позиция, литературное познание, исторический выбор.
ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. №6 (164). 2016
5
ӘОЖ 82.0(091); 82.09(091);
82.0(092); 82.09(092)
Әбдиманұлы Ө.,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және
әлем тілдері факультетінің деканы, профессор, ф. ғ. д., Алматы қ., Қазақстан,
e-mail: abdimanuly@rambler.ru
Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымының айтулы
өкілдері ретінде Дулат, Шортанбай, Мұрат сынды үш ақынды
үнемі бірлікте ауызға аламыз. Алайда, бұлардың ағымы ортақ
болғанмен, ағыны бөлек, әрқайсысының өзіне тән ой айту, сөз
саптау мәнері мен машығы бар. Айтарына арқау етер тақырып
реңкінде де өзгешелік байқалады. Сондықтанда оларды же-
ке-жеке қарастырып, өзіндік ерекшеліктерін айқындаудан
ұтарымыз мол.
М. Әуезов зар заман ағымына кімдер кіреді деген сұрақ
қойып, оған «Бізше бұл ағымға ХІХ ғасырда болған ақын-
дардың бәрі кіреді. Бұл ғасырда қазақ ақындары екі алуан
болған. Біреуі: есі кірген ойлы ақындар, нағыз зар заманның
өз ақындары, екіншісі елдің қызық-сауығын саят қылған айтыс
ақындары» [1, 207-208] – деп, жауап береді. Ал енді «ес кірген
ойлы ақынның» ірісінің бірі бізше – Мұрат Мөңкеұлы.
Мұраттың алғашқы зерттеушілерінің бірі Халел Дос-
мұхаметұлы. Алаш арысы, атақты ғалым ақын туралы мәлімет
бері келе «Мұраттың заманы – бостандық үшін шегескен ердің
бәрі жер тіреген заман» [2, 94] – деп өмір сүрген заман сипа-
тын нақты айғақтайды. Дулат пен Шортанбай Арқада жүріп,
орыстың өңмендеген отаршыл пиғылынан шошып, ел оятуға
қам етсе, Мұрат екінші қиырдан – батыстан «алқалаған» топқа
түсіп, сор замандағы орыс озбырлығын ортаға салады. Дулат
орыс отаршылдығыныа тән сипатты түгел танып, түп тамы-
рын қазса, Шортанбай дін жарығын шырақ етіп, қам көңілге
сәуле еткісі келеді. Ал Мұрат ел-жұртының алтын бесігі туған
жерден айырылған зар-күйіктің запыранын сыртқа шығарып,
«Мәңгілік Елдікті» аңсаған отаншылдық рухты алға ұстайды.
Мұрат ақында Дулаттағы ел мінін табу, Шортанбайдағы дінді
алға ұстану жоққа тән. Ол өлеңінің өзегіне арқау еткен тақырып
айшығы – туған жер. Ал, туған жер – «Мәңгілік Елдіктің» ал-
тын қазығы. Мұраттың мұңы мен зары туған жерді қасық қаны
қалғанша қорғап өткен ата-баба айбынын жоқтау, жоқтау
арқылы кек қайрау. Осы тұста Мұрат шығармашылығын
толыққанды зерттеген Б. Омаровтың мына бір пікірі ойға
қонымды, жүрекке дөп келеді. Ол: «Зар заман ақындарының
әрқайсысының қоғамдағы өзгерістерді пайымдауы әр басқа.
Сондай-ақ Мұраттың да қалыптасқан өзіндік көзқарасы, жеке
Достарыңызбен бөлісу: