Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-Әдістемелік нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата02.01.2017
өлшемі3,99 Mb.
#981
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

 

 
 
 
Ӛзін-ӛзі бақылауға үйрету 
Егер бала ӛскенде жауапты адам болғысы келсе, ол кішкентай кезінен бастап 
ӛз  тәртібін  бақылау  және  басқаруға  үйренуі  керек.  Бұл  уақытты  және  үлкендерден 
кӛмекті  қажет  етеді.  Ата-аналар  балаға  қарапайым  таңдау  мүмкіндігі  мен  оның 
салдарын  сынау  арқылы  кӛмек  бере  алады.  Мысалы,  «Сен  достарыңмен  ойнағың 
келе  ме,  әлде  бақшадағы  жұмысқа  кӛмек  бересің  бе?».  Бала  ойынды  таңдап,  бір 
мезгілде  сізге  бақшада  кӛмектесе  алмайтынына  кӛз  жеткізеді.  Келесі  қарапайым 
таңдау былай болуы мүмкін «Бүгін сен кӛк немесе қызыл кӛйлегіңді кигің келе ме?». 
Бүгін не кигісі келетініне шешім қабылдау үшін, ол ӛз-ӛзін бақылау мүмкіндігіне ие 
болады, және ӛзіне деген сенімділікті дамытуға ықпал етеді. Балаға ұсынып отырған 
екі  нұсқа  да  ӛзіңізге  қолайлы  болуын  есте  ұстаңыз.  Егер  сіз  балаңызға  «Сен  бүгін 
мектепке  барғың  келе  ме,  әлде  үйде  ойнайсың  ба?»  деген  таңдау  ұсынсаңыз,  оның 
үйде қалып, ойнаймын деген жауабына дайын болуыңыз керек. 
Балаға проблеманы шешуге үйретіңіз 
Бала үш жасқа келгеннен бастап,  оларды қарапайым проблемаларды шешуге 
үйретуге  болады.  Мысалы,  егер  ол  басқа  баланың  ойнап  отырған  ойыншығын 
қаласа,  немесе  басқа  баланы  ұрса,  онда  агрессия  танытқан  баламен  проблеманы 
талқылап, оған агрессиялық емес шешім табуға кӛмектесіңіз.  
Бұл  жағдайда  бір  балаға  немесе  екі  балаға  да  басқа  ойыншықты  ұсынуға, 
немесе  бала  ӛзі  екінші  баламен  сӛйлесіп,  ойыншықпен  бірге  немесе  кезекпен, 
әрқайсысы 5 минуттан, ойнауға келісуге болады. Кезегі келгенше үлкендердің біреуі 
уақытты  қадағалап,  ойыншықты  екінші  балаға  беру  кезін  балаларға  ескертіп 
отыруына болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Балаларды оқыту негізінде мәселені шешу: психолог кеңесі 
Психолог  Геннадий  Павленконың  пікірі  бойынша  ата-аналардың  басты 
міндеті  -  бұл  ӛмірде  барлық  жетістіктерге  жетуге  қолдау  кӛрсетіп,  кӛмектесу 
және бағыт беру, бала бойына тұрақты мінез-құлықтарды қалыптастыру.  
Ең  бастысы,  баланың  ізденіс  белсенділігін  арттыру.  Осындай  оқыту 
үрдісі  негізінде  баланы  қамқорлықсыздықтан  сақтаймыз.  Кез  келген  тұлға 
мәселені  шеше  алу,  нақты  жағдайда  не  істеу  және  қай  кезде  әрекет  етуі 
маңызды.  
Мұндай күрделі іске қалай кірісу керек? 
Кӛптеген  ата-аналар  ӛз  балаларын  дербестікке  тәрбиелеу  жайында  кӛп 
ойланады және оны тұрмыстық жағдаймен байланыстырады. Алайда, баланың 
ойыншықтарды  жинауы, киінуі, күнделікті жұмысты  орындауы, сабақ қарауы 
және т.б барлық шаруа баланы іскерлікке тәрбиелейді. Баланың ӛз іс-әрекетіне 
жауапкершілікпен  қарауы,  шешім  қабылдай  алуы  ең  күрделі  үрдіс  болып 
табылады. Ең алдымен баланың ӛзіндік таңдау және қалай әрекет ету құқығына 
назар  аударуы  керек.  Балаға  ӛз  әрекетінің  нәтижесі  неге  әкеп  соқтыратыны 
жайында  баяндау  және  «Сен  мына  ойыншық  кӛлікті  сындырып,  оның  ішінде 
не бар екенін кӛргің келеді? Солай ма?, Әрине сен бұл істі жасай аласың, бірақ 
оны бұзғаннан қайта қалпына келтіре алмайсың. Сенде ойыншық кӛлік болмай 
қалады.  Ӛзің  ойланып  кӛр!».  Баланың  уақытын  дұрыс  ұйымдастыруына  және 
ӛз уақытын дұрыс пайдалана алуына кӛмек кӛрсетіп, дағдыландыру маңызды. 
Баламен  бірлесіп  қандай  да  бір  бала  ӛміріндегі  жағдайды  таңдап,  оған  сол 
жағдайды  ӛзі  шеше  алатындай  етіп  үйрету.  Ал  бала  ӛз  әрекетіне 
жауапкершілікпен қарап, шешім қабылдау барысында ересектер тек түзетулер 
енгізуіне  болады.  Ересектер  бала  үйде  қандай  ыңғайлы  киім  киіп,  қандай 
ойыншықтармен  ойнауы  және  қайда  барып  дем  алуына  еркіндік  беруі  керек. 
Бірақ баланың бастапқы таңдауы тиімді, әрі сәтті болмайды. Мұндай жағдайда 
ересектер  дайын  болып,  оның  сол  жағдайда  жіберген  қателіктеріне  жаза 
қолданбауы  керек. Егер жіберген  қателіктері үшін ересектер ұрысатын  болса, 
жазалаған жағдайда, бала ӛзі шешімі жайлы ойлануына, шешімнің нәтижесінің 
мәнін  түсінуіне  кедергі  келтіреді.  Бұндай  кезде  балаға  түсіндіріп,  келешекте 
қалай әрекет етуіне жол беру керек.  
Егер  баланың  дербестікке  қабілеті  болмаған  жағдайда  не  істеу 
керек?  
Мұның  себептері  кӛп  болуы  мүмкін.  Мұндай  жағдайда  кез-келген 
жұмыстың  жағымды  жақтары  мен  дұрыс  таңдау  уақытын  ескеру  керек. 
Таңертең ерте сіз жұмысқа асыққан кезде, баланың ӛзіндік дағдысының болуы 
сізге  тиімді  болар  еді.  Баланы  ретсіз,  жоспарсыз  дербестікке  үйретудің  соңы 
айғаймен аяқталады.  
Ең тиімді қағида: ешқашан балаңызды тӛмендетіп, оның әрекетіне күле 
бермеңіз.  Әсіресе бӛтен ортада балаңыз берілген әрекетті ӛз бетімен орындай 
алмаған  кезде  оны  жазалау  немесе  әрекетіне  күлу  баланың  ӛзіндік  бағасы 
тӛмендеп,  дербес  әрекет  етуіне  кедергі  келеді.  Әр  бала  жеке  дара  индивид: 
кейбір  балаға  қалаған  нәтижесіне  жету  үшін  кӛп  уақыт  қажет  болуы  мүмкін. 
Сондықтан баланы барлық жағдайда, барлық уақытта оқыту беру, үйрете білу 
маңызды. Ол үшін ересектер аса шыдамдылықпен қарау керек.  
 

 
 
 
Балаларға арналған тайм-аут  
Бұл  әдіс  ӛзіндік  бағдар  жасауына,  қайта 
қалпына келуіне балалар үшін тиімді болуы мүмкін. 
Алайда  бұл  қағиданы  екі  жастан  асқан  балаға  аса 
мұқиятпен орындау қажет. Бұл әдіс балаға әрекеттің 
не  үшін  ұнамайтыны  жайлы  соңына  дейін  айтпай, 
оны біраз уақыт жалғыз қалдыруға мүмкіндік береді 
(мысалы,  бес  минутқа  бӛлмеде  жалғыз  қалдыру). 
Бала  тыныштанған  кезде  қайтадан  ойын  ойнатуға 
рұқсат беру.  
Ең  тиімдісі  баладан  ересектер  жұмысына  (тамақ  әзірлеу  т.б)  кӛмектесуі 
жайында  кӛмек сұрауға  болады. Себебі,  бала  ересектерге  кӛмек кӛрсете алатыны, 
оны жақсы кӛретіні жайлы білуі маңызды.  
Ата-аналарға арналған тайм-аут  
Кішкене балалардың әрекеті ересектерден кӛп күшті талап етеді. Уақыт ӛте 
келе ата-аналар ренішпен қарайды. Алайда олар кез-келген жағдайда бағдар жасап, 
балаға сүйіспеншілік сыйлауы қажет. Егер сіз ӛзіңізге деген бағдарыңыз жоғалған 
кезде, бірден сабыр сақтап, кейіннен бала әрекетіне назар аударыңыз. 
 Егер  бала  әрекеті  сіз  үшін  маңызды  болса,  тӛмендегі  кеңестерді  мұқият 
қараңыз,  қандай  да  бір  кӛмегі  болып,  нәтижесінде  бала  үшін  де,  ата-ана  үшін  де 
тиімді болар. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сезімтал кішкене балалар 
Кішкентай  баланың  әрекеті  сезім  мен  түйсікпен  тығыз  байланысты.  Мысалы,  балаларға 
жағымды,  жақсы  болған  кезде,  мәз  болып  күліп,  үлкендерді  қатты  қысып  құшақтайды.  Ал  оларға 
қорқынышты,  үрейлі  жағдайда  олар  айғайлап,  не  болмаса  итеріп  реніш  білдіреді.  Балалар  ӛз 
эмоциялары мен  сезімдерін  білдіре  алуына  мүмкіндік  болуы  керек.  Бала  ӛз  әрекет  басқара  алуына 
және  ӛзінің  сезімін  білдіру  әдістерін  ересектер  қолдана  алуы  маңызды.  Баламен  жиі  әңгімелесіңіз. 
Егер бала мұңлы, ренжулі болған кезде онымен сӛйлесіңіз. Баланың ренжуі қалыпты жағдай, бірақ 
сол  үшін  басқа  адамдарды  соғу  не  зиян  келтіруге  болмайды.  Алайда  балаға  ӛз  сезімін  білдіруге, 
қандай  жағдайда  екенін олар  баяндай  алмайды. Сондықтан,  бала  сезімін басқа  да  тәсілдер  арқылы 
айқындауға  болады.  Мысалы,  қандай  да  бір  нарсеге  ренжіген  кезде,  «мен  ренжулімін»  деп  айтуға 
мүмкіндік беріңіз.  
Сурет салу  
Сурет  салу  сабағында  баланың  эмоциясы  мен  сезімін  бала  қолданған  түрлі-түсті  бояулар 
арқылы білуге болады және балаға сурет салдыру барысында бояуларды қолдануға мүмкіндік беру. 
Түстердің  ішіне  қара  түсті  бояуды  да  қосуға  болады.  Егер  бала  қара  түстіні  қолданған  кезде,  бала 
қорқыныш, үрей сезімінде отырғанын кӛруге болады.  
Саз бен балшық. Саз балшықпен ойнау баланы еркіндікке бой алдырып, тыныштандырады. 
Бала қандай сезімде отырғанын әр түрлі формадағы саз балшықпен бейнелерді жасайды. 
Құм және су. Бұл ойын баланы тыныштындырады.  
Әуенмен қозғалыс жасау. Әуенді тыңдау баланы тыныштандырып, бәсеңдетеді. Балаға әр 
түрлі әуендерді (кӛңілді, баяу және т.б) тыңдатып, қалаған қозғалыстарды жасауға мүмкіндік беру.  
Сюжетті ролдік ойын  
Балалар рӛлдік ойындар негізінде ӛзінің сезімдерін қимыл-қозғалыстар арқылы кӛрсетеді. 
Ертегілер мен әңгімелер  
Бала  үшін  ертегі  мен  әңгімелер  оқу  маңызды.  Ертегілер  мен  әңгіме  барысында  балалар  ӛз 
сезімдерін  бейнелейді.  Мысалы,  бала  мұңлы  болса,  сол  баланың  соңында  қалай  жеңгені  жайында 
ертегі айтып беру. Бала ертегіні жақсы кӛреді және жиі айтып беруді қалайды.  
Дене тәрбиесі  
Кішкентай балалар жиі қозғалыста жүреді. Егер балаларға біраз уақыт тыныш отыруды талап 
етсек, онда оларға қызықсыз, әрі жағымсыз әрекет етуі мүмкін. Балаға жүгіруге, далада ойнауға, ӛз 
артық  энергиясын  шығаруға  мүмкіндік  беру,  қандай  да  бір  қызықты  әрекетпен  айналысуға 
мүмкіндік беру. 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аймақтағы қызметтер мен ресурстар 
     1991  жылы  Алматы  қаласында  балалар  мен  жасӛспірімдерге  психологиялық 
кӛмек  кӛрсететін  республикалық  психика-медицина-педагогикалық  кеңес  беру 
орындары  құрылды.  Кеңес  берілетін  мәселелер  қатарында  балалардың 
адекваттық әлеуметтік тәртібінің құрылымы жӛнінде сұрақтар бар: 
-
Мінез-құлқына; 
-
Қарым-қатынас барысындағы қиыншылықтар; 
-
Жеке-эмоциялық  проблемалар  (қорқыныш,  беймазалық,  қорғаншақтық, 
қақтығылғандық); 
-
Мектепке дайындығына диагностика жасау және т.б; 
Психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңестерге  ата-аналар  да  жеке 
бастама  ретінде  қатыса  алады.
 
Алғашқы  қабылдауға  ата-аналар  медициналық 
және  әлеуметтік-психологиялық анамнездің толық ақпаратын алу үшін баласыз 
шақырылады.  Кешенді  тексеру  нәтижесінде  мамандармен  бала  дамуында 
мінездің  психологиялық-әлеуметтік  тұжырымы  туралы  мәселе  құралады, 
балаларды  емдеу,  тәрбиелеу  мен  оқыту  жӛніндегі  сұрақтар  бойынша  ата-
аналарға кеңес беріледі. Кӛру және есту қабілетінің бұзылуы салдарынан баланы 
қажет  болған  жағдайда  кӛз  дәрігеріне  және  сурдолог  дәрігерге  жіберуі  мүмкін. 
РПМПК-ның  тұжырымдары  мен  ұсыныстары  бойынша  тәрбиелеу  мен 
оқытудағы адекватты шарттарды анықтау үшін баланы қалалық және облыстық 
ПМПК-ға  жіберіледі,  сондай-ақ  сауықтыру  орталықтарында  әлеуметтік, 
медициналық-психологолиялық-педагогикалық кӛмек алуға құқылы. 
Мекен-жайы: 050008, Қазақстан Республикасы 
Алматы қ., Байзаков кӛшесі 273А 
Тел. (7 727) 394 43 18 
Тел./факс (7 727) 394 45 17 
E-mail: 
nnpckp@mail.ru

nnpckp@mail.kz
   
 

 
 
 
Әдебиеттер тізімі
 
Bernard van Leer Foundation. 2010. Setting Our Agenda on Early Learning, Violence 
and Physical Environment. The Hague, Bernard van Leer Foundation. 
Gersten, M. 2011. Addressing children’s challenging behaviour. 
Exchange.Vol. 33, No. 
197, pp.70-73. 
Humanistic Education Foundation, 2005.Childrearing with love: Handbook for the 
Citizens. 3
rd
 edition p.77

Linke, P. 1995. Behaviour Management in Context. Adelaide, Magarey Institute. 
Newell, P. 2006. End all corporal punishment of children. In A Guide to General 
Comment 7: Implementing Child Rights in Early Childhood. The Hague, Bernard van 
Leer Foundation. 
Porter, L. 2003. 
Young Children’s Behaviour
. 2
nd
 edition.Sydney, MacLennan and 
Petty. 
Rodd, J. 1996. 
Understanding Young Children’s Behaviour
. Sydney, Allen and Unwin. 
Sorin, R. 2004.Understanding childre
n’s feelings
. Canberra, Early Childhood Australia. 
Stonehouse, A. 2006.Guiding children’s behaviour in positive ways.
www.ncac.gov.au
 
(Accessed 27 March 2011).
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
Кесте: Мені алаңдататын мінез - құлық 
 
Нәресте 
не 
істейді 
Нәресте  
жасы 
Мен қалай  
бақылаймын 
Мен  
таңдайтын, 
басқа  
мінез-құлық 
Не болды 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
Дамуында кемшіліктері  
бар балалар 
 
8-буклет 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
 
Дамуында кемшіліктері бар балалар 
 
Әрбір  бала  ерекше.  Әрбір  бала  ӛзінің  ерекшелігімен  және  жеке 
қасиеттерімен  ӛмірге  келеді,  сондай-ақ  баланың  кім  және  қандай  болатындығына 
отбасы жағдайының ықпалы да әсер етеді. Бала ӛзінің қабілеттілігін дамытуы үшін 
отбасының  және  қоршаған  ортасының  қолдауы  ӛте  маңызды.  Бұл  әсіресе  дене 
немесе  ақыл-ой  кемшілігімен  туылған,  соның  салдарынан  кӛп  азап  шеккен 
балалармен  қарым-қатынаста  маңызды.  Олар  дұрыс  жүре  де,  сӛйлей  де  алмайды 
немесе  олар  берілген  материалдарды  ақырын  меңгереді,  сонымен  қатар  оларда 
қалтыраулар  да  болады.  Кӛптеген  балалар  арнайы  қажеттіліктерді  керек  етеді, 
бірақ  біз  аталмыш  бүктемеде  дамуында  кемшілігі  бар  балаларды  немесе  кемтар 
балалардың даму мүмкіндігі туралы айтамыз. 
Дамуында  қандай  да  бір  кемшілігі  бар  дегеніміз, 
кӛп  жағдайда,  балаларға  ӛзгеше  қарау  деп 
түсіндіріледі. 
Оларға 
деген 
қарым-қатынас 
қоғамдағы  пікірге,  басқалардан  ерекшеленетін 
мәдени  дәстүрлерге  байланысты  қалыптасады
Мұндай  сана  отбасының  ӛз  баласынан  ұялуына, 
айыпталудан  қорқуға  немесе  ӛзін  кінәлі  сезінуге 
әкеп  соғады.  Отбасы  балаға  масыл  ретінде  қарап, 
керек  етпейді  және  нәтижесінде  баланы  тығып 
қойып оған немқұрайлы қарайды, тіпті баладан бас 
тартады.  Дамуында  кемшілігі  бар  кішкентай  балалар  ӛздеріне  жасалған  мұндай 
қарым-қатынасты  немесе  олардың  кемшіліктерінің  салдарынан  болатын 
келемеждеулерді  тез  түсініп  ӛздерін  түкке  тұрмайтын,  керексіз  сезіне  бастайды. 
Бұл  олардың  ӛз  күшіне  деген  сенімділігін  жоғалтып,  болашақта  олардың 
әлеуметтік  және  мінез-құлықындағы  созылмалы  қатерлі  проблемаларға  себеп 
болуы  мүмкін.  Екінші  жағынан  егер  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балалар  қоғамға 
қабылданса  онда  оларға  құрметпен  қарайды,  олар  қоғамның  толыққанды  мүшесі 
ретінде ӛсіп, қабілеттіліктері артып,бастапқы деңгейден тәуелсіз болады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Дамуындағы кемшіліктер туралы деректер 
    
Әлемде  денсаулығының  кемшілігімен  туылатын  балалар  кӛп,  мұндай 
кемшіліктер  олардың  әрі  қарай  дамуына  кері  әсерін  тигізеді.  Егер  сіздің 
балаңыздың  да  дамуында  кемшіліктер  кездессе  сіз  жалғыз  емессіз.  Мұндай 
жағдайлар  әрбір  отбасында  кездесуі  мүмкін.  Мұның  кӛптеген  себептері  де  бар: 
ата-анасы  ауруға  шалдыққан  болса  немесе  жүктілік  барысында  анасының 
жағдайы нашарласа, босану кезінде, босанғаннан кейін балалар денсаулығындағы 
кемшіліктерімен  туылады  немесе  олардың  кемшіліктері  жүре  пайда  болуы  да 
мүмкін.  Ата-аналардың  бақылау  жасамауының  салдарынан  туындаған 
кемшіліктер  жиі  кездеседі.  Әйел  адамның  денсаулығының  тӛмендігін  шектеу 
Сіз не ойлайсыз? 
Дамуында  кемшілігі  бар  адамдар  туралы  сіз  не  ойлайсыз?  Сіздің 
қоғамыңыздағы адамдар ӛзгелерден ерекшеленетін, ақсаңдайтын, білімді ақырын 
меңгеретін, тұтығатын немесе кейде сіңірі тартылып, құрысып қалатын балаларға 
қалай қарайды? 
 

 
 
 
үшін  жүктілік  кезінде  ӛз  денсаулығын  бақылауға  алуы,  вакцинацияның  барлық 
қажетті  түрлерімен  уақытылы  емделуі,  уақытылы  дұрыс  тамақтануы  маңызды. 
Сонымен  қатар  олар  босанғанға  дейін  және  босанғаннан  кейін  де,  үнемі 
денсаулықтарын  тексертіп  тұруға  міндетті.  Әрине,  кейбір  балалардың  дені  сау 
болып  туылып,  кемшіліктері  кейін пайда  болуы да  мүмкін.  Дамуындағы  мұндай 
кемшіліктер  жазатайым  оқиғалардан,  жұқпалы  аурулардан  немесе  дұрыс 
тамақтанбау салдарынан жиі кездеседі.
 
Мәселені анықтау 
    
  Әдетте ата-аналар  балаларының дамуында кемшіліктері бар екендігін  туу 
кезінде  немесе  туғаннан кейін біледі.  Ата-аналар  баласы ойнап  жатқанда немесе 
күндіз  қарапайым  іс-әрекетте  бірдеңенің  дұрыс  еместігін  байқайды.  Ата-аналар 
баласының  дамуында  болуы  мүмкін  проблемаларды  нәрестелер  мен  кішкентай 
балалардың  дыбыстарға,  сүйенуге,  кӛздің  түйісуіне,  ойыншықтарға  және  т.б. 
қалай  әрекет  ететініне  қарай  анықтай  алады.  Алайда,  кейде  проблема  мұнымен 
айқындала  қоймайды.  Үздіксіз  тексерулер  денсаулығындағы  жағдайды 
уақытында анықтауға кӛмектесуі мүмкін.  
Балалардың әртүрлі қарқынмен бір жерден түбегейлі дамығандығын және 
дамыйтындығын  ұмытпаған  жӛн.  Олардың  дәстүрлі  мәдениетінде  немесе 
қоғамдастығында  бір  қалыпты  саналатындығын  ата-аналар  білуі  тиіс.  Егер 
бірдеңеден  күмәнданса  оларға  білікті  медицина  мамандарының  кӛмегіне  жүгіну 
керек.  Аталмыш  оқиғада  ата-аналарға  қандай  мәселе  және  қандай  шараларды 
қабылдау тиіс екендігі туралы дәрігер немесе медбике тексеру жүргізгеннен кейін 
айтады. Кӛмекті барынша тезірек кӛрсеткен жӛн. Бұл баланың сауығу мүмкіндігін 
жоғарлатады  немесе  денсаулығындағы  кемшіліктерді  азайтады.  Сондай-ақ  бұл 
денсаулықтағы  проблемаларға,  құлақ  және  тері  инфекцияларына  да  қатысты. 
Мұндай  инфекциялар  баланың  мінез-құлқына  және  оның  дамуына,  оқуына  кері 
әсерін  тигізеді.  Мысалы,  құлақ  ауруларында  немесе  жиі  құлағы  суықтайтын 
балаларда есту қабілеті нашарлайды. Соның салдарынан олардың мінез-құлқында 
проблемалар туындап, мектептің жоспарынан қалып қояды. 
Дамуы шектеулі балаларды қарапайым ӛмірге қосу 
Барлық  басқа  балалар  сияқты  дамуында  кемшілігі  бар  нәрестелер  мен 
балдырғандар  сезіну  және  эмоциялық  қажеттіліктерге  ие.  Басқа  балалар  сияқты 
олар  да  мынадай  құқықтарға:  бала  тууды  тіркеуге,  сақтану 
үшін  егу  қолдануға  (иммундануға),  дұрыс  тамақтануға,  білім 
алуға,  зорлық-зомбылықтан  қорғануға  және  қатал  болуға 
құқылы. 
Дамуында 
кемшілігі 
бар 
нәрестелер 
мен 
балдырғандар  басқа  адамдардан  оңашаланбауы  тиіс.  Олар 
отбасындағы  күнделікті  ӛмірге,  қоғамға  қосылып,  ӛзге  дені 
сау  балалармен  бірге ойнауы  керек. Тиісті қолдау  кӛрсетілсе, 
дамуында  кемшілігі  бар  балалар  ӛздерінің  кемшіліктерімен 
күресуді  үйренеді  және  есейеді,  ӛмірде  қоғамға  белсене 
қатысады. Ата-аналар үшін балаларының дамуында кемшілігі 
болғаны  ӛте  қиын  болуы  мүмкін.  Мұндай  отбасылар  ӛмір  сүріп  жатқан  қоғамда 
бар  ма,  оларға  қолдау  кӛрсетіп,  қоғамға  қабылдайды  ма,  жоқ  па  бұл  үлкен 
мағынаға  ие.  Сондай-ақ,  ата-аналар  ӛз  балаларының  денсаулығындағы 
кемшіліктерді кӛруден басқа баласының біртұтас дамып келе жатқандығы туралы 
ойлай  алатындығы  маңызды.  Әйтсе  де  бала  дамуының  бір  саласынан  кемшілігі 
болса, басқа қырынан оның мықты қабілеті болуы мүмкін. Мысалы, кӛптеген дене 
кемістіктері бар балалар оқуда қиындық туғызбайды. Ерекше дарынды балалар да 

 
 
 
кездеседі.  Тіпті,  дамуында  ақыл-ой  кемістігі  бар  балалар  оқуға  қабілетті. 
Физикалық  тұрғыда  кӛпшілігі  мықты  және  дені  сау,  егер  ата-аналары  үйдегі 
қарапайым жұмыстарға үйретсе, олардың қолынан келеді. 
 
Дамуында кемшілігі бар балаларды қолдау 
 
Егер туылғаннан  кейін  ӛз  уақытында  проблемаларды  шешу 
үшін  қажетті  шаралар  қолданылса,  барлық  дамуында 
кемшілігі  бар  нәрестелер  мен  сәбилердің  жағдайын 
жақсартуға болады. Ол қандай да бір арнайы қызметті талап 
етпейді.  Ӛз  балаларын  жақсы  кӛретін  отбасылар  және  ата-
аналар  кӛп  нәрсені  істей  алады.  Сондай-ақ  қоғамға  да 
сондай қатынаста болады. Басқа балалар сияқты қоғамның белсенді мүшесі болуы 
үшін мұндай балаларға ӛз еркімен әрекет етуіне кӛмектескен жӛн. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет