Ата-аналар жиналысының Хаттамасы №1 Күні, айы, жылы: 28.10. 2022 жыл Барлығы 25 ата-ана, Қатысқаны- 18 ата-ана
Күн тәртібінде: 2 «А» сынып оқушыларының ата-аналар комитетінің құрамын сайлау , атқарылатын жұмыс жоспарын бекіту.
2. Ата-аналарға оқушылардың күн режимімен таныстыру және бос уақыттарын ұйымдастыру.
3. Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысы:
І. Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Жахып Г. сөз алды. Ата-аналарды жаңа оқу жылымен құттықтап, жаңартылған білім беру мазмұны жөнінде айтып өтті. Аптаның 5 күні ата-аналар сынып жетекшімен білім алушының білімі туралы пікірлесіп отыратынын ескертті.Сонымен қатар, жаңа оқу жылында атқарылатын жұмыстар жоспарын құрып, ата-аналар комитетінің құрамын сайлау керектігін айтып өтті.
Шығып сөйлеушілер:
1.Байбазар Мереке (ата-ана): Сынып жетекшісі Жахып Гулжанмен мен тығыз қарым - қатынаста болу үшін ата- аналар комитетінің құрамын сайлауға келісемін. Мен ата-ана комитетінің төрайымы етіп Абуғалиева Шынар апайды ұсынамын. Шынар апай арамыздағы жасы үлкен апай,барлық мәселелерді шешуге өз көмегін,ақылын береді деп ойлаймын.
2.Аркимбай С (ата-ана):Айтылған пікірмен келісемін. Мүшелеріне Байбазар Мереке мен Өмірзакова Алтынтаңды ұсынамын.. Атқарылатын алдағы жұмыстарға толық келісемін. Бәріміз бірігіп бала тәрбиесін алдыңғы орынға қоюымыз керек.
3.Абдилдаева Самал(ата-ана): Ата-аналардың пікіріне қосыламын. Аталған ата-аналар жұмыстарды сынып жетекшімен бірге уақытында атқарып отырады деп ойлаймын.
ІІ. Сынып жетекшісі Жахып Г. екінші мәселе бойынша ата-аналарға оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырып, күн режимін қатаң сақтауды тапсырды.
1.Салимбаева Асель (ата-ана):Оқушылардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастырсақ, мұғалім мен ата-ана әрқашан сергектік, шыдамдылық танытып, жан -жылуын беріп, шеберлік көрсете білсе, онда балаларымыз өзімшіл болмай, қиындықтан қашпай, міндеті мен парызын орындайтын ұрпақ болып өсер еді.
2. ТемірболатА. (ата-ана):Баламыздың күн режимін сақтап, уақытымен жүргізсек, бала соған қалыптасып, дағдыланады. Гүлнар апайға толық келісемін. Баламның күн режимінің сақталуын қадағалап отырамын.
ІІІ.Ағымдағы мәселелер бойынша сынып жетекшісі сөз бастады.Екінші сынып бағдарламасының балаларға, ата-аналарға көп еңбектенуді талап ететінін ескертіп айтты. Ағылшын тілі мен русский язык оқулықтарының қатар жүргізіліп жатқанын, сөздіктерді уақытында жаттап отырмаса, қиындық туатынын ескертті. Сонымен қатар сабаққа қатысымы, оқушылардың тазалығы, сабаққа кешікпеуді, сабақтан себепсіз қалмауын, сабаққа дайындалып келуін басты назарда ұстауды және сынып жетекшімен тығыз байланыста болуды тапсырды. Кешкі уақытта баланы ешқайда шығармауды ескертті.
Қаулы етті: І. Ата-аналар комитетінің төрайымы Абуғалиева Шынар,Байбазар Мереке мен Өмірзакова Алтынтаң мүшелері болып болып сайлансын.
ІІ. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, күн режимінің сақталуын қолға аламыз.
ІІІ. Оқушылардың тәртіптерін және сабақ үлгерімдерін басты назарда ұстаймыз!