Сіз жұмыс істеп жатқан кезде балаларды ойынға тартыңыз
Сіз жұмыс істеп жатқан кезде жаныңызда балаларға ойнау мүмкіндігін қалай
беру керек туралы бірнеше идея ұсынамыз. Оларды оқи отырып, сізде басқа
идеялар туындауы мүмкін:
Сіз кір жуған кезде:
-
Балаға қолымен суды шалпылдату үшін суы бар кішкентай ыдыс беріңіз.
-
Балаға жұмсақ ойыншықтарын, дәретхананың кішігірім заттарын,
қуыршақты суға шомылдыруға және қуыршақ киімдерін жууға рұқсат беріңіз.
-
Жуылған киімдерді ілу үшін балаға кір қыстырғыштарын беріңіз.
-
Таза суы бар леген және бала суды құйып, тӛгу үшін бірнеше кішкентай
контейнер беріңіз. Үлкен контейнерді толтыруға неше кішкентай контейнер қажет
деген секілді сұрақтар қоя отырып, ойлау әрекетін дамыту және сӛздікті
байытыңыз.
-
Балалармен ән айтып, сӛйлесіңіз. Балаларды ойлауға және жаңа сӛздерді
пайдалануға итермелейтін сұрақтар қойыңыз.
Түскі немесе кешкі ас дайындағанда:
- Балаларды тамақ алдында қол жууға дағдыландырыңыз. Осылай олар
гигиена ережелерін орындауға жылдам үйренеді.
- Егер бала әлі де отыра алмаса немесе
еңбектей алмаса, айналдыруға, итеруге немесе
тартуға болатын заттар беріңіз.
- Бір-біріне ұрып, шу шығаратын әртүрлі
қақпақтар беріңіз.
-Тамақ жасар алдында мектеп жасына
дейінгі баланы кӛкӛністерді сұрыптауды, жіктеуді
сұраңыз. Кӛкӛністердің әрбір тобы туралы
сұрақтар қойыңыз; мәселен, сәбіздің түсі қандай?
Сәбіз неге ұқсайды? Үстелде неше сәбіз бар?
- Нан пісірер алдында балаға кішкене қамыр беріңіз. Баладан қамырға қандай
форма беретіндігі туралы сұраңыз.
- Ересек мектеп жасына дейінгі балаларға қауіпсіз асхана жабдықтарымен
кӛкӛніс пен жеміс-жидектерді турауға және дайындауды ұсыныңыз.
Бұта жинағанда немесе азық-түлік сату алу кезінде:
-
Баланың қолына ішінде бірнеше азық-түлігі бар кәрзеңке немесе сӛмке
ұстатыңыз.
-
Баладан кәрзеңкедегі азық-түлікті сұрыптауға, санауға және азық-түлік
туралы айтып беруге үйретіңіз.
-
Егер бала тоқтап, бір затқа үңілсе, оған уақыт беріңіз, ӛзіңіз де оны
қызықтырған затқа қараңыз, баладан байқаған зат туралы сұраңыз.
-
Сіз үйден тыс жерде, аулада жұмыс істеп жүрген сәтте сіздің кӛз алдыңызда
ойнауға рұқсат беріңіз.
-
Серуендеуге шыққанда жан-жаққа қарап, баламен айналадан не кӛргендігі
туралы әңгімелесеңіз. Ойын ойнаңыз, мәселен, жұмбақ шешу.
Ойыншық жасау
Үйдегі қарапайым заттарды ойыншық ретінде пайдалануға немесе оларды
ойыншыққа айналдыруға болады. Кішкентай балалар мен сәбилер үшін
ойыншықтарды үйде немесе қауымдастық шеберханасында жасауға болады.
Кішкентай балалар сезім органдары арқылы үйренеді, сондықтан балаларды
тыңдауға, ұстауға, иіскеуге немесе дәмін кӛруге ынталандыратын ойыншықтар
пайдалы. Барлық материалдар бала денсаулығы үшін қауіпсіз, ӛте кішкентай
болмауын қадағалаңыз, әйтпесе, бала оны жұтып қоюы, мұрынға немесе құлағына
тығуы мүмкін.
Тӛменде үй жағдайында ойыншықтарды қалай жасау керек екендігі туралы
бірнеше ұсыныстар мен кеңестер ұсынылған. Олармен танысыңыз, мүмкін, қолда
бар материалдармен қалай ойыншық дайындау туралы сізде жаңа идея пайда
болады. Сондай-ақ, осы ойыншықтар барлық балалар мен кіші жастағы балалар
үшін жарамды. Бір ғана айырмашылық – дамуында кемшілігі бар кейбір балалар
дені сау балаларға қарағанда олармен ересек жаста ойнауы мүмкін немесе
ойыншықтармен ойнағанда қосымша кӛмек немесе қарауға алу қажет.
Кӛру және есту қабілеттерін жақсартуға арналған ойыншықтар мен
ойындар
Баланың қолы жететіндей қылып, алдына
моншақ іліп қойыңыз.
Айна, фольга немесе жылтыр қағазды, түрлі-
түсті заттарды және кішкентай сылдырмақты
іліп қоюға болады
Пластмас шӛлмектен сылдырмақ. Ағаш қаламға
пластмас шӛлмекті кесіп ішіне тастарды салып
резеңкемен немесе матамен байлап сылдырмақ
жасауға болады.
Пластмас шӛлмектен сылдырмақ
Қуыршақ сылдырмақ
1)
2 матаға қуыршақты салып
2)
2-жағын біріктіріп кішкене қуыс қалдырамыз
3)
Қуыршақты теріс айналдырып ішіне кішкене тастар немесе моншақ
саламыз үстіне мақта салып тігіп қоямыз.
4)
Бетін, кӛзін саламыз
Қол аяғын қозғап ойнауы үшін.
Оңай ойындардан
бастаныздар. Доп, домалақ
жемістер, кубиктер және
сіреңке қап.
Ойын үшін негізгі материалдар
Құм және су
Барлық жастағы балалар су және құммен
ойнағанды жақсы кӛреді. Сіз екеуін бірге немесе
бӛлек-бӛлек ұсына аласыз. Құрғақ құмды елеуге,
шашуға, күреуге, кӛмуге болады. Суды тӛгуге,
шашуға, қатыруға болады, оны кӛпіршіктер үрлеу
үшін де қолдануға болады. Балалар суды құммен
араластырғанда заттардың қалай ӛзгеретіндігін кӛре
алады. Олар ылғал құмды қаза алады, ойыншық
печенье жасай алады, басқа мақсатта материалдарды
қолдана алады. Су және құммен ойнау балалардың
кӛптеген дағдыларды игеруге кӛмектеседі.
Кубик ойыны
Барлық балаларға затты бірінің үстіне бірін
қойып, құрастыру ұнайды. Олар, егер сіз рұқсат
етсеңіз, азық-түлік пакеттері мен банкілерін
қолдана отырып, жасай алады.
Қолда бар материалдардан кубик жасау
балалар үшін үйрену сабағы болады. Олар
кеңістік және ұзындық ӛлшемдерімен танысады,
олардың әртүрлі математикалық және ойлау
қабілеті дамитын болады.
Ағаштан зат жасаудан қалған қалдықтар
болса, олардан жақсы кубик жасауға болады. Сізге олардың бетін тегіс қылу және
ӛткір қырларын ӛңдеу үшін егеуқұм қағазымен бетін тегістеу қажет. Егер,
мүмкіндік болса, бетін лакпен немесе сырмен бояу керек. Сіз сүт пакеттерінен
және басқа контейнерлерден ӛз кубиктеріңізді жасай аласыз.
Картон қораптар
Барлық жастағы балалар үлкен картон қораппен ойнағанды жақсы кӛреді.
Олар қорапты зерттейді, олардың астына тығылады, олардың ішіне кіреді,
шығады және басқа да ойлап тапқан ойындар үшін қолданылады. Ересек мектеп
жасына дейінгі балалар оларды жалғыз немесе достарымен ойнауға болатын үйге
айналдыруы мүмкін.
Картондық бұйымдар-балдар үшін жақсы ойыншық
Жіктеу және санау заттары
Жапырақ, тас, қабыршық немесе басқа да
қауіпсіз ӛңделген материалдар секілді жіктеу және
санау үшін қолдануға болатын қызықты заттарды
барлық жерден табуға болады. Сіз ӛзіңіздің
балаңызға оларды бірге жинай отыра, маңызды
дағдыларды игеруге кӛмектесе аласыз. Бірдей
немесе ұқсас заттарды бір жерге жинауын сұраңыз.
Немен ұқсас, сипағанда қандай, қандай иісі бар және т.б. және әрбір топта неше
заттан бар екенін сұраңыз. Мүмкіндік болса, заттарды баланың қол жететін қорапқа
немесе контейнерге салып қойыңыз. Бала ойнап болған соң, артынан жинап жүруін
үйретіңіз.
Табиғи
материалдан басқа, балалардың талдау дағдыларын дамытатын кӛптеген арзан
арнайы заттар жасалынған.
Сурет салу және бояу үшін материалдар
Сурет салу және бояу арқылы балалар не
ойлайды және не сезінетіндігін хабарлайды.
Баланың салған суреті сізге шимай ретінде
кӛрінгенмен, қызығушылық танытсаңыз, бала сізге
сурет туралы қызықты оқиға айтып бере алады.
Балаға не салу керектігін бұйырмаңыз және ол үшін
сурет салмаңыз.
Керісінше, баланы мақтап, тағы да сурет салуын
ӛтініңіз. 3 жастағы және одан ересек жастағы балалар сурет
салуда әртүрлі материалдар қолдануы мүмкін. Балаға
қарындаш, қалам, қылқалам, желім, үйде дайындалған бояу
және кез-келген қолда бар материалдар беріңіз. Балалар
сурет салумен, тігін және керамикалық бұйым жасаумен
ересектерге қарап, үйренеді. Оларға бақылауға кедергі
жасамаңыз, одан кейін балаға ойнау үшін балаға бірнеше зат беріңіз.
Жергілікті орта мүмкіндіктерін пайдалану
Кӛптеген қауымдастықта балалар ойнай алатын жерлер бар: саябақ, ойын
алаңы, ӛзен неесе теңіз секілді табиғи орындар, кітапхана немесе хайуанаттар
бағы. Ата-аналар мен тәрбиешілерге балаларды осындай жерлерге бірге алып
баруға кеңес береміз.
Ойын барысында кӛптеген нәрселерді үйрену үшін үлкен мүмкіндіктер
береді, соның ішінде баланың басқа балалармен ойнау мүмкіндігі. Баланың ӛсуіне
қарай қатарластарымен, басқа балалармен ойнаудың маңызы арта түседі. Егер
сіздің қауымдастығыңызда балабақша немесе ерте жастан дамыту орталығы
болса, балаңызды апаруға тырысыңыз. Осы мекемедегі сабаққа балаңыздың
қатысуы үйде дамытатын пайдалы дағдылар мен білімнің кеңеюіне кӛмектеседі.
Теледидар және компьютер ойындары
Теледидар
Теледидар әлемнің барлық отбасына бүкіл әлемді танытады. Бұл кӛңіл
кӛтеру, демалу мүмкіндігі, алайда, ол балаларға кӛптеген қауіп тудыруы мүмкін:
-
Олар қатыгездік, зорлық-зомбылық, жыныстық қатынас кӛрсетілетін
кӛптеген кӛріністерді кӛруі мүмкін.
-
Олар қатыгез мінез-құлықты және ойнағанда әдепсіз сӛздерді қайталауға
тырысуы мүмкін.
-
Олар теледидар алдына кӛп уақыт отырады; теледидар ойынды
алмастыруы мүмкін.
-
Ол кӛзге зақым тигізуі мүмкін.
-
Отбасымен бірге ӛткізілетін уақыттың сапасына әсер етуі мүмкін.
Ата-ана бұл жағдайда не істей алады:
-
Кішкентай балалардың теледидар кӛру уақытын шектей алады. 5 жастан
кіші балаларға аптасына 10 сағаттан аспайтын (күніне бір сағаттан) уақыт қана
теледидар кӛру ұсынылады.
-
Балаларға сай бағдарламалар іздеу және балаларға тек сондай
бағдарламалар кӛруге рұқсат беру.
-
Осы бағдарламаларды кӛріп болған соң теледидарды сӛндіру.
-
Балалар не кӛретіндігі, әсіресе, жарнамалық хабарландыру туралы
әңгімелесуге және жарнама берушілер қандай да бір тауар және қызметті сатуды
қалайтынын, жарнама әрқашан шындыққа жанаса бермейтіндігін түсіндіруге
уақыт табыңыз.
-
Теледидарды қашықтықтан басқару пульті болған жағдайда, балалардың
қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Тіпті балаларға тетікті басуды және теледидарды
қосуды үйрену ӛте оңай.
Компьютер ойындары
Қазіргі таңда кішкентай балалар компьютермен және технологиямен
толыққан әлемде ӛсуде. Бұл пайда әкелуімен қатар зиянын да тигізеді:
-
Жақсы компьютерлік ойындар ересек мектеп жасына дейінгі балалар үшін
кӛңіл кӛтеру болуы мүмкін, ол жерде балалар белгілі бір дағдыларды үйренуі
мүмкін. Алайда оларға сақтылықпен қараған жӛн. Ол қалай болса да, ойынның
басқа түрлерін алмастырмауы тиіс.
-
Ересектерге арналған қатыгездік және зорлық-зомбылық кӛріністері бар
компьютерлік ойындарды кӛруге немесе ойнауға болмайды. Ата-аналар
балалардың мұндай ойындарға қол жетімді болуына жол бермеуі тиіс.
Әдістемелік ресурстар
Ерте жастағы балалардың ойын іс-әрекетін дамыту тақырыбы Қазақстанның
психологиялық-педагогикалық әдебиеттерінде жақсы әзірленген және кеңінен
ашылған.
Қала мен ауыл кітап дүкендерінде ата-аналар, мамандар мен балалар үшін
әртүрлі әдістемелік құралдар бар. Біздің кӛзқарасымыз бойынша,
бірнеше қызықты басылымдарды мысал ретінде келтіреміз.
Карабанова О.А. 2-7 жастағы балалардың ойын іс-әрекетін
дамыту: тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал.
Бұл құралдар мектеп жасына дейінгі баланың жетекші іс-әрекеті
ретінде ойынның сипаттамасы берілген, баланың психологиялық
даму үдерісіндегі орны кӛрсетілген. Сабақта ойын мотивациясын
қолдану мәселесі, сонымен қатар түзету құралы ретінде ойынды
қолдану мүмкіндіктері кеңінен қарастырылған. Құрал МДҰ тәрбиешілеріне,
психологтарына, басшыларына, қызығушылық танытқан адамдарға арналған.
Степанова О. А. Баланың ойын іс-әрекетін дамыту. 2010.
Мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына шолу.
Құралда заманауи мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларына
сәйкес балалардың ойын іс-әрекетін дамыту бойынша педагогикалық
жұмыс негізделетін тәсілдерге шолу жасалынған. Жиынтығында олар
ойынның мектеп жасына дейінгі баланың дамуындағы жетекші іс-
әрекет ретінде маңызды рӛлін айқындайды және қандай да бір
бағдарламалардың мақсаттары, қағидаттары, іске асыру әдістері, теориялық
негіздемесіне тәуелді оны қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін кӛрсетеді.
МДҰ тәрбиешілеріне, әдіскерлерге және меңгерушілеріне, әдістемелік қызмет
мамандарына және қосымша кәсіби білім беру, педагогикалық коллеж, жоо
студенттеріне, оқытушыларға, сондай-ақ баланың ойын іс-әрекетін дамыту
мәселелері қызыққан адамдарға арналған.
Бізді қоршаған әлем. Монтессори жүйесі бойынша балаларды
ерте дамыту. Дамытушы ойындар. 2009.
Сіздің балаңыз жақсы әрі жылдам дамығанын қаласаңыз, бұл
ойын дәл сіз үшін арналған. Осы интеллектуалды ойын арқылы
сіздің балаңыз келесідей білім алады - баланың дүниетанымы,
ойлау қабілеті, логикасы, түс қабылдауы, жеке-жеке бӛліктерден
біртұтас зат құру қабілеті және т.б. дамиды. Ғалымдар баланың
дамуы үшін дұрыс әдістемені таңдауды тым асыра бағалау мүмкін емес екенін
дәлелдеген. Баланың кішкентай кезінен қалай ӛсіп, дамуына оның қоршаған ортаға
деген қарым-қатынасы мен одан ары дамуы байланысты болады. Сондықтан ата-
ана баланың даму әдістемесін таңдау және білім беру мәселелеріне мән берген жӛн.
Бағдарламадағы жарқын анимация, динамикалық суреттер және түрлі-түсті
фотолар қосымша жазулармен болады, оқыту үдерісі барынша қызықты және
танымды бола бастайды.
Балалармен бірге ойнаймыз. Балалардың ойын іс-әрекетін
дамыту: МДҰ-да балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту.
2009.
Бұл жинаққа «Бастау» білім беру бағдарламасы және
тәрбиешілерге
арналған
«Балалармен
бірген
ойнаймыз»
әдістемелік құралы кіреді. Бағдарлама балалардың жан-жақты
дамуын, табиғатпен және туған ӛлкесінің мәдениетімен алғаш
танысуын қарастырады. Сабақтағы қарым-қатынас дағдылары,
бала ұжымындағы дұрыс мінез-құлық, сонымен қатар бірінші оқу
қабілеттері: санау, оқу, сурет салу және т.б. қабілеттері қалыптаса бастайды. Сабақ
ойын нысанында ӛтеді, бас кейіпкермен бірыңғай сюжеттік линиясы болады.
Бағдарлама баланың интеллектуалды-сӛйлеу, дене, әлеуметтік-адамгершілік
дамуына және кӛркем іс-әрекетіндегі шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға
бағытталған тәрбиешілер үшін он бір әдістемелік құралдарда іске асырылған.
«Балалармен бірген ойнаймыз» әдістемелік құралында балалардың қарым-қатынас
дағдылары мен бірлескен ойын үдерісінде алғашқы іс-әрекеттік қабілеттерді
дамытуға мүмкіндік беретін сабақтың үлгілері келтірілген. Жинақ МДҰ
тәрбиешілері мен ата-аналарға, сонымен қатар педагогикалық ЖОО-ң мектепке
дейінгі білім беру факультеттерінің студенттеріне арналған.
Әдебиеттер тізімі
Aldecoa, N. I. and de los Angeles Bautista, F.. 1998. Working with young children and
families; a Resource Book on Early Childhood Care and Development Programs in the
Philippines
Bailey, D. Hawes, H. and Bonati, G. (eds). 1992. Child-to-Child: a Resource Book Part
2, The Child-to
–
Child Activity Sheets
Brooker, L and Woodhead, M. (eds) . 2010. Culture and Learning. Early Childhood in
Focus.No. 6. Milton Keynes UK, The Open University.
Lester, S. and Russell, W. 2010.
Children’s Right to Play: An examination of the
importance of play in the lives of children worldwide. The Netherlands, Bernard van
Leer Foundation.
Trister Dodge, D. 1996. The Creative Curriculum.3
rd
edition.Washington DC, Teaching
Strategies.
UNICEF et al. 2010.Facts for Life.4
th
edition. New York, UNICEF.
www.factsforlifeglobal.org
(Accessed 2 March 2011.)
Werner, D. 2009. Disabled Village Children.2
nd
edition. Berkeley, California, The
Hesperian Foundation.
Балалардың қарым-қатынасқа түсу
тәсілдерінің кӛптігі
6-буклет
Балалардың қарым-қатынасқа түсу тәсілдерінің кӛптігі
Балалар тумысынан қарым-қатынас жасауға дайын болып келеді. Олар
дүниеге келмей тұрып ести алады және дүниеге келгеннен кейінгі бірнеше күн
ішінде анасының дауысын тани бастайды. Туылғаннан бастап қозғалыстар мен
вербалды емес тәсілдермен, жылау арқылы эмоциясын және қажеттіліктерін
білдіреді. Балалары ата-аналарына ақпарат беретін ерекше тәсілдерді түсінетін
ата-аналар баланы жуата алады және олардың қажеттіліктеріне дереу жауап бере
алады.
Сәбилер кӛптеген дыбыстар шығарып, әлемдегі
кез келген тілді үйрене алады. Алайда бір жастың
соңына қарай отбасында сӛйлейтін тілге жаттығып,
дыбыстар, әдеттерді қайталай бастайды. Олар әлі де
сӛздерді айта алмайды, дегенмен, естіген сӛздерін түсіне
бастайды.
Балаларға
тамақ
берген
кезде,
олардың
жӛргектерін
ауыстырғанда,
олармен
ойнағанда
балалармен сӛйлесу, оларға ән айтқанда, ертегі оқығанда және ертегі айтып
бергенде – осының барлығы сӛздердің мағынасын тез ұғынуға, басқа да маңызды
тіл дағдыларын дамытуға кӛмектеседі. Бұл олардың қарым-қатынасы үшін
маңызды, себебі тіл дамудың басқа саласына әсер етеді. Мәселен, сӛйлей
алмайтын бала басқа балалармен достасу қиындыққа соғады.
Балалар қолданатын тілдер
Балалар сӛйлеуден басқа әртүрлі тәсілдермен қарым-қатынас жасай алады.
Олар бет қимылдары, дене қозғалыстары және белгілермен, суреттермен, би және
әнмен, сонымен қатар әңгіме, сӛйлеу, оқу және хат арқылы ақпарат бере алады.
Сіздің отбасыңызда және қауымдастығыңызда ақпарат беру және сезімді білдіру
үшін қандай тәсілдер қолданылады?
Сурет сияқты кӛркем шығармалар арқылы ӛзінің жай-күйін білдіру
кішкентай балалар үшін маңызы зор. Балалар қолдарында қалам, қарындаш және
сурет салу қылқаламын ұстауды үйренген кезде оларды кӛп жағдайда 18
айында қолдана бастайды.
Ӛзінің алғашқы жазуын қағазға жазған кездегі балалардың жүзіндегі қуану
және таң қалу қимылдарын бақылаңыз. Бұл – олар үшін таңғажайып сезім. Енді
оларды ешнәрсе тоқтата алмас! Сурет салу барысында сӛйлей отыра, линия,
форма және түстерге тәжірибе жасайтын болады. Екі және үш жас аралығында
балалар бізбен бӛлісу үшін суретте сала бастайды. Суреттер кӛп жағдайда шимай
ретінде кӛрінгенімен, балалар үшін мәні зор болады. Бала суретке, мысалы, «құс»
деп атау беруі мүмкін. Жеткілікті сӛз қорын игерген кезде, олар ӛздері салған
суреттер бойынша әңгіме құра алады. Сіз бала айтқан сӛздермен оқиға жазып,
балаға оқып бере аласыз. Бұл сіздің балаңыздың оқып, жазуды үйрене бастайтын
ӛміріндегі маңызды кезең.
Кішкентай балалар ӛзінің идеясымен бӛліседі және ӛзінің жай-күйін ән,
рӛлдік немесе ойлап тапқан ойындары арқылы, сонымен қатар топырақ және
кубик секілді заттар мен материалдарды қолдана отыра кӛрсетеді. Оларға қымбат
материалдарды бермеген жӛн. Егер оларға мүмкіндік берсе, олар ӛзінің
идеяларын шығармашылық тұрғыда кӛрсету үшін қолда тұрған кез-келген
материалдарды қолдануы мүмкін. Балалар сіздің қауымдастығыңызда және
мәдениетте қандай кӛркем формалар қолданылуына үйренуі мүмкін. Бұл дәстүрлі
билер, ӛнер үлгілері, драматикалық спектакльдер, қуыршақ театры, ойындар,
жергілікті тілдегі ӛлең немесе хат болуы мүмкін.
Ариан салған суретті қараңызшы, ол сурет жайлы айтқанда сурет ӛз
мағынасына ие болады. Ол жақында Индияда болғанда поезға отырып қыдырған.
Суреттен оның ата-анасын кішкентай қылып және кӛп рельстерді салғанын
байқаймыз, бұл оның рельстерден алған әсерін кӛрсетеді. (Ариан, Фиджи аралы, 5
жас)
Туған тілде тыңдап, сӛйлейміз
Ата-аналар кішкентай балалармен және сәбилермен ӛз туған тілінде сӛйлегені
маңызды. Туған тіл баланың бірінші тілі болып табылады, мәдениет пен дәстүрлер
балаларға беріледі. Туған тілді меңгеру болашақта басқа тілдерді меңгеруге кедергі
болмайды.
Ӛзінің туған тілін білу және сӛйлеу маңызды
-
Бала тілсіз ата-анасымен, атасы мен апасымен және отбасы мен
қауымдастықтың басқа мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста бола алмайды.
-
Кішкентай балалар туған тілінде жақсы оқиды.
-
Тіл жоғалса, ұлттық мәдениет те жоғалуы мүмкін.
Ата-аналар не істей алады:
-
Бала ӛзінің алғашқы сӛзін туған тілде естуі үшін заттарды, дене мүшелерін
және әрекеттерді атағанда туған тілді қолданыңыз.
-
Бала осы сӛздерді айтқанда қуаныш пен таң қалу сезімін кӛрсетіңіз.
-
Туған тілде сӛйлесіңіз, ӛлең айтыңыз және ойын ойнаңыз.
-
Туған тілде ӛлең, ұйқас, қысқаша тақпақтар және т.б. ойлап табыңыз.
-
Туған тілде әңгімелер мен ертегілерді, соның ішінде ересек балаларға
арналған халық ертегілерін айтыңыз.
- Туған тілде балаларға кітап оқыңыз, ертегілер мен әңгімелерді, тіпті егер
кітап басқа тілде жазылса да, айтып беріңіз немесе суреттерді талқылаңыз.
- Баланың сӛз қорын кеңейту үшін басқа және жаңа сӛздер қосыңыз.
Мәселен, егер бала екі итке кӛрсетіп, сіздің туған тілде «ит» десе, сіз «Иә, ол
жерде екі қара ит» деп қоса аласыз. Балаға әңгімені жалғастыру қызықты болу
үшін қуыршақтарды пайдаланыңыз.
- Халық ертегісін білетін қауымдастықтағы адамдардың дауысын (туған
тілде) аудиотаспаға жазу үшін оларды шақырыңыз. Аудиотаспа және таспа
ойнаушыны жергілікті қауымдастықтың оқыту Орталығында сақтау қажет, ол
жерде ата-аналар жазбаны ӛзінің балаларына тындата алады.
- Ӛз балаңызды туған тілде мектепке барған кезде де, оқытуды және
сӛйлесуді жалғастырыңыз. Балаңыздың тілді жетік білгенін қалайсыз ғой.
Егер отбасы мен қауымдастықта бірнеше тілде сӛйлессе, ата-аналар ӛз
балаларының қандай тілде сӛйлейтінін дербес шешпеуі керек. Балалар жаңа
тілді еркін меңгереді және бір уақытта бірнеше тілді меңгере алады. Егер бір
ата-ана әрқашан бір тілде сӛйлеп (мәселен, ӛз туған тілде), ал басқа ата-ана
басқа тілде сӛйлессе, бала екі тілде сӛйлейтін болады. Басында бала тілдерді
шатастыруы мүмкін, алайда уақыт ӛте келе, бала екі тілді үйреніп алады.
Достарыңызбен бөлісу: |