Күні: 10.04.2017жыл Саржансай орта мектебі 8 класс жетекшісі: Қойшыбаева Н.Қ
Жиналыс тақырыбы: «Бала бақыт бастауы,отбасы алтын діңгегі»
Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру,отбасы арасындағы бауырмалдық,қайырымдылық,достық қарым-қатынасты қалыптастыру,жағымсыз әдеттерден бойларын алшақ ұстауға үйрету.Сапалы білім,саналы тәрбие ,салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Міндеті: Ата-аналардың мектеппен, мұғалімдермен тығыз байланыс орнату. Бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарауға тарту.
Әдісі: пікір алмасу, сұрақ-жауап, бейнеролик қарау, ойын ойнау.
Түрі: Топтастыру, пікір алмасу.
Көрнекілігі: Үйлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, слаид.
Жүру барысы: Ұйымдастыру Таныстыру. Жолсерік
Топқа бөліну
Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп отыр. Алдымен ата-аналарды ортаға дөңгеленіп тұруға шақырсам деймін.
(Ата-аналар шеңбер жасап тұрады). «Шаңырақ жаттығуы» ортада шаңырақ тұрады.Соған ата аналар әр түрлі түсті ленталарды байлау керек. Сол ленталар арқылы 3 топқа бөлінеді. «Жол серік » жаттығуы. Ата –аналар қастарында тұрған адамды таныстырады. Ата-аналар тренингімізді бастамас бұрын топқа бөлініп алайық.
Ата –ананың басты қазығы,алтын тіреу діңгегі бала.Отбасы-тұлғаны дамытатын кішігірім орта.Отбасының қоғамдағы мақсаты баланы дамытып қана қоймай,оны өмірге дайындап,рухани жағынан жеткізіп,жат қылықтардан бойларын алшақ ұстатқызып тұлға ретінде қалыптастыру
Топқа бөліну 1. Отбасы 2. Бала 3. Ата-ана Ата –аналар, сіздер 3 топқа бөлініп отырдыңыздар, топ атымен таныстырып өтейін.
1.Отбасы дегеніміз белгілі бір тұлғаны дамытатын кішігірім орта. Отбасының қоғамдағы мақсаты ерекше, ол баланы дамытып қана қоймай, оны өмірге дайындап, рухани жағынан жеткізіп, тұлға ретінде қалыптастыру.
2.Бала ата-ана өмірінің жалғасы. Бала тәрбиесі қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.
3.Ата-ана баланың қамқоршысы, ақылшысы. Ата-ананың тілегі- баласының жақсы адам болуы. Ата-ананың алтын тіреу діңгегі - ол бала.
Ата-аналар жиналысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сіздер топ болып ойланып, ақылдасасыздар, кейін топ ішінен бір адам жауап береді.