Ата-аналарға арналған жиналыс
Тақырыбы:Бала тәрбиесіндегі ата - ананың рөлі (тренинг-ойын) Мақсаты: Қазіргі заманның ағымына байланысты отбасы құндылықтарын қалыптастыру.
Міндеттері:
Ата-аналардың жанұядағы бала тәрбиесіне жауапкершілігін арттыру;
Баламен дұрыс тіл табысуға, сөйлеу мәдениетін үнемі қолдауға ой салу.
Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Баланың отбасына деген махаббатын ояту.
Жоспар Шаттық шеңбері: Ата — аналарды қолымыздан ұстап, шаттық шеңберіне тұрғызу. Мен сіздермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қане, бәріміз бір — біріміздің қолымыздан ұстап шеңбер құрайық. Осы дөңгелек шеңберді неге шаттық, жылулық шеңбері деп атаймыз? Қалай ойлайсыздар. Шеңберге тұрудың үлкен бір қасиеті бар. Шеңберіміз көктегі жылу беретін күн сияқты дөңгелек. Шеңберге тұрып, бір — бірімізді жақсы көре аламыз, жақсылық пен жылулығымызды сыйлай білуге үйренеміз. Міне, сондықтан бұл шеңберді жылулық, шаттық шеңбері деп атаймыз. Енді бәріміз жақсылық тілеп, шаттана қуанып, күлкімізді сыйлайық.
Жүрек жылуы: Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз жүректен шыққан жақсы ,жылу сөздерін жүрекшені ұсына отырып тілейді.
Ойын: «Танысу» Мақсаты:
1. Ата - аналармен танысып, ашық түрде пікір алмасу.
Шарты:
1. Ата - аналар кезекпен аты - жөндерін айтады. Бұл жерде тек аттарын айтады да, балаларының аттарын айтады. Балаларының есіміндегі бірінші бас әріпіне байланысты мінездеме сөзбен атайды.
Мысалы: Дархан - дана бала. Мұрат - мұратына жететін бала.
Мини - лекция: «Отбасы және оның міндеттері» - Құрметті ата - аналар бүгінгі біздің тақырыбымыз: «Тәрбиедегі ананың орны», қазіргі космостық жылдамдықпен зырлап өтіп жаттқан өмірде, әр отбасы ойлауға мүмкіншілігі бар ма екен «ТӘРБИЕ», соның бірі баланы тәрбиелеу дегенге.
Құрметті ата - аналар байқап отырған шығарсыздар, неліктен мен тәрбие сөзін тек бас әріптермен жазғанымды, себебі қазақ халқының ұлы жазушысы М. Әуезовтің тәрбиелі бір әдемі де, ұлағатты сөзі бар «Тәрбие – тал бесіктен» деген. Міне, отбасы құрылды, кішкентай бір мемлекет десе де болады. Отбасы - адам баласының өсіп - өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Сонымен бірлесе жүретін біздің өміріміздің жайы: ол туысқандық байланысымыз – ата - ана, ата - әже, балалар - ұл, қыз. Осы аталған құрметті адамдар өмірде бір - бірімен тығыз байланыста болады.
Әр отбасы мемлекеттік заңдылықтар мен ережелерді сақтайды. Сонымен қатар қазіргі заманға байланысты тіліміз бен салт - дәстүріміз қайта жаңғырған уақытта, егемендігіміз орнаған шақта, қазақ халқы, яғни өзіміз – қазақ болып үлгі ретінде қатал сақтауымызға міндеттіміз. Әрқайсымыз белгілі, отбасының міндеттері үш түрге бөлінеді:
1. Репродуктивті
2. Шаруашылық – экономикалық
3. Бос уақытты ұйымдастыру
Репродуктивті – дегеніміз ол қызмет атқару, яғни баланы дүниеге әкелу, ұрпақтың жалғас табуы.
Шаруашылық – экономикалық қызметтің мәні - әр отбасының ахуал – жағдайы.
Бос уақытты ұйымдастыру - ол ең негізгі қызметтің бірі тәрбие және бос уақытты ұйымдастыру.
Отбасы болып құрылғаннан бастап, ата – ана өмірдің алғашқы күнінен бастап, өздерінің негізгі борышын атқаруға кіріседі. Ең басты, яғни олар – ата - ана тәрбиеші, бала тәрбиені, яғни тәрбиенің алғашқы қадамын өзінің алтын ұясынан алады. Үй болып, бала туып немесе перзент көріп дейміз, әйел болып - ана болу, осыдан ананың баланы тәрбиелеудегі рөлі басталады. Жақсы сөз, жарым ырыс дегендей ойыма бір тәрбиелік мәні бар сөз есіме түсті.
Міне, ұлы сөз ешқашанда өлмейді, Абай айтқандай «Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған» дегендей, тәрбие - тал бесіктен басталады. Қазақ халқының ата - бабаларының өшпейтін тәрбиелік нұсқа сөздері, бәрімізге қазіргі заманда оттай қажет. Құрметті ата - аналар жаңа ғана ойыннан да, біліп отырсыздар адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінің баласынан жоғары бағалаған емес. Міне, қай ата - ана болсын ең алғашқы өзінің ойын, тәтті қиялын ән етіп, өлең етіп баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш еткен. Баланы жылағанда жұбату, қуанышпен ойнату, тәрбиелеу әдемі де көркем, әсерлі баланың құлағына қанығандай, есінде қалатындай өлеңмен, жырмен, ұлылардың асыл сөздерін айта отырып балаларын тәрбиелеген. Міне, қазақ халқында тәрбиенің алғашқы қадамы басталған.
Тәрбиелеудегі алғашқы қадам – анасының сөзі. Ана - бала өмірінде маңызды орын алады. Мейірімі қанып ана сүтін емген, ананың ыстық алақанын сезген бала қандай болып өседі? Ал керісінше болған жағдайда баланың бойында қандай психологиялық өзгерістер болады? (қатысушыларға сұрақ)
- Рахмет жауаптарыңызға, әрине, ананың мейіріміне тоймаған баланың бойында өте көп ауытқушылықтары болуы әбден ықтимал. Ал, үлгілі ана - қандай ана?
Қатысушылармен бірге үлгілі ананың және әкенің бейнесін құру:
«Отбасының қайнар көзі - ол бақыттылығы». Егер отбасының іргесі нық болса, құрған қамалдары берік болса - аталған отбасындағы тәрбие де дұрыс болады. Бала тәрбиесі - ата - аналардың ықпалымен жүзеге асады. Ұрпақ – болашақ, адамзаттың болашағы, дұрыс тәрбие берілсе, қоғамға да, еліне де, жеріне де ол болашақтың берері де мол болады. Бұл деген аса маңызды міндеттің бірі.
Қатысушылармен жұмыс:
бала тәрбиесіндегі теріс ықпал ететін факторларды анықтау:
1. Ата - ананың ішімдікке бой алдыруы;
2. Өз беттерімен бас қосып сайрандатып, өмірін күнде тойға айналдыруы;
3. Баланы үнемі жалғыз қалдырып, әке мен шешенің өз беттерімен біріне – бірі ерегесіп балаға қарамауы;
Құрметті ата-аналар,енді түрлі-түсті бояуды пайдаланып,үлкен жүректің суретін салайық. (Ата-аналар постерге жүректің суретін бейнелейді) -Ал, ашуыңызға тигенде, шыныңызды жазыңыздаршы, қандай сөздерді көп қолданасыздар?
(Стикерлерді таратамын, соған ата-аналар сөздерді жазады)
-Енді осы стикерлерді алдарындағы «Жүрекке» жапсырыңыздар. (Стикерлерді жүрек суретіне жапсырады)
Бейне материал «Ал, сіз қандай ата-анасыз?»
https://www.youtube.com/watch?v=lnE3IupTjnE
Өз ойларын айта отырып, қорытындалау.
Келесі ойынымыз «Серіппелі доп» ойыны. Допты лақтыра отырып, сұрақтарға жауап алынады Ата-аналар ортаға дөңгеленіп тұрады, жүргізуші допты лақтыра отырып, сұрақтар қояды.
1.Балаңыздың сүйікті түсі?
2. Үйірме жетекшілерінің толық аты-жөні?
3. Балаңыздың сүйікті мультфилімі қандай?
4. Қандай жануарды жақсы көреді?
5. Балаңызды қалай еркелетесіз?
6. Балаңыздың хоббиі жайлы не білесіз?
7. Балаңыздың жақын досы кім?
8. Туған жылы, айы, күні
9.Бала тәрбиесіне кім жауапты?
10.Балаңыз кеше қандай баға алды?
11. Ең жақсы көретін пәні
12. Жақсы көретін мерекесі
13. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
14. Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?
15. Балаңыз қандай мультфильмді жақсы көреді?