Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік



бет13/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
annotation5725

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде біз төмендегідей тұжырымдарға келдік:

1. Адамның тұлғасын зерттеу ғылымының саласына сәйкес әрқилы физикалық, анатомиялық, психофизиологиялық, медициналық, психиатриялық, социологиялық т.б. аспектілері зерттелді. Ал қылмыстардың, оның ішінде пайдақорлық қылмыскердің тұлғасын зерттеу өзінше ерекше аспект, оның мақсаты пайдақорлық қылмыскердің қылмысқа бару себептерін, ол себептерді тегеуіріндеу, алдын алу шараларын іздестіру болып табылады.

2. Бұл міндеттерді шешу барысында позитивтік философия жағынан факторлар теориясы (Бектам мен Монтескьенің адамның іс-әрекетін факторлар негізде жүйелеу), Дарвиннен бастау алған адам жөнінде табиғаттану ғылымдарын қоғамдық құбылыстарды, қоғамдық дарвинизм аталған, түсіндіру сияқты теориялар орын алды.

3. Әрине адамның іс-әрекетінде оның тұлғасының барлық қасиеттерінің қатысы бар, сондай –ақ биологиялық қасиеті (факторлар үлкенді-кішілі роль атқарады).

4. Қылмыскердің тұлғасын зерттеуде ғылыми әдебиеттерде айтылып жүрген адам тұлғасы шын мәнінде жеке адамға қасиетті абстракт емес барлық қоғамдық қажеттіліктердің жиынтығы деген ережемен келіспеске болмас.

5. Меншікке қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты күшейту қажеттілігіне әлеуметтік ахуалдың лепті ықпалы болып отыр. Меншікке қарсы қылмыс жасаған адамдардың 2005 ж. 30 және одан жоғары жастағылардың үлес салмағы 39,8%, ал 18-29 жастағылар – 42,2% құраса, 2006 жылы 30 және одан жоғары жастағылардың үлес салмағы 38,7% болса, 18-29 жастағылардікі – 37,8% түскен. Меншікке қарсы қылмыс жасаған адамдардың ішінде жасы кәмелетке толмағандардың алатын орны ерекше. Олардың 2005 жылдағы үлес салмағы 25,25%, ал 2009 ж. – 20,49% құрауы азайған сияқты болып көрінгенімен, іс жүзінде бұл тұста латенттілік деңгейінің жоғары екендігі, ал меншікке қарсы бірқатар қылмыстарды қылмыстық жауапкершілік жасына жетпеген адамдар жасайтындығы байқалады. Кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскерлердің арасында тағы да басым бөлігін – ер жынысты жас өспірімдер құрайды.

Бұдан біз ұрлық жасайтын адамдардың басқа бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсушілерден айырмашылығы, олардың адамгершіліктерінің құлдырауы және қоғамға қарсы бағыттылығының тууы қылмыс жасағаннан әлдеқайда бұрын басталатындығын көруімізге болады.

Сондықтан адамның іс-әрекеті – қоғамға пайдалы ма, әлде қайшы ма- объективтік және субъективтік факторлардың, қарым- қатынастардың нәтижесі екенімен келісу қажет.

Объективтік факторлар индивидтің нақтылы өмірлік жағдайы- еңбегі; тұрмысы; оның жағдайы; оның ортамен қарым- қатынасы.

Субъективтік факторлар адамның бірімен бірі себепті байланыстағы кең компонентті ерекшеліктері мен қажеттіліктері, психофизикалық құрылымы, интеллектуалық деңгейі (ақыл-ой өрісі), моральдық ұстанымы.

Қылмыстылықты іздестірудің мақсаты-нақтылы тұлғаның іс-әрекетінің әлеуметтік түбірін ұғыну және заңдылық тұрғысында тұлғаны әлеуметтік дұрыс жолға түсіру шараларын іздестіру.

2.3 Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу, оларды сақтандыру шараларының жоспары және концепциясы


Қылмыстылықтан сақтандыру (немесе бір мағынаны білдіретін қылмыстардан сақтандыру)–қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын іздестіру және ашу, сондай-ақ оларды тегеуіріндеу шараларын жасау тұрғысынан қоғамдық қатынастарды реттеудің ерекше саласы болып табылады. Мұндай қызмет өзінің мәні бойынша басқарушылық сипатқа ие. Қылмыстардан сақтандыру аясындағы басқарудың ерекшеліктері субъектілердің ерекшеліктеріне /олардың құқықтық жағдайына/, әсер ету объектілерінің ерекшеліктеріне /қылмыстардың жасалу себептері мен жағдайларының кешеніне/, сақтандыру қызмет түрлері мен әдістеріне және т.б. байланысты. Бұл ерекшеліктерді білу, яғни басқару заңдылықтарын қылмыстардан сақтандыру процесімен айқындау осы салада басқаруды ұйымдастырудың ғылыми негізделген ұстанымдары мен критерийлерін, түрлері мен әдістерін, басқа да құралдарын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді.

Қылмыстан сақтандыруды жіктеу критериясына, яғни жалпы және жеке сақтандыруға ең алғашқы болып көңіл бөлген А.Г. Лекарь болатын [285,33 б.]. Сақтандыруды жіктеу қылмыспен күресуде өз деңгейімен шектелген.

Меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу саласындағы сақтандыру қызметтің ерекше алуан түрлілігімен көзге түсетіні белгілі. Бұл ғалымдардың қылмыстылықтан сақтандыру теориясының ұғымдық-категориялық аппаратына ерекше назар аударуына себеп болып отыр. Сақтандыру түрлерінің, формаларының, әдістерінің, деңгейлерінің сан алуандығы, қызмет субъектілері мен сақтандыру әсер ету объектілерінің көптігі аталған ұғымдардың теориялық зерттелуін осындай күрделі әлеуметтік қызметті басқарудың бірыңғай критерийлерін айқындау бағытында жалғастыру қажеттігінің пайда болуына себеп болып отыр. Қазіргі зерттеу әдістері қылмыстың басқарушылық процесс ретінде сақтандыруға қатысты әртүрлі пікірлерді, көзқарастарды, пайымдауларды жүйелендірудің ғылыми тәжірибесін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, бұл мәселенің шешілуі, сақтандыру қызметтің күрделі жүйесін басқаруды ұйымдастыру проблемасына жол табуды жеңілдетеді.

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру аясындағы теориялық түйіндеулердің деңгейінің жоғары болуына қарамастан, біздің зерттейін деп отырған мәселеміз ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді. Ғылыми зерттеуге сүйене отырып, меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру теориясы қылмыстылықты туындататын келеңсіз құбылыстар мен процестерді бейтараптау шараларының тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді.

Алайда, теория мен практиканың арасындағы объективті қарама-қайшылықтар әлеуметтік өмірдің төтенше тұстарының соқтығысуы өз кемеліне жетіп отырған меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу аясында қатты байқалады. Сондықтан ғылыми ұсынымдар мен ұсыныстар тәжірбие кезінде әрдайым елеулі кедергілерге кез болады, ал бұл кедергіні жеңуге әрқашан мүмкіндік туа бермейді.

Бұл қиындықтар неден туындады? Осыншама қажетті өзгерістерге, құқық қорғау жүйесін қайта құруға қандай себептер әсер етті?

Жалпы қылмыстылықпен күресте, әсіресе меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру шараларына бағдарлануы құқық қорғау органдары жүйесіндегі бірқатар ұйымдастыру шешімдерінің қабылдануы растап отыр. Меншікке қарсы қылмыстылықпен күрес жүргізетін қызметтердің басқарушылық блоктарын жетілдіру, әділет жүйесі қызметкерлерінің саяси және құқықтық мәдениетіне қойылатын талаптарды арттыру, қылмыстылықпен күресудің ұзақ мерзімді стратегиясын жасау міндеттерін қою және олардың іске асырылуын жоғары қадағалау, халықаралық ұйымдармен жұмыс байланыстарын реттеу және олармен қылмыстылықтың сақтандыру бойынша бірлескен шараларды өткізу қажет.

Меншікке қарсы қылмыстардан (кез-келген құқық бұзушылықтардан) сақтандыру әлеуметтік басқарушылық қызметтің күрделі түрі болып табылады. Олардың ішінде экономикалық, саяси-құқықтық, тәрбиелеу, әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық, медициналық және басқа да аспектілердің орны алады. Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру қызметтің барысында қылмыстылықты туындататын себептер мен жағдайларға әсер ету әдістері мен құралдарының кешені жасалады. Ал оларды нәтижелі іске асыру үшін басқарушылық, ұйымдастыру-құқықтық, техникалық, психологиялық-педагогикалық және басқа да міндеттерді шешу қажеттігі туындап отыр. Қоғамдық өмірдің көптеген тұстарымен тығыз байланыс сақтандыру қызмет пен оның күйінің сипатын табиғи жолмен алдын ала болжайды [297].

Меншікке қарсы қылмыстылығымен күресу аясындағы сақтандыру қызметі ең алдымен, қылмыстылықты тудыратын әлеуметтік факторлар, келеңсіз құбылыстар мен процестер туралы мәліметтерге сүйенеді. Сонымен бірге, меншікке қылмыстылық себептері мен жағдайларын іздестіру және оларды жан-жақты талдау көбінесе үстіртін жүзеге асырылуда, эпизодтық түрде жүргізіледі және оның терең әлеуметтік тамырларын қозғамайды. Көп жағдайда тіпті анықталған айқын себептер, заң бұзушылықтардың сорақы фактілер бойынша да әрекетті шаралар қабылданбайды. Жазасыздық пен кешірімділік қоғам ішінде бүгінгі күнге дейін тәртіптік тұрақты таптаурыны болып қалып отырған заң нигилизмін туындатады. Құқықтық білімсіздік заң аясындағы жауыққан надандықпен бірге құқықтық сенімсіздікке, скептицизмге, яғни құқықтық нәрсенің барлығына деген саналы, дөрекі көзқарасқа оңай айналады. Басқа жағдайларда адам «мемлекетпен және оның өкілдерімен байланыспау үшін» өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырудан бас тартады. Осы күнге дейін мемлекеттің жеке тұлғадан үстем тұруы қоғамдық өмірде басым болған кеңес заманының психологиясы қайталануда.

Құқық қорғау органдарының қоғамдық қайта құрылыста, құқық бұзушылықтардың, оның ішінде меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыруға бағытталған қызметте алатын орны қандай екендігін анықтау қажет.

Қоғамда болып жатқан процестерді сезгіш құқық қорғау органдары әлеуметтік өмірдің барлық салаларында пайда болып жатқан қарама-қайшылықтардың сипатын заңдылық пен құқықтық тәртіп тұсынан дер кезінде аңғаруы, олардың ішіндегі келеңсіз үрдістерді анықтауы, қылмыстылық пен меншікке қарсы қылмыстарды туындататын жағымсыз құбылыстарды жою немесе бейтараптау шараларын қабылдауы қажет.

Сөйтіп, меншікке қарсы қылмыстылықпен күресу саласындағы басты міндет – қылмыстардың сақтандыру процесін басқару заңдылықтарын айқындау және онымен құқық қорғайтын әлеуметтік құндылықтардың сенімді қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру болып табылады.

Аталған міндетті мынадай бағыттар арқылы шешуге мүмкіндік туғызады:

а) меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру саласындағы басқарудың ерекшеліктерін, ұстанымдарын және мазмұнын анықтау негізінде аталған салада заманауи қылмыстық-құқықтық саясат басты бағыты ретінде жасай білу;

б) меншікке қарсы қылмыстылықты және сақтандыру әсер ету арқылы қорғаудың негізгі объектілері ретінде оның себептерін жүйелі сипаттау;

в) меншікке қарсы қылмыстардан сақтандырудың тиімді болуына жағдай жасайтын негізгі жағдайларды ғылыми негіздеп тұжырымдау;

г) меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыруды құқықтық реттеу механизмін анықтау және оның әрекеттілігін арттыру;

д) меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру туралы заң тұжырымдамасын негіздеп, заң жобасын жасау.

Жахандану жағдайында экономикалық, идеологиялық, құқықтық, мәдени-тәрбиелік және басқа шаралар жүйесіндегі, әлеуметтік дамуға бағыт алған, қоғамымыздың жан-жақты дамуына, қоғамға жат құбылыстардың сақтандыру және жою, әсіресе, мүліктік қол сұғушылықты жою басты міндеттердің бірі. Мұндай міндет құқыққорғау органдарына жүктелген- сот, прокуратура, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне. Ішкі істер органдарының құзырына әртүрлі қылмыстан сақтандыру барысында шаралар жүктелген. Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру өз уақытында қылмыстың себептері мен жағдайларын анықтау тиімді шараларын жасау.

Қоғамның қазіргі даму жағдайлары белгілі-бір әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін білдіретін ұғымдарды анықтаудың қалыптасқан тәсілдердін қайта қарастыруды талап етеді.

Ол ұзақ уақыт бойы қалыптасқан құрылысқа байланысты соңғы мақсаты қылмыстылықты ғана емес, оның себептерін де жою болып табылатын қызмет деп анықталды.

Әлемдік тәжірибе қылмыстылықты ұстап тұру, оны детерминдейтін процестерді бақылау туралы объективті түрде, кез-келген қоғамның даму мүмкіндіктері мен жағдайлары тұрғысынан айтылу керектігін көрсетеді. Көптеген мемлекеттер қазір бірінші кезекте жеке адамды, қоғамды және меншікті қылмыстық қастандықтардан қорғайтын арнайы жалпы сақтандыру шараларын алға шығарып, дәл осы жолды таңдап алып отыр. Барлық демократиялық мемлекеттерде қылмыстылықтың оның ішінде меншікке қарсы қылмыстардың қазіргі таңдағы көрсеткіштері мен даму өрістері бұл құбылыстың тіпті көп уақыттан кейін де жойылатындығы құрғақ қиял екендігін дәйектеген.

Ал, меншікке қарсы қылмыстармен куресу объективті, байыпты бағалауды қажет етеді. Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыруда мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық және басқа да мемлекеттік емес ұйымдардың, мекемелер мен олардың өкілдерінің оларды жоюға немесе әсерін бейтараптауға бағытталған іс-шараларды мақсатқа сәйкес жүзеге асыру деп анықтауға болады.

Аталған сақтандырудың мазмұнын аша отырып, осы қызмет субъектілерінің өкілеттік шеңберін қарастырғанды жөн көрдік:

1. Өкілдік және атқарушы билік органдары

2. Құқық қорғау органдары

3. Билік пен басқару органдарының лауазымды тұлғалары

4. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар әкімшіліктері

5. Еңбек ұжымдары

6. Меншікке қарсы қылмыспен күреске қатысатын қоғамдық ұйымдар мен ерікті азаматтар құрамалары

7. Жеке меншік детективтік және күзет қызметі кәсіпорындары

8.Бұқаралық ақпарат құралдары

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру субъектілерінің ұсынылған тізімі толық емес және оны басқа органдар, ұйымдар, мекемелер және оның өкілдері толықтыруы мүмкін. Е.І.Қайыржанов қылмыстылықпен күресуде қылмыстан сақтандыру шараларын шеңберіне қарай ұтымды түрде үш топқа бөліп жіктеген: жалпы сақтандыру, арнайы сақтандыру, жеке сақтандыру [286, 21 б.].

Жалпы сақтандыру объектілеріне мыналар жатады:



  1. Қылмыстылық, оның түрлері және қылмыстар топтары

  2. Қылмыстылықтың, оның түрлерінің және қылмыстар топтарының себептері

  3. Қылмыстардың жасалуына түрткі болатын немесе оларды жеңілдететін жағдайлар, себептер, басқа да факторлар

  4. Криминогенді адамдар топтары

  5. Виктимогенді (қылмыстың құрбандары болу қауіпіне оңай шалдығатын) халық топтары

Қазіргі жағдайларда жалпы сақтандырудың объективті мақсаттары қылмыстылықтың жағымсыз тұсын үстап тұру, оның ең ауыр түрлерінің қоғамдық қауіптілігін төмендету, қылмыстардың жеке түрлері мен топтарын азайту болып табылады.

Ал меншікке қарсы қылмыстылықтан жалпы сақтандыру шарасы ретінде қазіргі жағдайлармен шынайы өмір мәжбүр еткен тиісті талаптарға сәйкес болу қажет. Олардың ішінде, бірінші кезекте мыналарды атаған жөн:



  • Жеке адамның мұқтаждығын қанағаттандыру (оған барлық жағдайлар) мақсатында тиісті субъектілердің мүмкіндіктерін көрсететін әділдік;

  • Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру субъектілерін міндетті түрде біріктіруді талап ететін толымдылық;

  • Меншікке қарсы қылмыстармен күресуге барынша сай келетін шаралардың тиісті дәрежеде жоспарлануын және орындалуын қамтамасыз ету;

  • Кадрлық, қаржылық, материалдық шығындарды аз жұмсап жоғары көп нәтижеге қол жеткізуге жағдай туғызатын оңтайлылық (тиімділік);

Қазіргі жағдайларда қылмыстардан оның ішінде меншікке қарсы қылмыстардан жалпы сақтандыру шараларын жүзеге асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету талабы ерекше көңіл бөлуді қажет етеді, себебі бұл арада сөз осы қызметтің құқықтық негізі туралы болып отыр.

Бұл мағынада әрине Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы зор. Оның жалпы сақтандыру қоса алғанда, бүкіл сақтандыру функциясы тиісті жолмен регламенттелуін қамтамасыз ететін заңды күші бар. Сонымен қатар, Қазақстан қабылдаған халықаралық құқықтық актілердің атқаратын рөлі бар. Қарастырылып жатқан тұрғыда ең алдымен Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын, Лауазымды тұлғалардың құқықтық тәртіпті қолдау жөніндегі тәртібінің кодексін, Қылмыстар мен билікте асыра пайдалану құрбандарына арналған сот әділдігінің негізгі принциптер декларациясын, қылмыстылықтан сақтандыру және қылмыстық сот әділдігі саласындағы басты принциптер.

Тікелей меншікке қарсы қылмыстылықпен күресуге бағытталған заңдар мен басқа да нормативтік актілердің негізін қалаушы сипаттамасы бар (ҚР «Полиция туралы», «ҚР шұғыл-іздестіру қызметі туралы», «Қару туралы» Заңдары, ҚР Президентінің «Азаматтар құқықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстылықпен күресті күшейту туралы», «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Жарлықтары және т.б.).

Жалпы сақтандырудың ерекшелігі сақтандыру іс-шаралардың кең мекен жайлылығынан және дербестелмегендігінен құралады.

Жалпы сақтандыру жалпы әлеуметтік ескертумен тығыз байланысады, себебі қылмыстардың себептері қоғамдық қатынастардың бүкіл жүйесінде негізін салған. Сонымен бірге, ІІБ-ң қылмыстылықтың бүкіл себепті кешеніне әсер ету мүмкіндіктері шектеулі. Сол себептен ІІБ-ң тәжірибелік қызметінде нақты қылмыстардың жасалуына түрткі болатын себептер мен жағдайларды жою шаралары басым болып отыр.

ҚР Конституциясы, ҚР «Полиция туралы» Заңы, басқа да нормативтік актілер белгілеген ІІБ толымдылығы ескеріле отырып, ІІБ-ң жалпы сақтандыру қызметінің негізгі бағыттарына мыналар жатқызылған: билік құрылымдарын қылмыстардың анықталған себептері мен жағдайлары және оларды жою кезінде қолдануға болатын шаралар туралы мәлімдеу; қылмыстылықпен күресудің аймақтық және жергілікті бағдарламаларын жасауға және іске асыруға қатысу; қылмыстылық пен ІІБ сақтандыру қызметі туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру және зерттеу; құқықтық және әлеуметтік-экономикалық жобалар мен шешімдердің криминологиялық сараптамасын жүргізу; халыққа құқықтық тәрбие беру, қылмыстық қастандықтардан қорғану мәселелері бойынша кеңес беру және т.б.

Меншікке қарсы қылмыстылық детерминанттарын, оның түрлері мен топтарын айқындау және талдау қылмыстардың жалпы сақтандырудың қисынды және іс жүзінде бастапқы сәттері болып табылады. Меншікке қарсы қылмыстылықты туындататын себептерді, себептер әсерінің өрістеуіне көмектесетін объектвиті және субъективті жағдайларды білмей, қылмыстылыққа тиімді әсер ету мүмкін емес.

Меншікке қарсы қылмыстар себептері мен оларға түрткі болатын жағдайларды тұжырымдамалық талдау бұл құбылыстардың күрделі көп факторлық табиғаты туралы айтуға мүмкіндік береді. Олар әртүрлі аймақтардың өзіндік ерекшеліктерімен өзгереді, қоғамның әлеуметтік және құқықтық өміріндегі өзгерістермен қатар түрленеді. Сондықтан меншік қылмыстылығының себепті кешенінің барлық кезеңдер мен халықтар үшін жарамды әмбебап үлгіні құру ұмтылыстары тиімсіз болып табылады.

Меншікке қарсы қылмыстар себептері мен оларға түрткі болатын жағдайларды зерттеу кезінде басты әдістемелік талап қылмыстылықтың сапалық және сандық сипаттамаларының әлеуметтік ортаның жағдайларынан тәуелділігін ескеру болып табылады.

Сондықтан алғашқы кезеңде меншікке қарсы қылмыстылықпен ең тығыз байланысты әлеуметтік құбылыстар мен процестер шеңберін белгілеу қажет (топтық криминалдық сананың артуы, сыбайлас жемқорлық, құқық қорғау және құқық қолдану қызметінің тиімсіздігі, маскүнемдік, алкоголизм, нашақорлық, белгілі-бір халық топтарының люмпенизациясы және маргинализациясы, қоғамның рухани өмірінің өзгеруі, кейбір халық топтары өкілдерінің невротизациясы мен психопатизациясы және т.б.).

Екінші кезеңде меншікке қарсы қылмыстардың криминогендік түрлерінің арасындағы қылмыстылықтың басым бөлігін анықтайтын (ұрлық, дене зақымдары, тонау, бұзақылық, қарақшылық шабуыл және т.б.) статистикалық және корреляциялық байланыстарды анықтау қажет.

Үшінші кезеңде ІІБ қызметіне белгілі-бір дәрежеде тәуелді себептер мен жағдайлар анықталады (күзету шаралары жүйесі, қадағалау мен бақылауды ұйымдастыру, нысандарды қорғаудың техникалық құралдары, халықтың құқықтық ақпараттылық деңгейі және т.б.). Талдау қызметінің үшінші кезеңі ІІБ асыратын меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сақтандырудың мақсатты және нақты шараларын жасау үшін шынайы ақпараттық алғышарттарды құрады.

Қылмыстылық пен оның түрлерінің себептерін талдаудың нәтижесі олардың жою шараларын қабылдау немесе әсерін шектеу болып табылуы тиіс. Бұл бағыттағы ІІБ қызметінің ерекшелігі – олардың бұл істегі мүмкіндіктерінің аса шектеулі болуы .

Ішкі істер органдарының қоғамдық және жеке меншікті қорғау жөніндегі жалпы сақтандыру қызметінің түрлері мен жоспарлары жеткілікті дәрежеде болғанымен, қылмысты тойтаруға мардымсыз . Бұл қызметтің мәні белгілі-бір аумақта немесе нысанда қылмыстардың іске асырылуына объективті түрде кедергі болатын жағдайлардың жасалуында. Ішкі істер органдарының қолданылуында ол үшін ұйымдастыру, техникалық, ақпараттық және қоғамдық қауіпсіздік полициясы бөлімшелерінің күнделікті қызметінде ең белсенді түрде іске асырылатын басқа да шаралар бар.

Қоғамдық қауіпсіздік полициясы меншікке қарсы сақтандыру қызметтерін криминалдық жағдайды және көшелердегі, қоғамдық орындардағы және шағын тұрғын аудандардағы жағдайды талдаудың негізінде іске асырады. «Көше» қылмыстылығының ең көп таралған түрлері азаматтардың өміріне, денсаулығына және меншігіне қарсы қылмыстардың ішінде ұрлық, тонау, қорқытып алушылық болып табылады. Бұл мүліктік қылмыстардан сақтандыру үшін әртүрлі әдістер мен құралдардың бүтіндей бір кешені қолданылады. Бұған ең алдымен, патрульдық-пост қызметін жүргізу кезінде жүзеге асырылатын қадағалау, тексеру және бақылау әдістерін жатқызуға болады. Жеделдік жағынан ең күрделі аудандар мен қалаларда жедел-іздестіру және қадағалау-сақтандыру операцияларды, сондай-ақ қоғамға жат бағытты ұстанатын азаматтардың шоғырланатын жерлерін (мұндай азаматтардың жиналу ұялары, базарлар, коммерциялық сауда аймақтары, мейманханалар, жатақханалар) жиі тексеру режимін үздіксіз жүргізу қажет.

Қоғамдық қауіпсіздік полициясының меншікке қарсы қылмыстардан жалпы сақтандыру қызметі үшін құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрамалар желісін қалпына келтіру және дамыту, полицияның тұрғындармен, қоғам белсенділерімен іскерлік байланыстарын орнату және нығайту, полиция қызметкерлерінің (ең алдымен, учаскелік инспекторлардың) тұрғындар мен еңбек ұжымдарының алдында қылмыстылықпен күресу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сөз сөйлеуін ұйымдастыру және өткізу.

Ең өзекті бағыттардың бірі (нарықтық қатынастарға көшуді ескере отырып) меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру бойынша жалпы сақтандыру жұмыс болып табылады. Бұл бағыттың криминалды полиция үшін маңызы зор. Мысалы, меншікке қарсы қылмыстармен күресу жөніндегі бөлімшелер алдыңғы қатарлы шаруашылық салалардағы (несие-қаржылық, сыртқы экономикалық, әскери-өнеркәсіптік кешеннің конверсиясы, аграрлық өндіріс және т.б.) криминогендік процестердің дамуын талдайды да, соның негізінде оларды бейтараптау шараларын жасайды. Жария және жасырын жұмыс жүргізу әдістерін қолдана отырып, олар мүліктік қылмыстардың себептері мен жағдайларын анықтау, билік пен басқару органдарының, шаруашылық басшылардың криминогенді факторларды жою қажеттігі туралы дер кезінде мәлімделуін қамтамасыз ету; ішкі істер органдарының басқа бөлімшелерімен бірге меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру бойынша кешенді шараларды жасап жүзеге асыру керек.

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру кезінде көптеген қиындықтар туындайды. Бұл қылмыстарды әдетте халық шаруашылығы немесе жеке кәсіпкерлік саласында белгілі-бір орны бар, өздері қатысатын әртүрлі меншіктік қатынастарды орындаумен байланысы бар қызметкерлер, сондай-ақ белгілі-бір шаруашылық механизм элементтерінің қызмет жасауына қатысы бар билік пен басқару органдарының лауазымдық тұлғалары жасайды. Басқаша айтқанда, меншік қылмыстылығы сыбайлас жемқорлықпен, яғни қоғамдық саяси қайраткерлер мен лауазымды тұлғаларды сатып алумен және сатылатындығымен тығыз байланысты.

Жемқорланған байланыстар саласына полиция қызметкерлерінің де тартылатын кездері болады. Ішкі істер органдарына криминалды құрылымдарға «қызмет көрсететін» нақты адамдарды анықтаумен қатар, меншікке қарсы қылмыстар механизмдері мен әдістерін айқындау және сол механизмдерді блокадалау бойынша тиісті шараларды жасау міндеті жүктеледі.

Барлық қылмыстық топтардың осал жері бұл қаржылық базасы болып табылады. Ішкі істер органдарының қолындағы тиімді құрал - қылмыстық ақшаны дер кезінде анықтау және алу болып табылады. Қылмыскерлер алдымен қаржылық базасынан, содан кейін құқыққа қайшы қызметпен белсенді айналысу мүмкіндігінен айырылады. Сондықтан қылмыстық топтар басшыларының, белсенді мүшелерінің мүлкін, олардың байланыстарын және ақшаны ресмилендіру жолдарын анықтауға көп көңіл бөлу қажет.

Соңғы уақытта жалпы сақтандыру мақсатында техникалық құралдар көп қолданылуда: арнайы терезелерді, балкон есіктерін, сейфтерді, бөтен адамдардың бұзып кіруіне жол бермейтін торларды шығаруды, күңгірт айна салуды меңгеріп, оларды «Қауіпсіздік» дүкендерінде сатуда. Осыған байланысты ішкі істер органдары қылмыскерлердің техникалық қорғану құралдарын қалай еңсеретіні туралы мәлімет жинап, ол ақпаратты талдауы және өнеркәсіптерге жеткізуі тиіс. Өнеркәсіптер соған байланысты өз өніміне тиісті құрылымдық өзгерістер енгізеді. Сонымен қатар, ішкі істер органдары заң жүзінде минималды криминалдық қауіпсіздік стандарттарын жасап қабылдауға мүдделі. Құқықтық тәрбиелеу және насихаттау, халыққа қылмыстық қастандықтардан қорғану мәселелері бойынша кеңес беру, осы мәселелер бойынша арнайы оқулықтар шығару – ішкі істер органдарының жалпы сақтандыру қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Біздің елімізде тарихи және басқа да себептермен құқықтық тәрбие беру проблемасы шиеленісіп отыр. Заңдылықтың орнына «Революциялық құқық» пен мақсатқа сәйкестілік жиі қабылданғандықтан, оның нәтижесі құқықтық бедерсіздікке және құқықтық тежелушілікке алып келді. Ішкі істер органдарының бұл проблеманы өз бетінше шеше алмайтыны анық, бұл көптеген әлеуметтік қоғам институттарына арналған мәселе. Алайда ішкі істер органдары ортақ іске өзінің қолдан келерлік үлесін қоса алады және қосуы тиіс.

Олардың бұл бағыттағы қызметінің өзгешелігі – құқықтық тәрбие берудің негізінен әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық механизмдерінің іске асырылатынында. Бұл арада жалпы сақтандыру нәтижеге әсер етудің қылмыстық және әкімшілік шараларын қолдану және ол туралы халыққа тиісті ақпарат беру, сондай-ақ адамдардың құқықтық санасына оң әсер тигізу мақсатымен әртүрлі халық топтарына құқық нормаларын түсіндіру арқылы қол жеткізіледі. Мұндай қызметті ішкі істер органдарының дерлік барлық бөлімшелері, сонымен қатар тергеушілер, учаскелік полиция инспекторлары, кәмелеттік жасқа толмағандардың арасында қылмыстардың сақтандыру жөніндегі бөлімшелер қызметкерлері жүзеге асырады. Бұл қызметтің мәні азаматтарды заңсыз әрекеттерді жасауға жол берілмейтіндігі туралы ескерту, оларға құқықтық нормаларды бұзудың құқықтық және әлеуметтік салдары туралы ақпарат беру болып табылады. Аталған жұмысты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру өте тиімді болып табылады. Қылмыстық қастандықтардан қорғану мәселелері туралы кеңес беру, осы мәселелер бойынша арнайы әдебиеттерді шығару тәсілдері басқа мемлекеттерде виктимологиялық сақтандыруға көп көңіл бөлініп жүргенімен, біздің елімізде қолданылып жүргеніне көп уақыт болған жоқ. Біздің елімізде жеке меншік детективтік және күзет ұйымдарының пайда болуын ескерсек, ішкі істер органдарының кеңес беру қызметі кеңеюде. Полицияның тұрғындармен қатынасуының кеңею беталысы бұл бағыттың келешекте дамуына жағдай жасайды.

Бұл арада лицензиялық-рұқсат беру, сондай-ақ жеке меншік детективтік және күзету қызметтерін бақылау жұмысын атқаратын бөлімшелердің атқаратын рөлі зор болуы мүмкін.

Бұл жұмыстың нақты нысандарына қылмыстар сақтандыру туралы плакаттарды, жаднамаларды, буклеттерді жасау және тарату, тиісті теле- және радио бағдарламаларын көрсету жатады. Басқа мемлекеттердің тәжірибесіне қарап, азаматтардың жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың тұрғын үйлерін, көлік құралдарын, мүлкін қорғау және т.б. туралы ұсыныстары бар арнайы түсінуі жеңіл қабылданатын әдебиеттерді шығару қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет