Барлық оқушылар: Уақытты өлшеу құралдарын анықтап,айта алады.
Көптеген оқушылар: Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды.
Кейбір оқушылар:Оқушыларға уақыттарын тиімді пайдалану үшін өз күн тәртібін құрастырады.
Тілдік мақсаттар
Уақыт,сағат
Сыныптағы диалог:-Біз қандай уақытты өлшеу құралдарын білеміз?
-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?
Сағат-часы-cloсk
Құндылықтарды дарыту
Оқушылардың бір-біріне құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. Оқушылардың бойында өмірге деген қызығушылықтары оянып, уақытты үнемді пайдалану керек екенін түсініп, сағатты тануға ынталандыру
Ширату Ұ.Оқушылар шеңбер бойымен жүреді.
Сағаттың тілімен иіліп оңға бір
Сағаттың тілімен иіліп солға бір
Оң аяқ,сол аяқ жаттығу оңай- ақ
Сағаттың түрлері бар суреттер арқылы топқа бөлемін.
Ойын: «Тауып көр» әрбір топ ишара арқылы сағаттың түрін жасырады,қалған топ жасырған сағат түрін табады.
Қ.Б: Мұғалімнің қолпаштауы «Жарайсың» «Бәрекелді» (Ұ) «Сұрақты қағып ал» ойыны арқылы өткен сабақты бекіту.Мұғалім оқушыларға сұрақ қойып доп лақтырады,оқушы жауабын айтып кейін қайтарады.
-Бұл не?
-Глобус ненің моделі?
-Глобустың пішіні қандай?
-Глобустың басым бөлігі қандай түске боялған?
-Ол түстер нені білдіреді?
ҚБ: «От шашу» әдісі арқылы оқушыларды бағалау Сабақ мақсатымен таныстыру Бүгін біз сабақта Уақытты анықтаймыз.
-Уақыт деген ойларыңа не келеді?
-Уақытты немен анықтаймыз?
-Сағатпен
-Сағаттың қандай түрлерін білеміз?
-Қол сағат,су сағат,құм сағат,жар сағат,электронды сағат.
(Ұ) Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма Суретке назар аударып,сұраққа жауап берейік
-Олар саяхатқа қалай дайындалған?
-Олардың қолында не бар?
-Олар қазір қай қалада тұр?
-Сапаржайда уақыт нешені көрсетіп тұр?
-Картаға назар аударыңдар олар қайда бара жатыр екен?
Ақмола облысының солтүстігінде «Бурабай» ұлттық паркі орналасқан.Бурабайдың тау-тасы,көлі де,жазық даласы да ертегілер мен аңыздарға толы.
-Негеш пен Эврика бірден Бурабайға бара ала ма? Неге?
-Олар қандай көлікпен барады?
-Онда жету үшін қанша уақыт алады деп ойлайсыңдар?
Талқылау жүргізіп,қажетті жерге жету үшін белгілі бір уақыт керек деген қорытынды жасаймыз.Баратын жер неғұрлым алыс болса соғұрлым көп уақыт жұмсалады.