Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік



бет18/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
annotation5725

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:

1.Қарастырылып жатқан сақтандыру затына мыналарды жатқызуға болады:

- қылмыс жасауы мүмкін тұлғаның қоғамға жат әрекеттері мен өмір салты;

- осы тұлға құрылымының оның бұрмаланған мазмұнын (қоғамға жат бағыттылығын) көрсететін және анықтайтын әлеуметтік элементтері;

- әлеуметтік маңызы бар психофизикалық ерекшеліктер (олардың түзетуге, өзгертуге, емдеуге шалдығу дәрежесіне қарай);

- тұлғаның келеңсіз қалыптасу және оған отбасындағы, басқа да тұрмыстық ортадағы, еңбек ету, оқу, бос уақыт өткізу салаларындағы, басқа да ең алдымен, қоғамға жат мазмұндағы микроәлеуметтік топтардағы криминогендік әсер ету жағдайлары, сондай-ақ жеке болмыстың қолайсыз жағдайлары.

2. Сақтандыру субъектілерінің жұмысы үйлестірілген болуы, ал шаралар – бір-біріне ұқсамай, өзара толықтырып тұруы тиіс. Мысалы, кәмелетке толмағандар қылмыстарының сақтандыру субъектілерінің қызметіндегі үйлестірушінің рөлін кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссия атқарады, бұл олардың басты рөлі, ал кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың есебін жүргізудің оларға қажеті жоқ, себебі онымен ішкі істер органдары айналысуы тиіс. Қазіргі құқықтық реформаға сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушыларды білім беру жүйесіне енгізу дұрыс емес пікірді қалыптастырады. Себебі құқық бұзушылардың әрекетін сақтандыруды ішкі істер органдарының сесі арқылы қылмыстан сақтандырудың бірден бір себебі болып танылады.

3. Жеке-сақтандыру арқылы әсер етудің келесі әдістерін бөліп шығару маңызды: сендіру, көмек көрсету, мәжбүрлеу. Сақтандыру әдісі ретінде сендіру – бұл сақтандырудан өтушілердің қоғамға жат бағыттылығын өзгерту және оң әлеуметтік бағдарды нығайту мақсатымен жүзеге асырылатын тәрбиелеу, түсіндіру шаралары. Сендіру - сақтандыру әдісі ретінде қылмыстың жасалуына алып келуі мүмкін негізгі қоғамға жат бағдарларды еңсеру немесе бейтараптау үшін тұлғалардың сақтандыру есепте тұруы кезінде қолданылады.

Субъектілердің сенімдерін, көзқарастарын қалыптастыру арқылы қайта тәрбиеленуіне, яғни олардың қорыққаннан емес, нанымы бойынша мораль заңдары мен нормаларын бұзбауына, азаматтарды қоғамның қолында бар барлық әдістермен әрі қарай тәрбиелеу барысында қол жеткізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет