АТА-АНАЛАРҒА БАЛАНЫ ДАМЫТУДА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
НҰСҚАУЛЫҚ
Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-әдістемелік кӛмек беруге нұсқаулық
материалдар Бангкок ЮНЕСКО мен Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және
Ӛзбекстан
бойынша
ЮНЕСКО
Кластерлік
кеңсесінің
қолдауымен
«Қазақстандағы баршаға білім беру» Қауымдастығының сарапшыларымен
дайындалған.
Осы жарияланымда қолданылған атаулар мен материалдар қандай да бір
мемлекеттің, аумақтың, қаланың немесе ауданның немесе олардың тиісті басқару
органдарының құқықтық мәртебесіне, сондай-ақ шектеу сызықтары немесе
шекараларына қатысты ЮНЕСКО тарапынан пікір білдірушілік болып
табылмайды.
Аталған түйіндемедегі деректерді жинақтағаны мен ұсынғандығы үшін авторлар
жауапты, сонымен қатар міндетті түрде ЮНЕСКО пікірі болып табылмайтын
және Ұйымға ешбір міндеттемелер жүктемейтін пікір білдіргені үшін
жауапкершілікке тартылады.
Ғылыми редактор:
Игенбаева Бижан Құрманғалиқызы, ―Мектепке дейіңгі балалық шақ‖
Орталығының директоры, педогогика ғылымының кандидаты.
Техникалық редактор:
Кеншінбай Темірболат Ыбырайұлы, Қорқыт ата атындағы Қызылорда
Мемлекеттік Университетінің Халықаралық Қатынастар Департаментінің
директоры, филология ғылымының кандидаты.
2014 ж. жарияланған
«Қазақстандағы баршаға білім беру» Қауымдастығы 050000,
Алматы қ.,
Гоголь кӛшесі , 84А, 207 кеңсе,
тел.: +7 727 2669407
тел./факс: +7 727 2663956
e-mail:
nc@erasmusplus.kz
,
neo@erasmusplus.kz
Кіріспе сӛз
Қазақстанның білім беру саясатында мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту ӛте маңызды
орын
алады.
Сондықтан
біз
ЮНЕСКО-ның
Бангкоктағы сарапшыларының бастамасымен Ата-
аналарға педагогикалық білім беру халықаралық
Бағдарламасы аясында әзірленген «Ата-аналарға
баланы дамытуда педагогикалық-әдістемелік кӛмек
нұсқаулығы
(бұдан
әрі-
АБДПӘКН)»
мен
«Фасилитаторларға арналған әдістемелік құрал»
әдіснамаларын қолдаймыз.
Бағдарламаның негізгі мақсаты - Нұсқаулық пен
Әдістемелік құрал әрбір баланың толыққанды ӛмір
сүруіне, оның дұрыс дамуы мен денсаулығын
қамтамасыз етудің маңызды рӛлін терең түсінуге, ерте жастағы балаларды
тәрбиелеу мен оқыту бойынша ата-аналар, тәрбиешілер және басқа да
қызметкерлердің құзыреттілігін кӛтерумен айналысатын бейресми білім беру
ұйымдарына ақпараттық-әдістемелік кӛмек кӛрсетуге бағытталған.
АБДПӘКН кіріспеден және мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
мен оқытуға қатысатын барлық тұлғаларға арналған нақты заманауи
ақпараттардан, нұсқаулықтардан құралған тоғыз бӛлімнен тұрады.
Нұсқаулыққа қосымша ата-аналар мен тәрбиешілерді және сол салаға қатысты
тұлғаларды
тәжірибелік
оқытумен
тікелей
айналысатын
фасилитатор/бапкерлерге арналған әдістемелік құралдың болуы ӛте маңызды.
Ерте жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту жағдайындағы Бангкок
ЮНЕСКО материалдарының мазмұнын Қазақстанға бейімдеуге Алматы
ЮНЕСКО
қолдауымен
«Қазақстандағы
баршаға
білім
беру»
Қауымдастығының мамандары маңызды үлес қосты. Олардың кӛмегімен
республикамызда мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың шынайы
саясатын кӛрсететін, сонымен қатар бейімделген нұсқаулық тәжірибе жүзінде
ата-аналармен жұмыс және балаларды тәрбиелеуде пайдаланылатын
ақпараттық, нормативтік, иллюстративті - кӛрнекілік қосымшаларымен
толықтырылды.
Біздің кӛзқарасымыз бойынша, Нұсқаулықта қарастырылған барлық
мәселелер ата-аналардың және сәбилер мен балалардың күнделікті күтіміне
жауаптылардың, сонымен қоса әкелердің де қызығушылығын оятып,
құндылығын арттыра түседі. Әрбір бӛлімдері қызықты, әрі ӛзекті мазмұнды
құрайтын Нұсқаулық тек қана мектепке дейінгі ұйымдарға ғана емес,
педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне де ӛте қажет деп санаймыз.
Біз ӛз тарапымыздан Азия-Тынық мұхиттық Аймақтық Бюросының
(Бангкок
ЮНЕСКО)
басшылары
мен
сарапшыларына
ата-аналар,
тәрбиешілер, қызығушылық танытқан ұйымдар және жекелеген тұлғаларға
бала тәрбиесіндегі ағарту жұмыстарын жақсартуға негізделген құнды да ӛте
маңызды материалдар әзірлегені үшін алғысымызды білдіреміз.
Мектепке дейінгі және орта білім
Департаментінің директоры Ж.Жонтаева
Мазмұны
Алғы сӛз...................................................................................................
Қауымдастық қатысуымен балаларды тәрбиелеу: Кіріспе...................................
Ата-аналарға
баланы
дамытуда
педагогикалық-әдістемелік
кӛмек
бағдарламасына шолу……………………………………………….......................
Семинарлар кімдерге арналған?..............................................................................
Семинарларда қаралатын мәселелер………………………………………….......
Сабақтардың ұйымдастырылуы……………………………………………….......
Қосымша ақпараттарды қайдан алуға болады?......................................................
Буклеттер:
1 - «Балаларға қамқорлық жасау»
2- «Бала дүниеге келді»
3- «Бала дамуы»
4- «Денсаулық және тамақтану»
5- «Бала ӛміріндегі ойын»
6- «Балалардың қарым-қатынасқа түсу тәсілдерінің кӛптігі»
7- «Кішкентай балалардың мінез-құлқы»
8- «Дамуында кемшіліктері бар балалар»
9- «Біз мектепке барамыз»
Алғы сӛз
Ерте балалық шақ – адам баласының дамуындағы
маңызды кезең. Ӛмірге алғаш қадам басу жылдарында
мидың дамуында елеулі ӛзгерістер болып жатады, ӛз
отбасымен және одан да кеңірек қауымдастықпен қарым-
қатынасқа түсуі баланың одан ары дамуына зор әсерін
тигізеді.
Ерте жастағы баланы оқыту мен тәрбиелеуді кеңейту
және жетілдіру – Баршаға білім берудегі (БББ) алты
мақсаттың бірі болып табылады. Алайда, сол мақсаттың бірі
жетістікке жетуге аз кӛңіл бӛлінеді және ӛмірдің барлық
ағымында
оқытудың
маңызды
негіздерін
құруда
мемлекеттік қаражаттар ӛте аз бӛлінеді.
Барлық балаларды ерте дамыту Бағдарламасын кеңейтуге және оның сапасын
жоғарылатуға шақыра отырып, ата-аналар мен отбасылардың тиімді тәрбиеші мен
тәлімгер болуына кӛмектесу мақсатында ЮНЕСКО балаларды тәрбиелеуге ата-
аналарды дайындау (педагогикалық білім беру) бағдарламасының кеңінен
таралуына мүмкіндік береді. «Жергілікті Қауымдастық Орталықтары және
Қамтылмағандарды ӛмір бойына оқытуға тарту үшін Баламалылық бағдарламасы»
жобасының бӛлігі ретінде Білім берудің Азия-Тынық мұхиттық Бюросы (ЮНЕСКО
Бангкок) Жергілікті Қауымдастықты Оқыту Орталықтары ұсынған ата-аналарға білім
беруді қолдау арқылы ерте жастағы балаларды бейформалды оқыту мен тәрбиелеу
сапасын жақсартуға бағытталған «Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-
әдістемелік кӛмек» нұсқаулығын дайындады.
Ата-аналарға
баланы
дамытуда
педагогикалық-әдістемелік
кӛмек
нұсқаулығының мақсаты ақпараттылық деңгейін кӛтеру және ерте жастағы балаларды
оқыту мен тәрбиелеудің маңыздылығын, сонымен қатар балаларды оқытумен,
олардың денсаулығы мен дамуын, бақытты болашағын қамтамасыз етумен
айналысатын тұлғалардың атқаратын маңызды рӛлін ерекше атап кӛрсету болып
табылады. Бұл құрал барлық мүдделі тұлғаларға, оның ішінде ата-аналар, әжелер мен
аталар, аға мен әпкелерге, қауымдастық мүшелеріне ерте жастағы балаларды оқыту
және тәрбиелеу туралы маңызды практикалық ақпарат беру үшін арнайы
құрастырылды.
Осы құрал кіріспеден және тоғыз бӛлімнен тұрады, әрқайсысы бала күтімі мен
тәрбиелеуіне қатысатын тұлғалардың қарапайым материалдарды қолдана отырып,
пайдаланатын нақты әрекеттер мен сабақтардан тұрады.
Қоса берілген ата-аналарға педагогикалық білім беру бойынша «Фасилитаторлар
Нұсқаулығы» осы бағдарлама бойынша ата-аналарды практикалық оқытумен
қамтамасыз ететін фасилитаторларға арналған.
Құрал мен Нұсқаулық ғылыми зерттеу негізінде және Бангладеш, Мьянма,
Пәкістан, Самоа, Вьетнам секілді Азия-Тынық мұхиттық аймағының бес елдеріндегі
шолу нәтижесінде айқындалған ата-аналар қажеттіліктері мен тәжірибесі негізінде
дайындалған.
Құрал мен Нұсқаулық жергілікті жағдайларға бейімделген, жоғарыда аталған бес
елдің тілдеріне аударылған және басқа елдерді біздің Кеңседен кеңес алу негізінде осы
жұмысқа қосылуға шақырамыз.
Азия-Тынық мұхиттық аймағы елдерінің әртүрлі әлеуметтік және мәдени
жағдайларына жеңіл бейімделетін қарапайым, сондай-ақ ақпараттандыру
тұрғысынан ауқымды болатын «Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-
әдістемелік кӛмек» нұсқаулығы мен құралын дайындау оңайға соқпады. Оған
Ашима Капур қолдауымен және Нұсқаулық пен Құралдың басылып шығуына,
жобаның жалпы үйлесімділігін қамтамасыз еткен ЮНЕСКО Бангкоктағы Мами
Умаяхара мен мәтінді дайындаған тәуелсіз кеңес беруші Глен Палмер кӛмегімен
қол
жеткізілді.
Сонымен
қатар,
осы
жарияланым
негізіндегі
шолу
қорытындыларының есебін дайындаған Луис Харвиге алғысымызды білдіреміз.
ЮНЕСКО Бангкок ұйымдастырған семинарда шолу ӛткізуге қатысып, ӛте
маңызды үлес қосқан, семинар кезінде практикалық кеңес берген Бангладеш,
Мьянма, Пәкістан, Самоа және Вьетнам ӛкілдеріне үлкен рахмет.
Ерте жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша
ЮНЕСКО Бангкок
Кеңес беру Комитеті мүшелері: Хамид А.Хаким мырзаға
(ЮНЕСКО Бангкок), Лаура Петерсон
(Қолдар жүрекке Интернешнл), Мак
Хаяшикава (ЮНИСЕФ-EAPRO) және Йошие Кага (ЮНЕСКО Париж)
түсіндірмелері мен ұсыныстары арқасында, сонымен қатар Дэвид Фейнголд және
Жюстин Сас
(ЮНЕСКО Бангкок) қосқан үлесі арқылы қ
ос жарияланым
толықтырылып, жетілдірілді.
Осы жарияланымның жарыққа шығуына қаржылық кӛмек кӛрсеткен Жапония
халқы мен Үкіметіне алғысымыз шексіз.
Ұсынған жарияланымдарды оқыған кезде зор қанағат алатыныңызға сенемін.
Сіздерді ерте жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қолдаушысы және ӛз
отбасыларыңызда және қауымдастықтарыңызда кішкентай бүлдіршіндердің тиімді
тәрбиешілері болуға шақырамын.
Кванг-Джо КИМ,
ЮНЕСКО Бангкок
Директоры
Кіріспе. «Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-әдістемелік
кӛмек» бағдарламасына шолу
«Жергілікті Қауымдастық Орталықтары және Қамтылмағандарды ӛмір бойына
оқытуға тарту үшін Баламалылық бағдарламасы» жобасының бӛлігі болып табылады
және Азия-Тынық мұхит аймағындағы түрлі елдеріндегі Жергілікті Қауымдастықты
Оқыту Орталықтарында (ЖҚОО) ӛткізілген семинарлардан тұрады.
ЖҚОО – білім берудің ресми жүйесінен тыс қызмет ететін жергілікті білім беру
орталықтары немесе ұйымдары. Кӛп жағдайда оларды оқытудың әртүрлі
мүмкіндіктерін беру мақсатында жергілікті қауымдастық құрады және олардың
қызметін басқарады. ЖҚОО қолдану аясы кең екендігін, білім беру мүмкіндіктерін
қамтудың, әсіресе, білім беру жүйесінің ресми жүйесі шеңберінде қамту күрделі
болатын топтар үшін тиімді платформасы болып табылатындығын дәлелдеді.
Ата-аналарға баланы дамытуда педагогикалық-әдістемелік кӛмек семинарлары
нәрестелер мен кішкентай балаларды күту және олардың даму мәселелерін
қарастырады. Бӛлімдер пен сабақтар арқылы ата-аналар балаларын жаңа ақпаратпен,
жаңа идеялармен таныстыру мақсатында семинарлар дайындалған. Семинарлар
қатысушылары әр тақырыпқа қатысты тәжірибе алмаса алады және мәселелерді
талқылауға мүмкіндіктері бар. Әр семинарда оларға бӛлім беріледі, оларды ӛзімен
алып кете алады, ақпаратпен ӛз отбасы мүшелерімен және басқа қауымдастық
мүшелерімен бӛлісе алады.
Семинарлар кімдерге арналған?
Балаларға қамқорлық жасау - барлық қауымдастыққа қатысты мәселе.
Сондықтан да, ата-аналарға педагогикалық білім беру семинарлары кішкентай
балалардың қалай дамитындығы, ересектер және үлкен балалар оларға қалай
кӛмектесе алатындығы туралы кӛбірек білгісі келген тұлғаларға арналған. Бұл ата-
аналарға және нәрестелер мен кішкентай балаларға күтім жасайтын, оның ішінде ӛз
баласының тәрбиесінде маңызды рӛл атқаратын әкелерге ерекше құндылық болып
табылады.
Семинарларда қаралатын мәселелер:
Кіріспені толықтыру ретінде семинарларда тоғыз тақырып қаралатын болады.
Әрбір семинар жеке тақырыпты қамтиды және әр тақырыпқа бӛлек бӛлім ұсынылады.
Тоғыз тақырып тӛменде кӛрсетілген.
1-тақырып: Балаларға қамқорлық жасау.
Бұл тақырып ата-ана болудың мәнін, сәбилердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне
отбасы мүшелері және қауымдастықтың қандай жауапкершілік тартатындығын
ашады. Сондай-ақ, жаңа туылған нәресте және кішкентай балалардың қажеттіліктері
мен құқықтары туралы ақпарат береді.
2-тақырып: Бала дүниеге келді.
Бұл тақырыпта жүктілік, босануға дейінгі, босанудан кейінгі кезеңде ана мен
сәбидің денсаулығы және қамқорлығы туралы мәселелер қарастырылады. Ана
сүтімен тамақтандыру кезінен бастап ана мен сәбидің арасындағы тығыз байланысқа
ерекше мән беріледі.
3-тақырып: Бала дамуы.
Бұл тақырыпта бала миының дамуы, оның жалпы дамуы мен тану үдерісі
мәселелері түсіндіріледі. Баланың әртүрлі жас кезеңдегі дамуы сипатталған, ата-
аналарға балалардың тұлғалық әлеуетін дамуы мен іске асыруына қалай кӛмектесуі
керек туралы кеңестер беріледі.
4-тақырып: Денсаулық және тамақтану.
Бұл тақырып нәрестелер мен кішкентай балалар үшін ықтимал қауіптер мен
тәуекелдерді сипаттайды. Сонымен қатар, балалар үшін толыққанды тамақтанудың
маңыздылығы кӛрсетілген.
5-тақырып: Бала ӛміріндегі ойын.
Бұл тақырыпта балалардың жан-жақты дамуына ойынның қалай ықпал
ететіндігі кӛрсетілген. Кішкентай балалардың ойыны үшін сыртқы ортаның
объектілері мен материалдарын қалай қолдану, балалармен жүргізуге болатын
сабақтарды ұйымдастыру бойынша практикалық кеңестер берілген.
6-тақырып: Балалардың қарым-қатынасқа түсу тәсілдерінің кӛптігі.
Осы тақырыпта балалардың қарым-қатынасқа түсуінің кӛптеген тәсілдері
қарастырылады. Баланың ана тілін маңыздылығына ерекше кӛңіл бӛлінеді. Оқу мен
жазудың берік іргетасын құруға себін тигізетін кеңестерді қоса алғанда, баланың
сӛйлеуін дамытуына кӛмектесетін сабақтарды ұйымдастыру бойынша кеңестер
берілген.
7-тақырып: Кішкентай балалардың мінез-құлқы.
Бұл тарауда кішкентай балалардың мінез-құлқы, әртүрлі шақта қандай мінез-
құлықты күтуге болатындығы туралы ақпарат берілген. Қатаң жазалаудың орнына
позитивті тәсілді қолданудың маңыздылығы кӛрсетілген. Осы тақырып бойынша
кӛптеген позитивті әдістер мен тәсілдер берілген. Алғашқы қадам ретінде балалармен
жылы ӛзара қарым-қатынасты орнатудың қажеттілігіне зейін аударылған.
8-тақырып: Дамуында кемшіліктері бар балалар.
Бұл тарау отбасылар мен қауымдастықты барлық балалардың тұлғасын
құрметтеуге, әрбір баланы отбасы мен қауымдастық ӛміріне қосуына шақырады. Ол
дамуында кемшілігі бар балаларға бағытталған және осындай кішкентай балаларға
қолдаудың кӛптеген идеяны ұсынады.
9-тақырып: Мектепке барамыз.
Мектеп ӛмірінің басталуы – барлық кішкентай балалардың ӛміріндегі
маңызды кезең. Бұл тарауда мектептегі уақытты барлық балалар үшін табысты және
жағымды тәжірибеге айналдыру мақсатында ата-аналар, отбасы мен қауымдастықтың
басқа мүшелері қалай ынтымақтасуы керек туралы кеңестер берілген.
Сабақтардың ұйымдастырылуы:
Фасилитаторлар қатысушылармен бірлесе семинарларды ӛткізудің жиілігін
шешеді. Әрбір семинар екі сағат шамасында болады, алайда қатысушылардың тілегі
бойынша қысқа немесе ұзағырақ болуы мүмкін. Барлық семинарлар интерактивті, яғни
қатысушылар бір-бірімен әңгімелесетін, талқылайтын және пікір алмасатын сабақтар
ұйымдастырылатын болады. Мұндай сабақтар кӛп жағдайда кіші топтарда ӛтеді. Кейде
оларға ойындар, рӛлдік ойындар және оқытуды белсендірудің басқа да қызықты
әдістері де қосылады.
Қосымша ақпараттарды қайдан алуға болады?
Егер семинарға қатысушылар ӛткен не жаңа тақырыптары бойынша кӛбірек
ақпарат алғысы келсе, оны фасилитатормен талқылауға болады. Фасилитатор нақты
қауымдастықтың тыңдаушыларының сұраныстарына сай келетін қосымша семинарларды
ұйымдастыра алады және оқуға арналған қосымша материалдарды дайындай алады.
Қазақстандағы ата-аналар мен ЮНЕСКО Бангкок фасилитаторларына
арналған материалдар мазмұны балаларды тәрбиелеу және дамытудың жергілікті
жағдайларына бейімделген.
Осы мақсатта сарапшылардың пилотты топтары қолда бар ата-аналарға
арналған бӛлімдер және фасилитаторларға арналған ұсыныстарға қосымша 100-
ден астам фотосуреттер, суреттер және 5 кесте, 30-ға жуық ақпараттық-
әдістемелік кіріктірмені (республиканың аймақтарында бар ресурстар мен
қызмет кӛрсетудің сипаттамасын, балалар ӛлеңдерін, жаттығуларды,
Қазақстанда жарық кӛрген мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мәселелері
бойынша оқу-әдістемелік әдебиетке аннотацияларды, ата-аналарға қосымша
пайдалы сілтемелер тізімін қоса алғанда) жинақтады.
Фото иллюстрацияның негізгі кӛзі жобаға қатысушылардың отбасылық
мұрағаттары, сонымен қатар бӛлімдердің тақырыптарына сай келетін
материалдар, Қазақстандық сайттар болып табылады. Ата-аналарға арналған
нұсқаулық пен фасилитаторларға арналған құралға қосылған фото
ақпараттардың негізгі электронды кӛздерінің тізімі келтірілген:
www.bota.kz/index.php/articles/
www.dknews.kz/tag/дети
www.elim.kz/forum/lofiversion/index.php?t2703.html
www.kidskz.narod.ru/
www.lenta.kz/news/?article=342165
www.nashaagasha.org/social/
www.today.kz/ru/news/kazakhstan/2012-06-27/68390
www.unicef.kz/ru/services/child_welfare/
www.vesti.kz/society/57051/
www.yk-news.kz/novost
Балаларға қамқорлық жасау
1 буклет
Балаларға қамқорлық жасау
Кішкентай балаларға қамқорлық жасай отырып, тәрбиешілер (ата-аналар,
әжелер мен аталар, ағалар, апалар, отбасы мен қауымдастықтың басқа да
мүшелері) ӛте маңызды рӛл атқарады. Қоғамның келешегі олардың қолдарында.
Барлық балалар ӛзін біреулердің жақсы кӛретіндігін, қауіпсіздікте
болатындығын, дені сау, бақытты, қауымдастық пен қоғам ӛміріне белсенді
қатыса алатындығын сезінуі керек. «Балаларға қамқорлық жасау» кітапшасы
балалар махаббат пен қамқорлықты сезінуге кӛмектесетіндей әзірленген. Бұл
кітапшада балаларға қамқорлық жасайтындар үшін олардың рӛлдері мен
жауапкершілігі, балалардың құқықтары мен оларды зияннан қалай қорғау
керектігі туралы ақпараттар берілген.
Біз махаббат пен қамқорлыққа бӛленгенбіз!
Үйде және балабақшадағы Демалу және ойнау мүмкіндігі
қауіпсіз орта
Дос болу мүмкіндігі Сүйетiн адамдарымен қарым- қатынас- әр
ауыртпалықтардан басты қорғанысы
Достарыңызбен бөлісу: |