Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013



бет16/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
1. Дер кезділік. Құқық бұзушылар, оның ішінде меншікке қарсы сақтандыру шаралардың дер кезінде анықталмауы және қабылдануы олардың адамгершілік жағынан қараусыз қалуына, кейде тіпті құлдырауына, қоғамға жат тәртіптің әдетке айналуына, жағымсыз ортаға терең тартылуына алып келеді. Осының барлығы арнайы сақтандыру шаралардың қолдану тиімділігін күрт төмендетіп, адамның қылмыс жасау ықтималдығын арттырады. (Зерттеулер көрсеткендей, қиын және кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылар тәрбиеленіп шыққан отбасылардың 2/3 бөлігі қылмыс жасалғанға дейін құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалып отырған.)

2. Қолданылатын арнайы сақтандыру шараларының әсер ету нысанының жағдайына сәйкестігі. Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру шарасының әсер ету нысанының криминогендік зақымдануы қаншалықты жоғары болса, оған қолданылатын шаралар соншалықты қарқынды болады. Криминогендік зақымданғандығы арнайы сақтандыру шарасының әсер етуі бағытталған адамның мінез-құлқынан да, оған криминогендік ортаның әсер ету дәрежесінен де байқалады.

3. Реттілік. Арнайы сақтандыру шарасының әсер ету ретімен (немесе сатылы түрде) жүзеге асырылуы керек. Әсердің өткірлігі мен қарқындылығы ретімен артуы (егер қолданылып жатқан шаралар жеткіліксіз болса) немесе төмендеуі (егер оң өзгерістер бар болса) керек. Әдетте, арнайы сақтандыру шарасы жұмыста алдымен сақтандыру ретінде сұхбаттасулар, тұрмыстық және еңбек құрылысында көмек көрсету, бос уақытын ұйымдастыру, теріс микрортаның әсерін бейтараптау сияқты шаралар қолданылады. Егер бұл көмектеспесе, онда еңбек ұжымының, туыстардың, басқа да адамдардың әсерін қолданады. Көбінесе тұлғаның тұратын, оқитын, жұмыс істейтін жерлеріне барады, басшыларымен кездесулер ұйымдастырады, кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссиясында олардың тәртібін талқылайды, жұмысқа қабілеттілігін шектеу үшін материалдарды ұсынады, наркологиялық кабинеттерге емделуге жібереді.

4. Кешенділік. Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру субъектілерінің жұмысы үйлестірілген болуы, ал шаралар – бір-біріне ұқсамай, өзара толықтырып тұруы тиіс. Мысалы, кәмелетке толмағандардың меншікке қарсы қылмысты жасауынан сақтандыру субъектілерінің қызметіндегі үйлестірушінің рөлін кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі комиссия атқарады, бұл олардың басты рөлі, ал кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылардың есебін жүргізудің оларға қажеті жоқ, себебі онымен ішкі істер органдары айналысуы тиіс. Қазіргі құқықтық реформаға сәйкес кәмелеттік жасқа толмаған құқықбұзушыларды білім беру жүйесіне енгізу дұрыс емес пікірді қалыптастырады. Себебі құқық бұзушылардың әрекетін сақтандыруды ішікі істер органдарының сесі арқылы қылмыстан сақтандыруға болады.

5. Шынайылық:арнайы сақтандыру шаралардың оларды іске асырудың объективті мүмкіндіктеріне сәйкестігі. Мысалы, қазіргі уақытта бас бостандығынан айыру орындарынан осы проблемаларды шешуге қабілетті көне әкімшілік жүйенің құлдырауынан, сондай-ақ кәсіпорын басшыларының жұмысқа бұрын сотталғандарды алуға қажетті стимулдарының жоқтығынан босатылған адамдарды жұмыспен және тұрмыстық қамту сияқты шараларды жүзеге асыру өте қиын. Мұндай жағдайларда кейбір аймақтарда жұмыспен қамту мәселелері осындай кәсіпорындарды экономикалық ынталандыру арқылы шешіледі (мысалы, кәсіпорындар пайдасынан жергілікті бюджетке төлем аудару пайызын азайту)[293, б.].

6. Заңдылығы. Арнайы сақтандыру құқықтардың, мысалы әкімшілік қадағалауды орнату кезінде шектелуімен байланысты, сондықтан оның құқықпен қамту маңызды, яғни қандай адамдардың және не үшін сақтандыру есепке алынуы мүмкін және оларға қандай мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін екендігі заң жүзінде регламенттелуі керек.

Меншікке қарсы қылмыстан арнайы сақтандыру мәселелерін ішкі істер органдары мазмұнында өз ерекшеліктері бар әртүрлі шаралармен шешеді.

Жеке сақтандыру шарасы әсер ету нысандарына айналуы мүмкін адамдарды анықтаудан басталады. Мұндай адамдардың толық анықталуын қамтамасыз ету барлық ықтимал ақпарат көздерінен мәліметтердің жүйелі түрде және дер кезінде келіп түсуін талап етеді. Мұндай негізгі көздерге мыналар жатқызылуы мүмкін:


  • жедел-сақтандыру;

  • оқиғаларды, тұтқынға алынғандарды және кезекші бөлімдерге жеткізілгендерді есепке алу кітаптары мен журналдары;

  • қылмыстық істер, қылмыстық істі қозғаудан бас тарту немесе оны тоқтату туралы материалдар;

  • әкімшілік және басқа да құқық бұзушылықтар туралы материалдар;

  • сот өкімдері;

  • хабарламалар, арнайы оқу-тәрбие мекемелерінен, басқа да ішкі істер органдары, сот, прокуратура бөлімшелері мен қызметтерінен келіп түсетін басқа да материалдар;

  • азаматтардың арыздары мен хаттары;

  • мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар мен ұйымдардың хабарламалары;

  • басылымдардағы, радио және теледидар арқылы алынған хабарламалар және т.б.

Сонымен қатар, қажетті ақпаратты әртүрлі ішкі істер органдары қызметтерінің есеп мәліметтерін салыстыру, қоғамға жат элементтің пайда болуы және шоғырлануы мүмкін жерлерін шұғыл бақылау кезінде, әкімшілік учаскелерді сақтандыру шарасын өңдеу, әртүрлі рейдтерді, операцияларды жүргізу кезінде және т.б. алуға болады.

Оларды анықтау жеке сақтандыру нысандарына айналуы мүмкін адамдарды зерттеумен тығыз байланысты. Ең алдымен, ол бұл адамдардың әрі қарай жасайтын әрекеттерін болжау, оларды есепке алу және қажетті әсер ету шараларын сұрыптап алу туралы мәселені шешу үшін қажет.

Бұл жағдайда бірінші кезекте сақтандырудан өтіп жатқан адам жеке басы туралы келесі мәліметтерді зерттеу керек:

1.Меншікке қарсы қылмыс жасаушының басқа да заңға қайшы тәртібі (қашан, қайда және не үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қандай жазалау шарасы тағайындалған, жазасын қайта өтеген және сол кезде қалай сипатталған).

2. Меншікке қарсы қылмысты жасаушы заңсыз тәртіпті детерминдейтін факторлар (әрбір құқық бұзушылықтың себебі не болды, олар кімге қатысты және қандай ниетпен жасалған, бұл құқық бұзушылықтардың маскүнемдікпен немесе нашақорлықпен, отбасылық-тұрмыстық ортадағы шиеленіспен байланысты болған –болмағаны, құқық бұзушылықтардың жасалуына қандай жағдайлар түрткі болғаны немесе жеңілдеткені және т.с.с.);

3. Әлеуметтік-демографиялық қасиеттер: білімі, жас шамасы, отбасылық жағдайы, оттұлғаның құрамы, тұрғылықты жері (жатақхана, үй, үй-күйі жоқ кезбе, мигрант) туралы мәліметтер; мәдениеттілік деңгейі, әлеуметтік жағдайы, мамандығы, лауазымдық орны, еңбек өтілі, еңбекке, меншікке, жалпы азаматтық міндеттерін орындауға, отбасына, балаларына деген көзқарасы және т.б.;

4. Жеке-психологиялық ерекшеліктері: ой-өрісінің дамуы (ақыл-ойының даму деңгейі, білім қоры, өмірлік тәжірибесі, көзқарастарының кеңдігі және деңгейі және т.б.); мінезі (тұйық немесе ашық, өзімшіл, жеңіл, жауапсыз, іскер немесе жалқау, шыншыл немесе өтірікші, кекшіл, қатігез, бетпақ, қу, күншіл және т.б.); ерік күшінің қасиеттері (қайсарлық, батыл, жиналмаған, басқаларды өзіне бағындыру немесе өзгенің әсеріне шалдығу қабілеті және т.б.); қызығушылықтары (кітап оқуға, спорт ойындарына, аңшылыққа, балықшылыққа, техникалық шығармашылыққа және т.б.).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет