Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:
1. Қылмыстардың басым көпшілігінің (89%) ішкі істер министрлігінің құрылымына жататын полицияның тергейтіні, сәйкесінше тіркейтіндігі құпия емес. Қаржылық полицияның үлесін қылмыстардың 8,5%-ы құрайды. Қалған қылмыстарды (2,5%) басқа құқық қорғау органдары тергейді. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен қолға алынған құқықтық реформа бойынша құқық қорғау органдарының жүйесінің өзгеруі де оңтайлы іс болмақшы. Жаңа реформа елдегі криминалдық жағдайды нақты бағалауға бағытталған. Сондықтан қылмыстылық жағдайы мен серпінін талдау кезінде субъективті факторды ескеру қажет. Дегенмен де, қылмыстылық көрсеткіштеріндегі өзгерістердің шешуші шарты құқық қорғау органдарының қызметі мен қатар түбегейлі елдегі әлеуметтік және экономикалық жағдай болып табылады.
2. Соңғы жылдардағы көрсеткіштердің нәтижесі бойынша қылмыстылық құрылымындағы тонау жағдайларының үлес салмағы шамамен 6,1%/4,7%, ал қарақшылықты - 1,4% құрады. Сонымен қатар олар көбінесе қалалар мен қала типтес ауылдарда жасалатындығын байқадық (2008 ж. мәліметтер бойынша қарақшылық ≈ 80,6%, тонаушылық ≈ 84,2% құрады).
3. Қылмыстылықтың қазіргі таңдағы жағдайын талдау мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді: көшеде жеке мүлікті ұрлау жағдайлары барлық көше ұрлықтарының шамамен 40% құрайды.
Көлік құралдарын ұрлап әкету оқиғаларының саны өсуде, екі жылдың ішіндегі (2008, 2009 жж.) өсу қарқыны 80% құрады, ал жалпы көше ұрлықтары көлеміндегі үлес салмағы 9% жуық.
Пәтер тонау, қалтадан ұрлау қылмыстары көбінесе (80% дейін) күндізгі уақытта жасалады. Ірі қалалардағы автомотокөліктерді ұрлаумен, бөлшектеумен, айдап әкетумен байланысты қылмыстарға жасалған талдау олардың 85%-ы кешкі және түнгі уақытта жәбірленушілердің тұрғын үйлерінің маңында жасалатынын көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |