Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:
1.Қылмыстылықтан сақтандыру- құқықтық тәртіпті сақтаудың, құқықпен қорғалатын құндылықтардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету, сақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан сақтандырып қана қоймай, қоғамды тұрақсыз адамдардан қорғайды, олардың қылмыскерге айналуына жол бермейді, сол арқылы қылмыстық жазаның туу мүмкіндігін жоққа шығарады» деген Ю.Д. Блувштейннің [1, 9-10 б.] позициясын өте орынды деп есептейміз.
2. Ішкі істер органдарының қызметкерлері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жиірек құқықтық тақырыптарға байланысты ақпараттар беріп, жастар шоғырланатын орындарға жиі барып құқықтық насихаттар жүргізуі керектігін айта кету керек.
3. Мүліктік қылмыспен күресуде сақтандырудың басты бағыттары болып, біріншіден, адамның пайдакүнемдік ниетін әлсірететін жан жақты шараларын жүргізу қажет. Екіншіден, қайшы аморальдық психофизиологиялық мінездермен күресудің терең ғылыми тұрғыдан зерттеудің қажеттілігін түсіндіру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |