Функционалды міндеттерге толықтырулар енгізу: Мектеп директоры:
Орталықтың қызметіне басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметіне ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-ресурстық тұрғыда қолдауды қамтамасыз етеді.
Позитивті ата-ана мәдениетін арттырудағы әлеуметтік серіктестікті дамытады.
Ата-аналарға арналған сабақтарға ата-аналардың назарын аудару мақсатында ақпараттық науқан ұйымдастырады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары:
Орталық қызметін реттейтін ішкі құжаттарын дайындайды және Орталық қызметін ұйымдастырады;
Орталық сабақтарын өтуге педагогтердің дайындығын жүзеге асырады;
Педагогтер арасында білім беру курсының сабақтарын реттейді;
Сабақтардың кестесін құрады және реттейді;
Мониторингтік зерттеулерге педагогтер, ата-аналар мен балалардың қатысуын қамтамасыз етеді;
Орталық қызметін БАҚ-та және әлеуметтік желілерде насихаттайды;
Орталық қызметі туралы ақпараттарды қалалық (аудандық) білім бөлімдеріне дайындайды;
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» аясында ата-аналарға білім алуға мотивация беру мақсатында сынып жетекшілер мен ата-аналармен өзара іс-қимыл жасайды.
Ата-аналарға арналған курстарды өткізу үшін педагогтерді оқытуды ұйымдастырады.
Мектептің әлеуметтік педагогі: 1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды тарту үшін педагогтер мен ата-аналармен ынтымақтастық орнатады.
2. Орталық жұмысының мақсаты мен міндеті, қызметі туралы қоғамда насихат жұмыстарын жасайды және жобаға әлеуметтік серіктестерді тартады.
Мектептің педагог-психологі 1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі аясында ата-аналарға психологиялық қолдауды қамтамасыз етеді.
2. Орталық аясында педагогтерге ата-аналарға тренингтер, work-shop, коуч-сессиялар секілді сабақтың басқа да формаларын өтуге әдістемелік көмек көрсетеді.
Мектептің сынып жетекшісі 1. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасына ата-аналарды қатыстыруды қамтамасыз етеді.
2. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жобасын жүзеге асыру үшін ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
3. Іс-шаралардың бекітілген жоспар мен сабақ кестесіне сәйкес өтуін қамтамасыз етеді.
Функционалды міндеттерге толықтырулар енгізу: