Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу



бет2/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
annotation5725

Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу

Электронды оқу құралы – Алматы, 2013 .- 90 б


Бұл электронды оқу құралында меншікке қарсы қылмыстардың алдын алудың криминологиялық сипаттамасы, меншікке қарсы қылмыстарыдың детерминациясына және меншікке қарсы қылмыстардың қазіргі таңдағы жағдайына, себептеріне толығымен талдау жасалған.

Меншікке қарсы қылмыстардың себептері, жағдайы және динамикасы зерттеліп, қылмыстық құқық теориясындағы және қылмыстық заңнамадағы меншікке қарсы қылмыстардың криминологиялық мониторингі қарастырылған.

Бұл электронды оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне арналған.
Автордың келісімінсіз бұл еңбекті шығаруға тиым салынады.

@ Атаханова Г.М.,


АЛҒЫ СӨЗ
Құқықтық саясат ішінде қылмыстылықпен күресу саясатының маңызы зор, өйткені ол құқық бұзушылықтардың, әсіресе меншікке қарсы қылмыстылығымен күресу қызметімен тікелей байланысты. Қылмыстық саясатты жүзеге асыру барысында меншікке қарсы қылмыстылығымен күресуді тиімді ұйымдастыру, оның ішіндегі бұзылған мүліктік құқықты қамтамасыз ету мәселелері қазіргі Қазақстанның ең маңызды деген стратегиялық бағытын құрайды. Өйткені, меншік бүгінгі таңдағы әлеуметтік дамуды анықтайтын негізгі фактор болып табылады.

Қылмыстылықтан сақтандыруды ұйымдастыру жүйесінде елімізде біршама түбегейлі оң өзгерістер байқалады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев бастаған құқық қорғау органдарының жүйесін реформалау, қылмыстық құқық саласын ізгілендіру, қылмыстылықпен күресуде мүліктік құқықты жоғары дәрежеде қорғау алдыңғы орынға қойылды.

Құқық қорғау органдарының күнделікті қызметінде криминологиялық мониторингті талдай білу де қылмыстылықтан сақтандыру жүйесінің жұмысының тиімді қызмет етуіне оң әсері сөзсіз.

Істелген қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес.

Қазіргі қылмыстық саясатты ізгілендіру уақытындағы тағы бір ерекшелік, екі тауық ұрлағаны үшін бас бостандығынан айыру емес, қылмыстарды мөлшерлі, ұқыпты декриминалдау немесе ауырлығы орташа қылмыстар үшін жауаптылықты жеңілдетуге бағытталған.

Қоғамдағы осындай процестер туралы, меншік түрлері үшін қолданылатын жазаның тиімділігі қажет екендігін, қылмыстық заңдағы қай нормалардың ескіріп, қандай жаңа нормалардың қажет екендігін анықтау, декриминалдау, криминалдау барысында меншікке қарсы қылмыстарды тереңірек теориялық зерттеудің маңызы өте зор.

Осының барлығы монографиялық зерттеудің өзектілігін анықтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет