«Ата баласы» аталған соң,Қарыпхан атамның естелігіне арнадым



бет3/3
Дата05.03.2023
өлшемі1,64 Mb.
#71670
1   2   3
Терістаңбалы Сатый батыр (1706-1780 ж.ж.)
Ұлытауда Кеңгір өзенінің бойында аталарының қонысында дүниеге келген.Әкесінің және ағаларының жасағында жастайынан соғыс тәсілін жете меңгереді.1723-1725 ж.ж. “ақтабан шұбырынды,алқа көл сұламадан”-17 жасынан бастап,Еділ қалмақтарымен Балқаш көлі маңында болған ең соңғы шайқасқа дейін қатысқан айтулы батыр.1759-1762 ж.ж. Ұлытаудан Терістаңбалы наймандарды Қалба қойнауына әкеліп қоныстандырушы батырлардың бірі.Қазіргі Ұлан ауданы жерін жоңғарлардан арылту соғысына белсене араласады.Батыр 1780 ж. Аллаһ Тағаланың ақ бұйрығымен ажалынан,өзінің таңдап қонған қонысында ахиреттік болыпты.
Сатый батыр жайлы Терістаңбалы руында аңыздар жетерлік,соның біреуін назарларыңызға ұсынамын.
Жайылмыстың інісі Жақас жас өліп,әйелі Тоқбала сұлу емшектегі баласы Малғарамен жесір қалады.
Жақастың жылын берген соң,Сатый 17-18 жастағы жас өспірім жеңгесі Тоқбаламен көңіл қосады.
Жарылғап батыр,Қожагелдінің кенжесі,әмеңгерлікке Тоқбаланы өзім аламын деп жүреді екен.Сатый Тоқбаламен көңіл қосыпты.Сатыйдың басын аламын деп ашуланып жатыр деген хабарды естіп,ол,Бура елінің басты адамы,Құтыкенің баласы Құдайқұл бай нағашысына қашып кетеді.
Қыс өтіп,жас шыға батырлар қалмақтан кек алуға аттанады деген хабарды естіп,Сатый Құдайқұлдың көп жылқысынан,сыншыға таңдатып,екі аттың тілін буып жаратады да,нағашысынан рұқсат сұрайды.Нағашысы басында «Әлі жассын,бойын өсіп бүғанаң қатқанда барасың»-деп, тартыншақтаса да,аяғында болмаған соң,батасын береді.
Батырлар қалмаққа барған соң,келгендерін хабарлайды.Сонда қалмақтар тілек етеді:
-Біз жас батырларымызды шығарамыз,сендер де жас батырларыңды жекпе-жекке шығарыңдар дейді.
Бұлардың ішіндегі ең жасы 17-жастағы Сатый өзі тіленіп шығады. Сатыйдың жолы болып,қалмақтың батырын өлтіреді.Жеңіс қазақтар жағында болып,қайтады.
Бұл жолы Жарылғап батыр ауырып,жорыққа бара алмай қалған екен. Аздап сауыққан соң,жолға шығып,батырлардың алдынан жолға кісі қойыпты. Жеңіспен қайтты деген хабарды естіп,алдарынан шығады.
-Жеңісті кімнің қайратымен алдыңдар?-деген де:
-Сенің інің Сатый батыр қамалды бұзды-депті,батырлар.
Жарылғап батыр Сатыйды құшақтап сүйіп,өзінің әйел үшін басын аламын деген қатесін мойындап,Сатыйды нағашысына жібермей,еліне алып келіп,алдымен Тоқбаланы некелеп Сатыйға қосады.
Найманнан бастап Сатый батырға дейінгі ата-буын(Сағди Қапасұлының нұсқасы).












Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет