Сөз сөйлегендер:
Ата-ана Анаргүл:
Баяндама жақсы, түсінікті болды. Мектеппен әрқашанда тығыз байланыста болуға тырысамыз. Баламыздың тәрбиелі білімді болғаны барлық ата-ана үшін маңызды деп ойлаймын. Мектеппен, сынып жетекшімен жақсы қарым-қатынас жасаған. Ұйымдастыру жұмысы да жақсы.
Ата-ана Қарылғаш:
Жиналыста баламыздың тәрбиелі, жақыс білім алу үшін сынып жетекшімен, мектеппен жақсы қарым-қатынаста болу керек екендігін түсіндім. Сонымен қатар өткізілетін шараларға да қатысуға мүмкіндігімше тырысамын.
Шешім:
ІІІ тоқсан қорытындысы «қанағаттанарлық» деп табылсын.
Бала тәрбиесін қадағалау жұмыстары ата-ана жағынан күшейтілсін.
Оқушылардың сабақ үлгерімін, тәртібін, тазалығын қадағалап отыру сынып жетекшісі мен ата-аналарға жүктелсін.
Жиналыс төрайымы: Ж. Құдабаева
Хатшы: Қ. Аккулова
Ата-аналар жиналысының хаттамасы №5
19.05.2018ж. Жаңаөзен қаласы
Қатысқандар:
Сынып жетекші – Ж.Құдабаева
Ата-аналар – 18
Күн тәртібінде:
1. Жылдық қорытынды есебі. /Ж.Құдабаева/
2. «Жазғы демалысты балалар қалай өткізу керек?» (сұхбат) /Ж.Құдабаева/
3. Ағымдағы мәселелер.
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі І- ші мәселеге сәйкес ата-аналар балаларының ІҮ оқу тоқсаны мен жылдық оқу қортындысын тыңдады. ІІІ тоқсан қорытындысымен салыстырғанда осы тоқсанда үздіктер қатарына Абишова Аружан қосылып сапа 52%-ға көтерілді. Ата-аналарға баланың сабағына дұрыс көңіл бөлінбейтіндігі, ешқандай себепсіз сабақтан қалатын оқушылардың бар екендігі айтылды. Сонымен бірге ата-ана жиналысына шақырғанда түгел келмейтіндігі, жалпы ата-аналардың балдарына 2 сынып болса да онша көңіл бөлмейтіндігі айтылды.
Күн тәртібіндегі ІІ- ші мәселе бойынша «Жазғы демалысты балалар қайда өткізу керек?» тақырыбында ата-аналармен сұхбаттасты. Балалар жазғы демалысында лагерьге барып демалғандары жақсы екені айтылды. Әр ата-ана өз баласының біліміне толықтай қанағаттанатынын айтты. Шындығыны келгенде баланың сабағына өте қатты мән бермейтіндіктерін мойындады. Келешек әр ата-ана өз баласының оқуына, сабағынан ретсіз қалмауына баса көңіл аударатындарын айтты.
Достарыңызбен бөлісу: |