталуына себепші болды.
  • ХІV–ХV ғасырларда қазақ жеріндегі ру-тайпалар күрделі әскери-саяси оқиғаларды басынан кешіріп, мемлекет нығаюының барлық заңдылықтары мен кезеңдерінен өтті.
  • 1465 жылы әлемнің тарихи картасында жаңа мемлекет – Қазақ хандығы пайда болды. Хандықтың негізін салушы – Керей мен Жәнібек хандар Алтын Орда мемлекетінің мұрагері ретінде қол астындағы рулар мен тайпалардың бірлігі мен қауіпсіздігін сақтап қалды. Қазақ хандығы құрылғанға дейін әлеуметтік мағынаға ие болған «қазақ» атауы саяси мазмұн алды. Бұдан былай «қазақ» ұғымы мемлекеттің атауы ретінде бекітілді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет