Нәзипа Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжі
«Ата-ананың алақаны – балаға саялы бақ»
(Колледжшілік ата- аналарға арналған семинар-практикум)
Арқалық қаласы 2022-2023 оқу жылы
«Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ»
Колледжшілік ата- аналарға арналған семинар-практикум
Өткізген күні: 20.12.22
Өтетін жері: Акт залы
Тренингтің мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына жеке тұлға болып қалыптасуына ата- ана тәрбиесінің үлесі зор екендігін түсіндіре отырып, қарым - қатынас орнату. Ата-аналарды өздерінің балаларының жан-дүниесін түсінуге білуге және қиындықта қол ұшын соза білуге ықпал ету.
Қатысушылар: колледжшілік ата-аналар мен білім алушылар.
Тренинг ережесі:
- Тренингке берілген регламентті сақтау;
- Тренинг барысында бір-бірінің сөзін бөлмеу;
- Қатысушылармен бірігіп жұмыс жасау;
- Қатысушылар бір – біріне кедергі келтірмеу
Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Ата-ананың алақаны-балаға саялы бақ» атты семинар-практикумға қош келдіңіздер!
Ата –ана тілегі баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады.
Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырып демеуші ата-ана.
Ұйымдастыру кезеңі: Танысу ата-аналар аты-жөнің айтып, мінездерінің сәйкестігін анықтау
1 -жаттығу «Менің мінезім»
Мақсаты: Өзіне деген сенімділігін, өзін тануға деген қабілеттерін анықтау.
Әрбір қатысушы білезіктей шеңбер сызып, оны төртке бөледі.
Әр бөлікке төмендегі жануар, аң, құс аттарын жазып шығады.
Түйе, Жылқы, Сиыр, Қой, Ешкі, Ит, Мысық, Тауық, Қаз, Аққу, Қарлығаш,
Үйрек, Бұлбұл, Арыстан, Қасқыр, Түлкі, Маймыл, Қоян, Тауешкі, Тасбақа, Жылан, Балық.
Соңында
1. Үйде,
2. Жұмыста,
3. Жолдастарының арасында,
4. Өзіндік баға деп бөлінген бөліктерге жазылған жануарлар, құстар адамның сол бөлікке қатысты мінездемелермен танысады.
Жауабы:
1. Түйе - шыдамды
2. Жылқы - тектілік
3. Сиыр - өкпелегіш
4. Қой - жайдарлылық
5. Ешкі - ұйымдастырушылық
6. Ит - адалдық
7. Мысық - биөрісі басым адамдар
8. Тауық - шығармашыл
9. Қаз - тазалық
10. Аққу - сезімтал
11. Қарлығаш - бауырмал
12. Үйрек - ұқыптылық
13. Бұлбұл - әнді жақсы көретін
14. Арыстан - қайратты
15. Қасқыр - жігерлі
16. Түлкі - бейімделгіш
17. Маймыл - әртістік қабілеті бар
18. Қоян - елгезек
19. Тауешкі - талғамы жоғары
20. Тасбақа - мейірімді
21. Жылан - салқынқанды
22. Балық - еркіндікті қалайды
Талдау: жаттығудан алған әсеріңіз? Өзіңізді теңеу қиын болды ма?
Достарыңызбен бөлісу: |