«Ата баласы» аталған соң,Қарыпхан атамның естелігіне арнадым



бет2/3
Дата05.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#71670
1   2   3
Шежіре жазылу мақсаты.
Жоғарыда жазылу себебін айтқан едім,ендігі басты мақсаты келесіде.
Мен қарастырған үлкен шежіре кітаптарында біздің аталар қате жазылған,кей жерлерде толық жазылмаған,тіпті шатастырған жерлері де бар.Бұл жерде шежірешілерді айыптаудан аулақпын,алайда осылай қате жазылудың түсіндірмесі бар.
Қазақ тарихында ауыртпалы қиын заманда,мәселен 20-шы ғасыр басындағы ашаршылық,соғыс кезеңдерінде талай бала жастайынан шетінеп,не болмаса жетім-жесір қалып жан-жаққа пана іздеп қаңғырып кетті.Асырап алынғандар,немесе нағашы жұртында қалғандар да болды.Осы жәйттер шежірешілердің қателік жіберуіне себеп болғаны сөзсіз.
Сәбитұлы Есентай айтуынша аталар бір ауылда отырған,немесе көршілес ауылдар аталас болып шоғырланған болатын.Мысалы біздің Сәмен,Тоқсанбай,немесе Сыбанқұлдар Ақбайтал,Шолан,Обалы ауылдарында отырған.Осыны ескерген шежірешілер,мысалы Құдагелдіұлы Қоңырбай(Қожагелді елінен.Қожагелді Сатыйдың атасы) ауылдағыларды жазып алып,көзден таса кеткен Қарыпханды ел аузынан естіп басқа атаға жазып кетуі мүмкін еді.Ал Қарыпхан болса соғыс жылдары шешесі Күлзадамен нағашы жұртында отырған.Нағашылары болса Көкжарлы руының Бөрте елі.Сол Күш-Бірлік Бөртелер ауылынан шежірешілер мына Сатыйдың Қарыпханынын қайдан тапсын?! Тура осы сияқты шешесі Мақыппен нағашы елі Матай қонысына кетіп қалған Қалидың Сағынған деген ұлы да жазылмай кеткен.
Сондықтан қате кеткен жерлерді көрсетіп,келер ұрпақ шатаспас үшін ең алдымен осы мәселеге тоқталып өту керек.
«Терістаңбалы шежіресі» атты кітаптан(Сыдықов Мүсәйіп Қыдырханұлы,Павлодар 2013 ж.) мысалдар.

Қарыпхан мен Армия Сатыбалдыларға жазылып кеткен(145-ші бет).Қате жазылу тармағы келесідей:
Сатыбалды-Көрпебай-Тасжан-Назарымбет-Байғали-Қисамбы-Байжұма,Байжұмадан Қарыпхан,Армия,Дәуітқан туған деп көрсетілген.
179-шы бетте Садықты Қоқабайдан(дұрысы Қоқыбай) деп,Тоқсанбайға Қанай қате телінген.Бұған қоса,Сәлменбайдың өзге бауырлары көрсетілмеген.
181-ші бетте Сатыйдың ұлы Алтыбай тармағына осы аталарды екінші мәрте қайталап жазған.Алтыбайда Шажы деген ұлды көрсетіпті,мүмкін Медеттің Шажың есімді әйелімен шатастырған шығар.



Назарларыңызға Фазылжан Қабдуахитұлының қолжазбасын ұсынамын,бұл жазба өз атасын өзі жазғандықтан дұрыс деп құпталады.

Шежіре тарқатпас бұрын Сатый атамыз жайлы бірер сөз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет