Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау


«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»



бет3/8
Дата04.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#134345
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-vebinar-ata-analardy-pedagogikalyk-koldau-ortalygynyn-kyzmetin-bilim-beru-uyymynyn-kazhettiligi-negizinde-zhosparlau

«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
жұмысын ұйымдастыру,
қызметін жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ___________
(хат/бұйрық номері, күні)
«_________________________________» хатына/бұйрығына байланысты
(хат/бұйрық тақырыбы)
БҰЙЫРАМЫН:
  • 2023-2024 оқу жылында мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» (әрі қарай Орталық) жұмысы ұйымдастырылсын.
  • Төмендегі функционалды міндеттермен қоса мектептің ішкі тәртібі бекітілсін:

  • - Орталық қызметіне басшылық жасау және бақылау мектеп директорына жүктелсін;
  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына: ата-аналар, білім алушылар мен педагогтердің мониторингке қатысуын қамтамасыз ету; Орталық қызметі туралы ақпаратты жоғары уәкілетті органдарға уақытылы жеткізу жүктелсін;
  • Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына: Орталық қызметін ұйымдастыруда оқу кабинеттерін педагогтерге бекіту, ата-аналармен сабақ өтуі үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, сабақ өтуі барысында санитарлық-гигиеналық талаптар мен мектепке бөгде адамдардың кірмеуін қамтамасыз ету жүктелсін;
  • Мектеп кітапханашысына: педагогтер мен сынып жетекшілерге ата-аналармен сабақ өтуге қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жүктелсін.
  • Біліктілікті арттыру курстарынан өткен және шығармашыл педагогтер арасынан Орталық қызметін қамтамасыз ететін жұмыс тобы құрылып, құрамы бекітілсін.
  • 2023-2024 оқу жылына Орталық сабақтарының Бағдарламасы вариативті компонентті таңдау мүмкіндігімен және ата-аналарға сабақ беру бағдарламасының 20-30% әзірлемесі құрастырылып, контенттің мазмұнын сапалы құрылсын, педагогикалық кеңес отырысында бекітілсін.
  • Орталық жұмысы мектептің тәрбие жоспарына «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі негізінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі» жаңа бағыты енгізілсін.
  • Орталық қызметін мектепішілік бақылауға алу, мектепішілік бақылау жоспарының бөліміне, тармағына өзгерістер енгізу мектеп директорының оқу ісі жөнінегі орынбасары ____________ жүктелсін.

  • (аты-жөні)
    7. Педагогтерге ата-аналарға арналған сабақ бағдарламасының вариативті компонентінің әзірлемесін құрастыруға әдістемелік қолдау көрсету директордың әдістемелік ісі жөнінегі орынбасары ______________
    (аты-жөні)
    жүктелсін.
    8. Орталықтың жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, ата-аналар жиналыстарында Орталық жұмысының тәжірибесімен таныстыру сынып жетекшілерге жүктелсін.
    9. Орталық қызметі туралы БАҚ мен әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында жариялансын, бірлескен табысты тәжірибе таратылып, Орталық қызметіне мектептің өзін-өзі басқару ұйымы, қоғамдық ұйымдар мен мектептің Қамқоршылық кеңесі, әлеуметтік серіктестер мен демеушілер тартылсын.
    10. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым ата-аналардың облыстық, республикалық форумында тәжірибе таратуға және Орталық қызметінің нәтижелігін арттыру бойынша жұмыстарға белсене қатыссын.
    12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.
    Мектеп директоры қолы Қолтаңбаның толық жазылуы
    Таныстырылды:

Мектепішілік бақылау жоспарының жобасы
(6, 7 бөлімдерге келесі тармақтарды қосу ұсынылады)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет