Ата-аналар жиналысының Хаттамасы №1 Күні, айы, жылы



бет3/3
Дата13.11.2022
өлшемі26,96 Kb.
#49770
түріҚұрамы
1   2   3
Байланысты:
ата-ана жиналысы хаттама

Ата-аналар жиналысының
Хаттамасы №3

Күні, айы, жылы: желтоқсанның жиырма алтысы ,2020 жыл


Барлығы 19 ата-ана, Қатысқаны-13 ата-ана
(ZOOM платформасымен өткізілді)


Күн тәртібінде:
1.Сауалнама. Бала тәрбиесі баршаға ортақ. ( класс жетекшісі Баекенова. Г)
2.Екінші тоқсан қорытындысы
3. Ағымдағы мәселелер.
Жиналыс барысы:
І. Бірінші мәселе бойынша сынып жетекшісі Баекенова. Г. сөз алып, ата-аналарды алдымен топқа бөліп ата-аналарға сауалнама сұрақтарын айтты. Сауалнама сұрақтарына ата-аналар өз жауаптарын ватсап желісі арқылы жазып жіберді
ІІ Класс жетекшісі Баекенова Г. екінші мәселе туралы сөз қозғады 2020-2021 оқу жылының ІІ оқу тоқсанында 1 «А» класында 19 оқушы болды. Оның 13-ер бала,
6- қыз бала. 1«А» класс оқушылары мектептің ішкі тәртібі мен оқушы ережесін, қазіргі жағдайға байланысты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтайды. Класта қиын оқушы жоқ. Класс оқушылары белсенді, сабаққа ынталы, дегенмен ата-ана тарапынан көмек қажет етеді. Бейсенбі күні тәрбие сағаты өткізілді. Жоспар бойынша тәрбие сағаттары жүргізіліп, ата-аналардың қатысуымен ZOOM платформасымен ашық есік күндері өтті. Ата-аналар білім алушылардың білім деңгейлері мен сабақтағы оқу әрекеттерімен танысты.
Шығып сөйлеушілер:
1.Әбдіразақова Ы..(ата-ана): Расулдың сабағын үнемі қадағалап отырамын. Жүргізіп оқып келе жатыр, тек өзі жай, баяу қимылдайды, есепті де тез шығарады.
2.Молдағалиева К..(ата-ана): Аянаның сабағына үнемі папасы қарайды. Кейде тәтесі көмектесіп отырады. Ағылшын тілі мен русский язык пәндерінен сөздіктерді жаттағанда қиналамыз.
3.Өтемісова Г. Халифа сабағын өзі оқиды, бірақ үнемі өзім қадағалап отырамын. Математиканы жақсы көреді. Русский язык пен ағылшын тіліне көмек беріп отырамын.
Әрбір ата-ана балаларының тәртібі мен сабақ үлгерімдерін, үйде сабаққа қалай дайындалатыны жөнінде тоқталып өтті.
ІІІ. Сынып жетекшісі Баекенова Г. Ағымдағы мәселелерге тоқталды. Алда ІІІ оқу тоқсанында ZOOM платформасымен апталықтар болатынын айтты. Сонымен қатар оқушыларды сабаққа кешіктірмей жіберуді, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауды, жеке бас тазалықтарын қадағалауды, сабақтан қалдырмауды, үнемі өзімен байланыста болуды ескертті. Каникул күндеріндегі балалардың қауіпсіздігіне ата-аналардың жауап беретіндігін ерекше ескертті.
Қаулы етті:
І. «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» тақырыбындағы сауалнама сұрақтары еске алынсын.
ІІ. Оқушылардың тәртіптерін және сабақ үлгерімдерін жақсартамыз!

Жиналысты жүргізген: Баекенова Г.Х.


Хатшы: Нұралина А.А

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет