«Менің балам қандай?» ойыны Ойынның мақсаты: ата-ана баласын қалай жақсы көретінін көрсету.
Әр ата анаға әр түрлі түсиі қағаздар таратып, қолының саусақтарын айналдыра сызып, әр саусаққа баласының атындағы әріптерін жазу керек. Ары қарай ата-ана әр саусақта жазылған әріптерден басталатын баласының қасиеттерін айтуы керек. Саусақтың ортасына баланы жанұяда кімге теңейтінін салса болады. Саусақтар ватманға жабыстырылады.
Түстер де сіз жайлы сыр шерте алады. (ата-аналардың таңдаған қағаздарының түстері бойынша сипаттама)
Көк түс: Байсалдылық .Қанағаттылық белгісі. Ағзаны тыныштандырады, демалдырады. Бронхит, астма, бас сақинасына, бүйрек ауруларына жақсы көмектеседі.
Қызыл түс: Алдына мақсат қойса жетпей тынбайтын адамдар. Махаббат пен батылдықты бейнелейтін түс, бірден жұрттың көңілін өзіне аударады, сезімге берілгіш.
Қоңыр түс: Қонақжай адамдар.Бұл түсті екі аяғымен нық тұрған,өз-өзіне сенімді адам қалап таңдайды. Жүйке әлсірегенді басады.
Сары түс: Өзін де, басқаны да қуантып жүретін адамдар. Адамдардың тез араласып кетуіне жәрдемдеседі, жігерлі адамдарға тән.
Ақ түс: Мейірімді адамдар.Тазалық пен ұқыптылық басым. Ол жарықты, ашықтықты, шындықты бейнелейді.
Жасыл түс: Байсалды, өз-өзін үнемі еркін ұстайтын, жүрген ортасында белсенді адамдар.Бұл түс адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады.
Қоңыр қою түс: Ішімдегіні тап деп қарап отыратын тұйық мінезді адамдар. Бұл түс күш, тектілік пен байлыққа құмар жандардың қалайтын түсі.
« Баламның бойындағы жағымсыз қасиеттер,баламның бойындағы жағымды қасиеттер» Аялы алақанға байланысты мен бір өсиет әңгімеге тоқталғым келеді. Жағдайлы бір отбасы баласын ешкімнен кем өсіргісі келмей барлық жағдайын жасайды. Қазіргі заманның озық технологиясымен жасалынған ойыншықтар, компьютер, тіптен қымбат телефонды да алып береді. Бірақ баласы осының бәріне қанағаттанбай, күнде ата-анасының жұмысқа кетпеуін өтінеді. Ата-анасы жұмысқа бармаса болмайтынын, ақша табатынын баласына түсіндіреді. Ал, баласы осы сәтте ата-анасының күніне қанша ақша табатынын сұрап біледі.Бала сол күннен бастап ата-анасының өзіне тастап кетіп жүрген ақшасын жұмсамай жинай бастайды. Жинаған ақшасы ата-анасының бір күндік табысына жеткен күні бала ата-анасына өтініш жасайды.
— Әке, ана! Бүгін жұмысқа бармай бір күндеріңізді маған қиыңыздаршы.
Бір күнгі табыстарыңызды мен төлейін депті. (қалай ойлайсыздар бала неге өтінді?) Міне, ата-ананың аялы алақанының әсері балаға күн сәулесімен бірдей, мұны басқа ешбір нәрсе ауыстыру мүмкін емес.
«Әке- асқар тау. Ана- ағып жатқан бұлақ, бала жағасындағы құрақ»
-Олай болса,әке асқар тауымыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз, әсем болмай ма? Сыйластық пен мейірімділік орын алған отбасы ешқашанда шайқалмайды. Болашақ Қазақстанның әрбір отбасы тату болса, еліміз де тату болады. Өміріміз мәнді, тұрмысымыз сәнді, мұрагерлеріміз нәрлі болмағы өз қолымызда.