Ата- аналар жиналысы



бет2/4
Дата18.12.2023
өлшемі52,5 Kb.
#140635
1   2   3   4
Байланысты:
Ата-аналар жиналысы Бала бақыт бастауы,отбасы алтын діңгегі

«Ой қозғау» бөлімі
Бұл бөлімде ата-аналарға сұрақтар беріледі. Ойларын қағазға түсіру керек.








Қарым-қатынас жаттығуы.
1.Ортаға әр топтан екі ата- анадан шығып , берілген тапсырманы орындау керек.(«Менікі дұрыс», «Менікі дұрыс» деп алақандарын түйістіру арқылы,кезек кезек бір-бірімен салғыласу керек.)
2.Ортаға әр топтан екі адамнан шығып ,біреуі анасы ,біреуі әкесі болып ролдерді ойнап шығу керек.
Бейнеролик «Балаңызға қаншалықты көңіл аударасыз ???»
- Осы бейнеролик туралы қандай ойларыңыз бар, қандай әсер алдыңыздар, өз пікірлеріңізді ортаға салайық.
(Ата-аналар кезектесіп өз ойларын айтады).
Сіз қандай ата-анасыз?
1.Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
2.Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
3. Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4. Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5. Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6. Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
7. Бір сәтте сізді мейірімді адам деп сенуге болады ма?
8. Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
9.Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
10.Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
11. Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
12.Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
13.Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
Жауабы:
1. Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай
2. Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3. Келіспеймін - 1 ұпай

0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.


17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет