Дидактикалық ойын «Өз үйімді - өзім тұрғызамын.» Ата-аналар, қазір сіздермен отбасы мүшелерінің өз үйін тұрғызуға қосқан үлестерін білу мақсатында «Өз үйімді - өзім тұрғызамын.» атты ойынын өткізсем деймін.
Әр адамның өз үйі, өз шаңырағы бар, бірақ ол тек баспана ғана емес, сол үй бізді жақсы көріп және күтетін жер болуы керек. Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз, жай ғана үй салу емес, сол үйде тұратын отбасына бақыт, шаттық жылу, қуаныш, мереке сыйлайтын үй тұрғызуларыңыз керек. Ол үйді салу үшін ерекше бір материал керек.
Ол қандай материал деп ойлайсыздар?
Ата-аналар жауабы тыңдалады.
Әрине, ол үйді тұрғызу үшін адам бойындағы бар негізгі қасиеттер керек. Олар өздеріңіз айтқан күлкі, түсіністік, шыдамдылық, т.б.
Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй тұрғызасыздар. Үйді жәй тұрғыза салмай артында берілген тапсырмаларды орындай отырып тұрғызайық. (Ойлануға 3 минут уақыт беріледі).
Ойын тапсырмалары: «Шыдамдылық» кірпіші Тапсырма: Сіз үйде бір тығыз шаруа жасап жатырсыз. Ал балаңыз келіп сіздің өзіне көңіл аударғаныңызды қаласа, сіз қайтесіз.
«Тапқырлық» кірпіші Тапсырма: Балаңыз сізден «Мысық қайдан пайда болды?»- деп сұраса не деп жауап бересіз.
«Мейірімділік» кірпіші Тапсырма: Балаңызға деген махаббатыңызды қалай білдіресіз?
«Татулық» кірпіші Тапсырма:Балаңыз жаттауға берілген тақпақты жаттамай жылап көнбей қойды. Сіздің іс-әрекетіңіз.
«Түсіністік» кірпіші Тапсырма: Бала тәрбиесіне қалай қарайсыз?
Үйіміз дайын болды деген топ өз жауаптарын түсіндіреді.
Біз біздің баламыз тұратын «үй» салған кезде, «кірпіштері» сапалы болып, олардың дұрыс «қаланғанын» ойлағанымыз маңызды. Ол үй қаншалықты қуаныш нұрына толы болуы бізге байланысты.
Рефлексия. «Екі жұлдыз,бір тілек». Шаңыраққа жапсыру керек. Бүгінгі жиналыстан өздеріңізге қандай әсер алдыңыздар?