Ата-аналар жиналысының хаттамасы


Тақырыбы: «Бала қабілетінің артуында отбасының рөлі»



бет6/8
Дата10.05.2023
өлшемі147,47 Kb.
#91499
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Ата аналар жиналысының хаттамасы2 (1)

Тақырыбы: «Бала қабілетінің артуында отбасының рөлі»

Қазіргі таңда отбасы қиын кезеңді басынан өткізуде. Ажырасу мен толық емес отбасылар, отбасындағы кризис, жасөспірімдер арасындағы қылмыс, тәрбие сапасының құлдырап кетуі, қоғамдағы жат қылықтар, қазіргі кездегі отбасының жауапкершілігінің төмендеуі, заңсыз отбасын құру, некесіз баланың туылуы, тастанды бала, т.б. қалыптасуына әкеліп соқты Осы мәселені шешу, бүгінгі күн талабының көкейкесті мәселесі болып отыр.


Бүгінгі таңда толық емес отбасыларында өскен балалар өте қамкөңіл, ренжігіш, күйгелек мінезді болып өсіп келеді. Аналық мейірімді қатты аңсайды. Ондай бала көңіліне ұнамағанды істемейді, қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуға әрекет жасайды. Баланың мінез ерекшеліктеріндегі мұндай кемшіліктер отбасы тәрбиесінде көптеп кездесуде.
Отбасы тәрбиесінде Отанымыздың демократиялық құрылымға бет бұрған алғашқы, өтпелі кезеңінде, қазіргі кездегі ата-ана баланы патриотизмге тәрбиелеу ісінің бәсеңдігінің куәсі болдық. Сонымен бірге, еңбек тәрбиесіне көңіл бөлмеген жанұяларда бала бос уақытын көптеген жағдайда әртүрлі қызықтар қуумен өткізеді. Ол жастардың азғындауына апарып соғатын бірден-бір нақты жағдай болып отыр.
Жалпы отбасы тәрбиесін, келсек бүгінгі таңдағы әке түрлі себептерге байланысты өзінің отбасындағы патриархалды күшін жоғалтқан. Сонымен бірге балада әке тәрбиесі жетіспейтін отбасы арасындағы қарым-қатынаста сұхбаттасу жетіспейді. Баланың әлеуметтік даму деңгейі төмендейді. Әлеуметтік даму деңгейі деген не? Ол, мінез-құлқы, қоршаған ортамен қарым-қатынасы жетіспеушілік. Отбасындағы берілетін тәрбиеге келетін болсақ, отбасын екіге бөліп қарастыруға болады: жақсы тәрбие беретін отбасы бар, мүмкіндігі келмейтін отбасы бар. Баласын тастап саудаға кетеді, қызмет істейді. Ондай бала үйде жалғыз отырады. Ол баланың тамағы тоқ, киімі бүтін болғанымен жақсы тәрбие ала алмайды.
Отбасында кездесетін көп кемшіліктердің бірі, баланың тілін дұрыстамаймыз. Бала еркелікпен тіл бұрап, басқаша сөз айтады.
Қазіргі кездегі отбасындағы бала тәрбиесінде ата-ананың жауапкершілігінің төмендеуінің салдарынан балаларымыз көше кезіп, қыздарымыз кезбелікке салынып, қаңғыбас бала саны көбейе түсуде. Отбасы тәрбиесінде , әсіресе жастарымыздың арасында мейірімділіктің, имандылықтың, адамгершіліктің төмендеуі салдарынан әртүрлі жағдайлар туындауда.
Әбу Насыр әл-Фараби атамыз: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас-жауы» дегендей отбасындағы ата-ана бала тәрбиелеуде ең бірінші мына төмендегі ұсыныстарды есте ұстаған жөн:
-баланың бойына өз елінің салт-дәстүрін, ана тілін, дінін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу;
-баланы отбасында Отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу;
-ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыстау;
-баланы табиғатына сәйкестендіріп, қабілетін анықтап, бейімділігін дамыту;
-баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу;
-отбасында баланың рухани байлығын (эстетика, еңбек, адамгершілік, имандылық т.б.) дамыту;
-отбасында баланы жеке тұлға ретінде қарау;
-баланың өзін-өзі басқаруы (қаржы, іс-әрекет т.б.);
-баланың табиғатына сәйкестендіріп, кәсіп таңдауға бағыт-бағдар беру.
Сонымен, жаңа ғасырда қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру, отбасының, балабақшаның, мектептің, барша жұртшылықтың міндеті болып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет