Атқа міну мәдениеті



Дата28.11.2022
өлшемі25,06 Kb.
#53317
Байланысты:
БОЖ 1

Еуразия өркениетіндегі атқа міну мәдениетінің қалыптасуының тарихи маңызы


  1. Атқа міну мәдениеті

Ең алғаш атқа міну мәдениеті қазақ жерінде басталғаны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданындағы Ботай қонысында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған жылқы сүйектерін зерттеу негізінде дәлелденді. Мұнда табылған аттардың азу тістерін­де ауыздықтың ізі қалған. Ол жерден сол замандағы ат әбзелдері, кәдімгі құрық, теріден тігілген шалбар, тізеден асатын тері етік, тымақ та табылған. Британиялық ғалымдар ботайлықтар тұтынған керамикалық ыдыстардан қымыздың жұғынын анықтаған. Бұдан ботайлықтар жылқыны мініс көлігі ретінде пайдаланып қана қоймай, бие сауып, қымыз ашытып, шипалы сусын өндіруді де меңгергенін көре аламыз. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дəуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргі­зіл­ген қазба жұмыстары жылқы­ның тұң­ғыш рет қазіргі Қазақстан аума­ғын­да қолға үйретілгенін дəлелдеді. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті Ұлы даладан тараған деп айтуға толық негіз бар.

Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты.
Кез келген материалды көшіріп жариялау, бөлісу үшін qazradio.fm сайтына сілтеме берілуі тиіс

.2. Атқа міну мәдениетінің салт-дәстүрдегі орны

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінез-кұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, атқа міну, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім-тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады. Қазақ халқы салт-дәстүрге бай. Әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, дағды бәрі осы салт-дәстүр көрінісі.

Халқымыз ұл бала дүниеге келсе «атқа мінер дүниеге келді» , «атқа мінеріңнің бауы берік болсын» деп құттықтасып , шуласып жатады. Қазақта ұл баланы 3-5 жастан атқа отырғызып үйрете бастаған

3.Атқа міну мәдениетінің тарихы

Қазба қалдықтары жылқының б.з.б. 7000 ж. бұрын-ақ Азия менЕуропада қолға үйретілгендігін дәлелдейді. Жылқы тұқымдасыесек, құлан, зебр, жабайы жылқы болып 4 туысқа бөлінеді. Үй жылқысы жабайы жылқыға жатады, одан басқа оған керқұлан(немесе Пржевальский жылқысы) және қазір жойылып кеткенТарпаң жатады. Соңғысы 19 ғ. дейін Батыс Қазақстан, Батыс Сібір,Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарын және кейбір Еуропа елдерін мекен еткен. Керқұлан үйірлері қазір Моңғолияда ғана кездеседі. Көптеген ғалымдардың зерттеулері бойынша үй жылқысының ең жақын тегі осы керқұлан. Жабайы жылқының сүйегі Францияның солтүстігінен көп табылған.Америкада жабайы жылқы болмаған, қолға үйретілген жықылар кейін тағыланып (мустанг деп аталады) кеткен.

Ежелгі дәуірлерде-ақ қазіргі Қазақстан аумағы жылқының қолға үйретілген мекені болғандығын археологиялық қазбалар дәлелдейді. Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолитдәуірінде (б.з.б. 4-3-мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2-мыңжылдық), Қазақстанның барлық аймақтарынан кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1-мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) ежелгі Қазақстанда жылқының қолға үйретіліп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленіп, әдет-ғұрыптық рәсімдердің ажырамас бір бөлігіне айналғанын көрсетеді.

Қазақ даласы күллі адамзаттың өміріне елеулі әсер еткен оқиғаларға куә. Ата-бабаларымыз жылқыға қатысты ашылған барлық жаңалықтың бастауында тұр. Демек, атқа міну мәдиениеті - Ұлы даладан тараған, деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан, Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген бастамаларды зиялы қауым өкілдері ғылыми дәйектермен толықтыратын уақыт жеткендігін айтты. Олардың пікірінше, маңызды мақаланың ерекшелігі - алдымен адамзаттың тарихына, соның ішінде төл тарихымызға деген жаңа тәуелсіз көзқарас. Ежелден ат баптаған қазақтар жаһандық мәдениетті дамытуға үлес қосқан. Тіпті, мұны ежелгі сақ, ғұн дәуірінен бері келе жатқандығын зерттеген батыс тарихшылары да мойындады.


Нұрдәулет Ақыш, филология ғылымдарының докторы, жазушы:
- Атқа мінудің мәдениеті, әбзелдері осы қазақ даласында пайда болғанын Еуропа ғалымдары да жазған. Мысалы, иықты киім осы атқа байланысты шыққан деп айтады. Ал, оны ертедегі римляндар, гректер «тога» дейді.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет