Қатысқандар: Сынып жетекші – Н.Мелдеева.
Ата-аналар – 13
Күн тәртібінде қаралған мәселе:
ІІІ тоқсан қорытындысы, сыныптағы оқушылардың үлгерімі.
Көктемгі демалыс уақытындағы қауіпсіздік ережесі
Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды: Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша сынып жетекшісі Н.Мелдеева ата-аналарға ІІІ-тоқсанның қорытындысын айтып өтті. ІІІ-тоқсанды 6 қыз бала және 9 ұл бала, (оның ішінде бір оқушы Пилял Ерасыл үйде оқиды) барлығы 16 оқушымен аяқтады. Оқу озаты 3/3, екпінді 2/1, орта 10/2 оқушы. Қызыл куәлікке үміткер Қосай Жұлдызай. Сабағы орта деңгейдегі оқушылардың ата аналарына балаларын сабақтан тыс уақытта сабақтарын қадағалау тапсырылды. Сабақтан себепсіз қалатын оқушылардың ата-аналарына ескерту айтылды. Алдағы емтиханға дайындыққа балалардың сабағына көңіл бөлулерін ата аналарға айтылды. Бүгінгі білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңалықтар еңбек тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр. Балаларға адамгершілік салаларды қалыптастыруда отбасы шешуші рол атқарады. Сол себепті әр ата-ана өз баласымен тығыз байланыс орнату қажет.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша көктемгі демалыс уақытындағы, жалпы техникалық қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Әсіресе Наурыз мейрамында балалардың ата-ана бақылауында болу керектігі ескертілді. Және көктемгі егістік жұмыстарына баларды жібермеу керектігі айтылды. Егер тексеру кезінде балалар ұсталып қалса, кәмелет жасқа толмаған баланы еңбекке жыққаны үшін ата-анаға айыппұл салынатыны ескертілді.
Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша ата-аналарға оқушылардың ББЖМ-ға арналған тест кітапшалары туралы айтылды. Сонымен қатар жаздық емтиханға оқушылардың дайындығын осы кезден бастау керектігі және балалардың ұялы телефонын тексеріп тұру қажеттігі айтылды. Сонымен қатар ата-аналар өздерін толғандырып жүрген мәселелер бойынша сұрақтар қойып пікірлесті.
Шешім:
ІІІ-тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
Көктем демалыстағы балардың қауіпсіздік ережесі ата-анаға жүктелсін.
Оқушылардың мектептегі оқу үлгерімін, тәртібін қадағалау сынып жетекшісіне, ал мектептен тыс уақытында ата-анаға жүктелсін.