«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысын ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің ___________ (хат/бұйрық номері, күні)
«_________________________________» хатына/бұйрығына байланысты (хат/бұйрық тақырыбы)
БҰЙЫРАМЫН:
2023-2024 оқу жылында мектепте «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» (әрі қарай Орталық) жұмысы ұйымдастырылсын.
Төмендегі функционалды міндеттермен қоса мектептің ішкі тәртібі бекітілсін:
- Орталық қызметіне басшылық жасау және бақылау мектеп директорына жүктелсін;
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына: ата-аналар, білім алушылар мен педагогтердің мониторингке қатысуын қамтамасыз ету; Орталық қызметі туралы ақпаратты жоғары уәкілетті органдарға уақытылы жеткізу жүктелсін;
Директордың шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарына: Орталық қызметін ұйымдастыруда оқу кабинеттерін педагогтерге бекіту, ата-аналармен сабақ өтуі үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, сабақ өтуі барысында санитарлық-гигиеналық талаптар мен мектепке бөгде адамдардың кірмеуін қамтамасыз ету жүктелсін;
Мектеп кітапханашысына: педагогтер мен сынып жетекшілерге ата-аналармен сабақ өтуге қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жүктелсін.
Біліктілікті арттыру курстарынан өткен және шығармашыл педагогтер арасынан Орталық қызметін қамтамасыз ететін жұмыс тобы құрылып, құрамы бекітілсін.
2023-2024 оқу жылына Орталық сабақтарының Бағдарламасы вариативті компонентті таңдау мүмкіндігімен және ата-аналарға сабақ беру бағдарламасының 20-30% әзірлемесі құрастырылып, контенттің мазмұнын сапалы құрылсын, педагогикалық кеңес отырысында бекітілсін.
Орталық жұмысы мектептің тәрбие жоспарына «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі негізінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі» жаңа бағыты енгізілсін.
Орталық қызметін мектепішілік бақылауға алу, мектепішілік бақылау жоспарының бөліміне, тармағына өзгерістер енгізу мектеп директорының оқу ісі жөнінегі орынбасары ____________ жүктелсін.
(аты-жөні)
7. Педагогтерге ата-аналарға арналған сабақ бағдарламасының вариативті компонентінің әзірлемесін құрастыруға әдістемелік қолдау көрсету директордың әдістемелік ісі жөнінегі орынбасары ______________
(аты-жөні)
жүктелсін.
8. Орталықтың жұмысының мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету, ата-аналар жиналыстарында Орталық жұмысының тәжірибесімен таныстыру сынып жетекшілерге жүктелсін.
9. Орталық қызметі туралы БАҚ мен әлеуметтік желілерде, мектеп сайтында жариялансын, бірлескен табысты тәжірибе таратылып, Орталық қызметіне мектептің өзін-өзі басқару ұйымы, қоғамдық ұйымдар мен мектептің Қамқоршылық кеңесі, әлеуметтік серіктестер мен демеушілер тартылсын.
10. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым ата-аналардың облыстық, республикалық форумында тәжірибе таратуға және Орталық қызметінің нәтижелігін арттыру бойынша жұмыстарға белсене қатыссын.
12. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырылсын.
Мектеп директоры қолы Қолтаңбаның толық жазылуы
Таныстырылды:
Мектепішілік бақылау жоспарының жобасы
(6, 7 бөлімдерге келесі тармақтарды қосу ұсынылады)