2-жаттығу: «Дыбыстық гимнастика» Нұсқау: Психологтың нұсқауы бойынша берілген әріптерді хормен қайталау. Психолог айтылған әріптердің адам ағзасы үшін маңыздылығын түсіндіреді.
А – дыбысы, барлық ағзаның жұмысын жақсартады
Е – дыбысы, қалқанша безінің жұмысын күшейтеді
И –ми, көз, құлақ, мұрынның жұмысын жақсартады
О –жүрек және өкпенің жұмысын белсендіреді
Х- барлық ағзамыздың тазаруына көмектеседі
Ха – ха – көңіл күйді көтереді.
Жүректен шыққан жылы сөздер:
3-жаттығу: «Мейірімділік шуағы»Ғалымдардың айтуынша, баланың таңертеңгі ұйқыдан қандай көңіл-күймен тұруы – бүкіл бір күндік көңіл-күйіне әсер етеді екен.
1. Сіз балаңызды таңертеңгі ұйқыдан қалай оятасыз?
2. Балаңызға ризашылығыңызды қалай білдіресіз?
3. Балаңыз сізге қандай көмек көрсетеді?
Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін» - деп перзентін әлпештеп өсірген ата-ананың жатса-тұрса тілейтіні – баласының алдыңғы қатарлы азамат болып өскені.
4-жаттығу: Бала мен ата-ананың қаншалықты бір-бірлерін түсінесе алатын байқау үшін ортаға 3 ата-ана баласымен ортаға шақырамыз.
Ойынның шарты: Ата-анамен баласының бір қолдарын байлап, берілген фруктымен нареска жасау уақыт 10 минут беріледі.
Қалған ата-аналарға: Ым-ишара арқылы берілген сөздерді ата-анаға жасыру. Іс қыймыл арқылы, сөйлеуге болмайды.
5-жаттығу: Ата-аналарға арналған ситуациялық сұрақтар
Балаңыз сабақтан қашып,колледжден ерте келді, не істейсіз?
Балаңыз ұялы телефон алып бер деп жылады. Сіз: «Шамалы шыдай тұр, уақытында алып беремін» - дедіңіз. Балаңыз тыңдамай есікті тарс жауып кетіп қалды. Сіздің әрекетіңіз?
Балаңыз болашақ мамандығын ұнатпай, сабақ оқығысы келмейтінін айтты. Сіздің әрекетіңіз?
Кейбір ата-аналардың баласының әрбір істеген іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сенің қолынан келмиді, сен істей алмайсың», деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?