Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызметін білім беру ұйымының қажеттілігі негізінде жоспарлау


Функционалды міндеттерге толықтырулар енгізу



бет8/8
Дата04.12.2023
өлшемі0,7 Mb.
#134345
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
2-vebinar-ata-analardy-pedagogikalyk-koldau-ortalygynyn-kyzmetin-bilim-beru-uyymynyn-kazhettiligi-negizinde-zhosparlau

Функционалды міндеттерге толықтырулар енгізу:
Мектеп директоры:
  • Орталықтың қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
  • «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметіне ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық тұрғыда қолдауды қамтамасыз етеді.
  • Позитивті ата-ана мәдениетін арттырудағы әлеуметтік серіктестікті дамытады.
  • Ата-аналарға арналған сабақтарға ата-аналардың назарын аудару мақсатында ақпараттық науқан ұйымдастырады.

  • Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
  • Орталық қызметін реттейтін ішкі құжаттарын дайындайды және Орталық қызметін ұйымдастырады;
  • Орталық сабақтарын өтуге педагогтердің дайындығын жүзеге асырады;
  • Педагогтер арасында білім беру курсының сабақтарын реттейді;
  • Сабақтардың кестесін құрады және реттейді;
  • Мониторингтік зерттеулерге педагогтер, ата-аналар мен балалардың қатысуын қамтамасыз етеді;
  • Орталық қызметін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде насихаттайды;
  • Орталық қызметі туралы ақпараттарды қалалық (аудандық) білім бөлімдеріне дайындайды;
  • «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында ата-аналарға білім алуға мотивация беру мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналармен өзара іс-қимыл жасайды.
  • Ата-аналарға арналған курстарды өткізу үшін педагогтерді оқытуды ұйымдастырады.

Мектептің әлеуметтік педагогі:
1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды тарту үшін педагогтер мен ата-аналармен ынтымақтастық орнатады.
2. Орталық жұмысының мақсаты мен міндеті, қызметі туралы қоғамда насихат жұмыстарын жасайды және жобаға әлеуметтік серіктестерді тартады.
Мектептің педагог-психологі
1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі аясында ата-аналарға психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді.
2. Орталық аясында педагогтерге ата-аналарға тренингтер, work-shop, коуч-сессиялар секілді сабақтың басқа да формаларын өтуге әдістемелік көмек көрсетеді.
Мектептің сынып жетекшісі
1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды қатыстыруды қамтамасыз етеді.
2. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасын жүзеге асыру үшін ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
3. Іс-шаралардың бекітілген жоспар мен сабақ кестесіне сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.
Функционалды міндеттерге толықтырулар енгізу:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет