Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013



бет17/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
5.Қоғамға жат сипаттағы ерекше бейімділіктері (спиртті ішімдіктерге немесе есірткіге, құмар ойындарға, азғын паразиттік өмір салтына, агрессияшыл-келіспеушілік мінез-құлыққа және т.б.).

6.Қылмыстық тәжірибе белгілері (қылмыстарды дайындаудың, жасаудың және жасырудың ерекше дағдылары, жедел жұмыс әдістерден хабардарлық, қылмыстық топтарға қатысу және т.б.).

7.Физиологиялық ерекшеліктер мен аурулар (алкоголизм, психопатия, жыныстық ауытқулар және т.б.).

8.Өмір сүру жағдайлары мен ең жақын адамдары (отбасы мүшелерінің, отбасылық-тұрмыстық қатынастардың сипаттамасы, тұрғын үй жағдайлары, жұмыс орнының орналасқан жері және еңбек ұжымындағы моральдық-психологиялық жағдай, қызметтестермен қарым-қатынастары, жұмыс істеу жағдайлары, материалдық қамтамасыз етілгендік, қатынасу шеңбері және т.б.).

Жеке адамды жан-жақты зерттеу мақсатында келесі негізгі әдістер қолданылуы мүмкін: әртүрлі құжаттармен танысу (оның ішінде тәуелсіз сипаттамаларды талдап қорыту); сақтандырудан өтуішінің әрекеттерін талдау, оны жақсы білетін азаматтармен сұхбаттасу, оны қоршаған ортаны зерттеу және т.б.

Жеке адамды зерттеу барысында қылмыстық әрекет жеке болжанады. Жеке болжау – бұл өте күрделі мәселе және ол сыртқы және ішкі факторлар жиынтығын бағалаудың негізінде шешілуі мүмкін. Жеке болжам тек ықтимал болуы мүмкін: бұл тек болуы мүмкін қылмыстық әрекетті болжау ғана болып табылады. Тұлға туралы болжамдық ақпарат қаншалықты дәл және толық болса, қылмыстың сақтандыру шаралары да соншалықты нәтижелі болады. Адамның тәртібін алдын ала болжау мүмкіндігі біздің оның анықтаушы факторларын, сондай-ақ ол сырттай өрістелген кезде жүгінетін «бағдарламаны» қаншалықты білетінімізге байланысты. Бұл жағдайда пайда болатын қиындықтар қылмыстық тәртіпке әсер ететін барлық ішкі және сыртқы факторларды өлшеудің анық әдістерінің әлі күнге дейін жасалмағандығымен байланысты.

Бұл арада басты мәселе – болжамда қолданылатын эмпириялық түрде қалыптасқан белгілер жүйесінің негізінде оны жүзеге асырудың ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау болып табылады. Жеке адамның бұрынғы және қазіргі өмірі, оның әрекеттері, әлеуметтік байланыстары және ең жақын адамдары туралы ақпарат болашақтағы әрекеттерін болжауға негіз болып саналады. Оның үстіне, бұл сипаттамалардың серпінін ескеру қажет. Адамға келешекте әсер етуі мүмкін факторларға қолдау жасалып, тіпті белсендірілуі қажет; адамға теріс әсер тигізуі мүмкін факторлар ескертушілік әсердің нысанына айналуы мүмкін, яғни жеке сақтандыру аталған адамның қылмыс жасау мүмкіндігін көрсететін болжамның ақталмауына бағытталу керек.

Қылмыстық әрекетті болжау және жеке сақтандыру – негізінен біртұтас процесс болып табылады. Қылмыстардың жеке сақтандыру жеке адамды, оның әрекеттерін, байланыстары мен ниеттерін үздіксіз, жан-жақты және терең зерттеуді білдіреді. Осының нәтижесінде алынған мағлұматтар және олар бойынша жүзеге асырылатын болжам жеке сақтандыру жұмыс жоспарының түзетілуіне әсер етеді.

Келесі мәселе – сақтандыруды есепке алу – нормативтік ұйғарымдармен қатаң сәйкестікте шешілу керек. Бұл жағдайда қолда бар бар ақпаратты жан-жақты бағалаудың және белгілі-бір адамды есепке қою үшін нақты негіздердің толықтығына көз жеткізудің маңызы зор, себебі кейде бұл адамның тағдырына өте қатты әсер тигізеді, оған белгілі-бір шектеулер қоюы, сондай-ақ оның әрі қарай өмір сүруі үшін өте елеулі салдарға алып келуі мүмкін.

Жоспарлау жеке-сақтандырудың әсер етудің күрделі және көп қырлы процесін реттеуді, оны мақсатқа сәйкес етуді, аталған адамдармен жеке-сақтандыру жұмыс істеудің ең оңтайлы жолдарын анықтауды, қалыптасқан нақты жағдайда жеке сақтандыру мақсаттарына тиімді қол жеткізілуін қамтамасыз ете алатын тактикалық әдістер мен тәсілдердің таңдап алынуын білдіреді. Жеке-сақтандыру жұмысты жоспарлаудың нақтылығы, оған әрбір берілген жағдайдың түрткі болатындығы полиция қызметкерлерінің тиісті әрекеттерінің кейбір параметрлері бойынша бағдарламалау мүмкіндігін жоймайды. Әрине, әртүрлі адамдар категорияларын жеке сақтандырудан өткізудің барлық жағдайлар үшін жарамды және қойылатын талаптарға сай келетін типтік жоспардың жасалу мүмкіндігіне сену қиын. Сонымен қатар, осы күрделі жұмыста қалыптасатын кейбір типтік жағдайлар ескеріле отырып жасалған жеке сақтандырудың шамаланған жоспарларының белгілі-бір практикалық маңызы бар екендігін жоққа шығаруға болмайды. Жеке сақтандыру әдістерін қолдану деп ұзақ уақыт бойы және жүйелі түрде әсерт етуді айтады. Алайда бұл жағдайда жеке адамға әсер етудің тұлғаға деген көзқарастың демократиялық принциптеріне сәйкес келетін барлық әдістер арсеналы, барлық күштер мен құралдар кешенді түрде қолданылу керек.

Бұл жағдайда жеке-сақтандыру әсер етудің келесі әдістерін бөліп шығару маңызды: сендіру, көмек көрсету, мәжбүрлеу. Сақтандыру әдісі ретінде сендіру – бұл сақтандырудан өтушілердің қоғамға жат бағыттылығын өзгерту және оң әлеуметтік бағдарды нығайту мақсатымен жүзеге асырылатын тәрбиелеу, түсіндіру шаралары. Сендіру - сақтандыру әдісі ретінде қылмыстың жасалуына алып келуі мүмкін негізгі қоғамға жат бағдарларды еңсеру немесе бейтараптау үшін тұлғалардың сақтандыру есепте тұруы кезінде қолданылады.

Субъектілердің сенімдерін, көзқарастарын қалыптастыру арқылы қайта тәрбиеленуіне, яғни олардың қорыққаннан емес, нанымы бойынша мораль заңдары мен нормаларын бұзбауына, азаматтарды қоғамның қолында бар барлық әдістермен әрі қарай тәрбиелеу барысында қол жеткізіледі.

Сендіру әдісін іске асырудың негізгі нысандарына жеке және ұжымдық сұхбаттасулар, адамның тәртідін талқылау, оны жеке және ұжымдық қамқорлыққа алу, қоғамға пайдалы қызметке (тәрбиеленуші және тәрбиешінің) бірлесіп қатысу және т.б. жатады.

Сендіру әдістерін қолдану, яғни сақтандырудан өтіп жатқан адамдарға тәрбиелік әсер тигізу барысында оның санасына, сезімдеріне және еркіне әсер етудің әртүрлі психологиялық және педагогикалық тәсілдерін қолдану қажет.

Сақтандырудан өтушілерге тәрбиелік әсер тигізудің әрүрлі тәсілдерін қолданудың негізгі ұйымдастыру-тактикалық нысаны сұхбат болып табылады.

Жеке сақтандыруда үш түрлі сұхбат түрлері қолданылады: алдын ала сұхбаттасу (немесе таныстыру), ескерту сұхбаты және тәрбиелік сұхбат. Алдын ала сұхбаттасуды полиция қызметкері жеке жүргізеді. Сақтандырудан өтуішімен жасалатын келешектегі тәрбие жұмысының барысы сол сұхбаттың мазмұны мен нәтижелеріне байланысты. Алдын ала сұхбаттасудың психологиялық атмосферасы, оның сарыны жеке-сақтандыру жұмыстың жалпы желісін көрсету керек – сақтандырудан өтушіге, оның тәртібіне талап қоя отырып, тілектестік пен оның тағдырына қызығушылықты үйлестіріп отыру. Алдын ала сұхбат жеке адам есепке алынған кезде жүргізіледі. Сондықтан, бұл сұхбат нәтижелі және мәнді болу үшін, адамның өзі, оның тәртібі, айналасы, байланыстары және т.б. туралы барынша көп ақпарат жинау керек.

Алдын ала сұхбат есепке алынған адам қоғамға жат тәртіпсіздік жасаған жағдайда немесе ешқандай сыртқы себептерсіз, яғни күнделікті жұмыс ретінде жүргізіледі. Ескерту сұхбаты оның басты міндетімен – сақтандырудан өтушіге тікелей тәрбиелік әсер тигізумен – қатар оның тәртібін бақылау мақсатын көздейді, сондай-ақ жеке сақтандыруны ақпаратпен және қылмыстылықпен күресудің басқа да шараларымен қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Тәрбиелік сұхбаттың мақсаттары, негізгі мазмұны, әсер ету әдістері ескерту сұхбатына ұқсас. Сақтандырудан өтушінің санасына, сезімдеріне және еркіне әсер етудің ескерту және тәрбиелеу сұхбаттары барысында қолданылатын тәсілдерінің де ұқсастықтары көп. Алайда, тәрбиелеу сұхбаттарын көбінесе қоғам өкілдері ресми емес жағдайда сақтандырудан өтушінің мекенжайы, оқу немесе жұмыс орны бойынша жүргізеді. Сақтандырудан өтушілерге тікелей тәрбиелік әсер етудің негізгі ұйымдастыру-тактикалық нысандарына сұхбатпен қатар оларды қызықты пайдалы еңбек, қоғамдық, спорт, көркемөнер және басқа да сабақтарға қайырымдылық қорларының мүмкіндіктерін, демеушілердің көмегін және т.б. қолданып тарту жатады. Тәрбиелік әсер етудің ерекше нысаны қоғам өкілдерінің қамқорлыққа алуы (кәмелеттік жасқа толмағандар үшін – қоғамдық тәрбиелеушілерді бекіту) болып табылады. Сақтандырудан өтушіге бейресми ортада оң әсер тигізуі және кері әсерді бейтараптауы немесе жоюы мүмкін адамдардың оң көмегін дұрыс пайдаланудың маңызы зор. Әдетте, көмектесу шаралары ішкі істер органдарының сақтандыру қызметінде ең тиімді шаралардың бірі болып табылады. Олар жұмыспен қамтуға, тұрмыстық жағдайларды жақсартуға, оқуға түсуге, бос уақытты ұйымдастыруға әлеуметтік пайдалы қарым-қатынастардың орнатуға, ақша шығындарын жоспарлауға, өмірлік мақсаттарды таңдап алуға және т.б. қатысты.

Сақтандыру қызмет үшін көмек көрсетудің алғашқы екі түрінің, әсіресе жазасын өтегеннен кейін босатылғандар үшін маңызы жоғары. Бұл жұмыс ІІМ-ң арнайы нормативтік актілерінде регламенттеледі. Алайда, бүгінгі таңда бұл шаралардың қолданылуы ішкі істер органдары үшін ең күрделі іс болып отыр, себебі кейде ішкі істер органдары өздерінің объективті мүмкіндіктерімен қолданылып жатқан көмектесу шараларының дер кезінде мен тиімділігі жүзеге асырылуын қамтамасыз ете алмайды. Сонымен қатар, сақтандырудан өтушілерге көмек көрсету үшін шіркеудің, жебеушілердің, әртүрлі қорлардың, халықты әлеуметтік қорғау қызметтерінің, әлеуметтік реабилитация орталықтарының және басқа да осы сияқты құрылымдардың мүмкіндіктерін пайдалану қажет.

Көмектесу шаралары сондай-ақ сақтандырудан өтушінің айналасындағы микроортаға әсер ету арқылы іске асырылады. Микроортаның барлық салаларының да теріс көздері бар: отбасыда, мектепте, еңбек ұжымында, жақын адамдардың арасында.

Кері әсерге жол бермеу үшін:

а) мұндай әсері барлармен жеке-сақтандыру жұмыс жүргізіледі (сұхбат, ескерту, мәжбүрлеу);

б) сақтандырудан өтуші әсері барлардан оқшауланады (басқа сыныпқа, мектепке, еңбек ұжымына ауыстырылады, бос уақыты ұйымдастырылады, әсері барлар құқық бұзғаны үшін жауапқа тартылады, алкоголизмнен, нашақорлықтан емделуге жіберіледі);

в) кері әсерді одан да күшті әсердің тиюі, зиянды, ыдыратқыш әсері барлардың әшкереленуі бейтараптайды.

Қоғамға жат топтар тарапынан тигізілетін кері әсерді тоқтату бойынша жұмыстың да өзіндік ерекшелігі бар. Бұл арада сақтандыру шаралармен қатар жедел-іздестіру шаралары да қолданылады.

Мәжбүрлеу әдісі ішкі істер органдарының жеке-сақтандыру қызметіндегі негізгі шаралардың бірі болып табылады. Заңға негізделген бұл әдіс ішкі істер органдарының сақтандыру бақылауында жүрген адамдардың заңсыз қылмыстық қызметін дер кезінде тоқтатуға; азаматтарды заңсыз қастандықтардан қорғауға мүмкіндік береді. Бұрын бұл әдіске көп көңіл бөлінбеген болатын, себебі көбінесе ішкі істер органдарының негізінен сендіру және көмек көрсету әдістерін пайдалану міндеті ресми мәлімденіп жүрді. Алайда, бұл жағдайда сақтандыру функция басқа сақтандыру субъектілерінің сақтандыру жұмысын ауыстыра және көшіре отырып, ішкі істер органдарының функционалдық міндеттері шегінен тыс шығып отырды. Сонымен қатар, ішкі істер органдарының сендіру, әсіресе көмек көрсету әдістерін толық мөлшерде іске асыруға қажетті құқықтары мен мүмкіндіктері болмады. Бұл жағдай ішкі істер органдарына есепке алынған адамдарды жұмысқа, тұрмыстық орналастыру, үнемі үйлерінен қашып жүретін, мектептегі сабаққа бармайтын кәмелеттік жасқа толмағандармен және олардың ата-аналарымен жұмыс жасау кезінде отбасылық дауларды шешу бойынша жүктелген міндеттерді іске асыру кезінде көрнекі түрде байқалып жатты.

Мәжбүрлеу әдісі жеке сақтандыруда заңды табиғаты, мазмұны және бағыттылығы бойынша әр түрлі әсер ету шараларын қолдану арқылы іске асырылады. Алайда, олар әдетте әртүрлі құқық салаларының тиісті құқықтық нормаларымен регламенттелуі тиіс, мысалы азаматтық-құқықтық, отбасылық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, процессуалдық шаралар. Негізінен, сақтандыру мәні бар және ішкі істер органдары ең жиі қолданатын мұндай негізгі шараларға мыналар жатады:



  • тұлғаның қоғамға жат тәртібінің сақтандыру және азаматтарды, отбасы мүшелерін заңсыз қастандықтардан қорғау мақсатында әкімшілік тұтқындау және әкімшілік қамауға алу;

  • мақсаты бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және түзелу жолына тұрмаған адамдарды қатаң сақтандыру бақылауды жүзеге асыру болып табылатын әкімшілік қадағалау;

  • айыппұл – бұл адамның қоғамға жат айыптары үшін материалдық жауапкершілікті іске асыратын және одан да елеулі құқық бұзушылықтардың сақтандыруға арналған шара;

  • тұрақты мекенжайы жоқ, қаңғыбастық өмір кешіп жүрген адамдарды әлеуметтік реабилитациялау орталықтарына мәжбүрлеп жіберу;

  • медициналық мақсаттармен қатар адамды әрі қарай құлдырауынан, осы зиянды әдеттерінің негізінде қылмыс жасаудан сақтап қалу, және отбасысы мен айналасындағы азаматтарды оның зиянды әсері мен бұзақылық қастандықтарынан қорғау мақсаттарын көздейтін маскүнемдер мен нашақорларды мәжбүрлеп емдеу;

  • бұрын сотталғандарға қатысты шектеулерді салу және күшейту заңсыз қызмет жасау жолында кедергі қоюға мүмкіндік береді, жеке адамның әлеуметтенуіне жағдай жасайды. Белгілі бір адамға ішкі істер органдарына тіркелу үшін мерзім сайын келіп тұру міндетін жүктеу және басқа да осындай шаралар оның тәртібін анық бақылауға және қоғамға жат тәртіптің келешегі жоқтығын көрсетуге мүмкіндік береді.

Кәмелеттік жасқа толмаған меншік қарсы қылмыстарына қолданылатын мәжбүрлеу шараларына жоғарыда аталғандармен қатар жасөспірімдерді арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріне және кәмелетке толмағандарға арналған үйлестіру-қабылдағыштарына (уақытша оқшаулау орталықтарына) жіберу сияқты шаралар да жатады. Бұл шара басқа шаралар нәтиже бермеген және жасөспірім қылмыс жасағанымен де, қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жетпегендіктен немесе басқа бір себептермен қылмыстық іс қозғауға тыйым салынған жағдайда қолданылады. Сонымен қатар, сотқа ата-ана құқығынан айыру туралы өтініш жасау және өз балаларына кері әсер тигізетін ата-аналарға қатысты әрекеттілік шаралары да қолданылуы мүмкін.

Меншікке қарсы қылмыстан жеке сақтандыруға жасалған талдау жеке сақтандырудың зор мүмкіндіктері бар екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан жеке-сақтандыру әсер ету шараларын іске асырудың жаңа формаларын, тактикалық тәсілдерін іздестіру қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет