Атаханова Гүлзағира Махатқызы Меншікке қарсы қылмыстардың алдын алу шаралары Электронды оқу құралы Алматы, 2013


Мүліктік қылмыстармен күресудің тиімділігі



бет19/23
Дата02.03.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26790
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Мүліктік қылмыстармен күресудің тиімділігі

Мүліктік қылмыспен күресудің басты бағытының бірі, жалпы қылмыстылықпен күресудегі сияқты сақтандырушылық болып табылады: жасалған қылмыстың себептері мен жағдайларын тану, сақтандыру мен оны жою шараларын талдау, осы шараларды күнделікті өмірде қолдану. Бөтеннің мүлкіне қол сұғылған жағдайда қылмыстық-құқықтық шараларын қолдану өте маңызды орынды алады.

Елімізде алып отырған келеңсіздіктің бірі әлеуметтік деңгейдің төмендігі бірден-бір, рухани мәдениеттің төменділігі түпкі қылмыстылықтың себебін туғызады. Қазіргі таңда бөтеннің мүлкіне қол сұғу қылмыстылығы себепсізден болады деп ойлауға негіз жоқ. Әртүрлі көзқарастар, әдеттер, дәстүрлер қоғамдық қауіпті әрекеттерді туғызбайды, түпкі әлеуметтік себептерден кейін біраздаған уақытқа сақталып қалады. Біздің ойымызша криминологиялық тұрғыдан қарағанда нақты аталып кеткен жағдайлар қылмыстылықтың себептерін туғызады.

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, сонымен қатар қоғам мен мемлекеттің мүддесін қорғаудың тәсілдерінің бірі – оларды қылмыстық – құқықтық қорғау. Сот тәжірибесінің материалдарынан Қазақстан Республикасына тіркелген қылмыстардың көпшілік бөлігін меншікке қарсы жасалған қылмыстар құрайтынын көреміз. Қасақана жасалатын қылмыстардың өршіп тұрған кезінде меншікті қылмыстық құқықтық қорғау ерекше маңызға ие болады. Меншікке қарсы ұсақ қылмыстар сан жағынан анағұрлым кең тараған, себебі олар жиі жасалады және көптеген адамдардың мүддесіне зиян келтіреді. Сонымен бірге анағұрлым қауыпті қылмыстар тек меншікке ғана қарсы жасалмайды. Олар сондай-ақ, жеке тұлғаға, оның қадір-қасиетіне, денсаулығына және қоғамның қауіпсіздігіне қарсы жасалған қылмыстар. Бұл қылмыстар жиі жасалмаса да қоғамға анағұрлым қауіп келтіреді. Меншікке қарсы қылмыстардың ішінде анағұрлым кең тараған түрі – мүлікті заңсыз жымқыру ал мұндай қылмыстардың ішінде кең тарағаны – тонау. Алысқа ұзамай-ақ, Кеңестік кезеңдегі қылмыстық заңнаманы мысалға келтіруге болады. Онда мемлекеттің және қоғамның меншігін қорғауға бағытталған заңдарда үлкен көлемдегі мүлікті жымқыру және меншік түрлеріне байланысты басқа да мүліктік қылмыстар үшін заңды жауапкершіліктің түрі де әралуан болады.

Меншікті бөтеннің мүлкін заңсыз айналымға түсу қылмысы пайдакүнемдік ниетпен жасалатын қылмыс тобына жатады. Сан жағынан шамалы болғанымен қоғамға келтіретін зияны көп. Ұрлық, тонау, алаяқтық және басқа да меншікке қол сұғушылық заңсыз өмірден өзіндік мұқтаждығын қанағаттандыруға байланысты, кері көзқарастарды тасушы ретінде танылады. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтік-психологиялық мінездеме мұндай талпынатындар қылмысты жасаудың себептері ретінде қарастырылады. Жеке тұлғаның мұндай сапалары: пайдакүнемдік, тарлық, мүлікке деген қызығушылығы әрине қылмысты жасауға итермелейді.

Соңғы кездері пайдакүнемдік ниет экономикалық қамтамасыз ету құқықтық-моральдық тыйым салумен ұштасады. Жазасын өтеп шыққандардың көрсетуі бойынша, олардың үштен бір бөлігі ақша жинау немесе өздерінің өмір сүру қажеттілігі, ішімдік ішу үшін қылмыс жасауға барғандарын атап көрсетті. Сұрағандардың басым көпшілігі қылмысты жеңіл ойлылықпен байланыстырады. Мүлікті ұрлағандардың сегізден бір бөлігі ғана өздерінің әлеуметтік деңгейін көтеру мақсатында барғандарын айтады.

Пайдакүнемдік ниетті туғызатын жағдайлар ішінде зерттеушілердің көбі тұлғаны тәрбиелеудегі қайшы әртүрлі факторларға сілтеу қалыптасқан.

Қоғамға жат көзқарастарды ретке келтіруде, мүліктік қылмыстарды туғызатын жанұядағы келеңсіз әрекеттер де маңызды орын алады. Жанұядағы қайшы тәлім-тәрбие, дүниеқоңыздық, еңбекке деген қатынасты дұрыс бағаламау, заңды сыйламау сияқты әрекеттер де қылмыстылыққа итермелейтін фактор ретінде қарастырылады. Жанұядағы тұлғаның дұрыс қалыптасуына әсер ететін қайшы көбіне фактор ретінде: ата-аналарының маскүнемдікке салынуы, ұрыс-керіс, жеткіншектердің қадағалаудан тыс қалуы жатады.

Пайдакүнемдік ниеттің қалыптасуына жанұядағы дұрыс тәрбиенің жоқтығы, әсіресе, мүмкіндігінен артық ақша билік ету де әсерін тигізеді. Еңбек етпей маскүнемдікке, азарттық ойындарға салыну да үлкен себеп болып саналады. Мұндай жағдайлардан басқа қоғамға жат фактор ретінде ұрлық, қарақшылық, алаяқтық қылмыстарының тууына, виктимологиялық жағдайды жатқызуға болады. Жәбірленушінің кері мінез-құлқы алаяқтық ісімен көбінесе ұшырасып жатады. Заңмен тыйым салынған жетістіктерге жету мақсатында алаяқтардың жалған уәдесімен жәбірленушінің кейпін көретіндер де аз емес.

Алаяқтардың көптеген тәсілдері арқылы жәбірленушің де заңсыз мақсатқа жетуі де кездесіп отырады. Мұндай жағдайда жәбірленуші тек алданып қоймай, өзінің пайдакүнемдігімен жеңіл пайда табу жолын қарастырады [254, 65 б.]. Егер жәбірленуші оңай жолмен жетуді ойламаса, онда алаяқтардың қол сұғушылығы да азаяр еді. Мысалы мемлекеттік бағдарламамен пәтерді алу үшін, өзінің бұрынғы болған пәтерін сатып, оны басқа біреудің атына жазып, тағы пайда көріп, кезектен тыс пәтер алу үшін алаяққа берген ақшасын қарызға бердім деп айтып, заңсыз жолмен делдал ету арқылы пәтерді алуға ұмтылғанын жасырады.

Бұдан көретініміз көптеген жәбірленушілер, өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында тіптен құқыққорғау органдарына хабарламайды. Мұндай әрекеттер жасалған қылмысты ашуға және қылмыстың сақтандыру шараларын өткізуге кедергі келтіреді.

Жәбірленушінің заңсыз мінез-құлқы көп жағдайда қылмыстық жазаға дейін апарады. Алаяққа ақша берген тұлға, пара беруге оқталушы ретінде жауаптылыққа тартылады[255, 54 б.].

Меншікке қарсы қылмыстың кейбір нысандары бойынша (ұрлық, тонау, қарақшылық, алаяқтық та) жәбірленушінің теріс мінез-құлқы қылмысты тудыруға жағдай жасауы мүмкін. Мысалы мүлкін қараусыз қалдыруы, қомақты ақшаны төс қалтасына салып жүруі сияқты т.с.с. жағдайлар. Мас адамды алдап, ұрлау да жеңіл. Мас болып көшеде ұйықтап қалған адамды тонауда, ұрлауда ең тиімді объект болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық сипатының ішінде тауарды сатуда оған қадағалаудың жеткіліксіздігінен, қылмыскерге мүлікті сатуға және өткізуге үлкен мүмкіндік береді.

Меншікке қарсы қылмыстарды тудыратын және басқару ұйымшылдық жағдай, талан-таражбен күресуде құқық қорғау органдарының қызметінің жеткіліксіздігі: жасалған қылмысты толық анықтамау, толық ашылмауы, тұлғалармен индивидуалды алдын алу әлсіз жұмыс істеу, мүлікке қол сұғатындарды дұрыс қадағаламау.Осы топқа күзететін техникалық құралдардың жеткіліксіздігі де жатады.

Айтылғандарды қорытындылай келе, мүліктік қылмыспен күресуде сақтандырудың басты бағыттары болып, біріншіден, адамның пайдакүнемдік ниетін доғаратын әртүрлі тәрбиелеу шарасын жүргізу қажет. Екіншіден, қайшы аморальдық жағдайларды жою.

Меншікке қарсы қылмыстармен күресуде басты тәсіл болып, қылмыс жасағандарды жазалау танылады. Қылмыстық жазаның әділеттігін және кері күшінің жоқтығын жоғары дәрежеде қамтамасыз ету қажет. Ұрлықты, тонауды, қарақшылықты, алаяқтықты толығымен өз уақытында ашу, мүліктік қылмыстардың сақтандырудың бірден бір тиімді жолы болып табылады. Жазаның әділеттілігі қылмысты саралауда, қылмыскердің әрекетінде қылмыс құрамының нақты белгілерінің болуында. Бірақ, осы қылмыс үшін қарастырылған қылмыстық жауаптылықты жекешелендіру үшін дұрыс норманы анықтау жеткіліксіз. Меншікке қарсы қылмыстар жөніндегі нормалардың көбіне санкция шегінің кең түрде қолданылады. Мысалы, 175 баптың 2 б сәйкес ұрлық үшін, адамдар тобының алдын ала сөз байласуы немесе бірнеше рет мүліктің иесіне залал келтірілсе, мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады. Сонымен қатар, заң сотқа нақты жағдайларға байланысты мүлкін тәркілеу немесе шартты соттау жазаларын тағайындауға мүмкіндік береді. Сот шешім шығаруда өзінің ішкі санасына сәйкес қандай нақты жазаны және оның қандай мөлшерде тағайындауды, қоғамға қауіптілік деңгейін, кінәлінің тұлғасын, жауаптылықтың ауырлататын және жеңілдететін тұстарын ескереді.

Сот рецидивист ұрыға, пәтерді алғаш ұрлаған адамға бірдей көзқараспен ешуақытта қарамауы тиіс. Сондықтан меншікке қарсы қылмыстар бойынша жаза тағайындауда сотталушының жеке тұлғасына аса назар аударады. Зерттеуден байқағанымыздай, осы типтес істерді қарағанда сот келесі мынадай тұлғаларды ескереді: жеңілдететін жағдайларға-шын жүректен өкіну және кінәсін толығымен мойындау (37,7%), бұрын соттылығы жоқ (21,3%), жанұя жағдайы (11, 8%).

Меншікке қарсы қылмыстарды саралауда ұрлық үшін, жаза ретінде рецидивистерге бас бостандығынан айыру қолданылады. Ал, алғашқы рет ауырлығы орташа дәрежеде жасалған ұрлық, тонау, алаяқтық үшін көбінесе айыппұл жазасы тағайындалады.

Меншікке қарсы қылмыстармен күресудің тиімді жолы ретінде мүліктік жәбір көрген азаматтардың құқықтарын барынша қорғау болып табылады. Қолданыстағы қылмыстық заң келтірілген залалды толтыру үшін, мүліктік мүддесін қанағаттандырады. Жәбірленушінің азаматтық талабы қылмыстық іспен бірге қарастырылады.

Қазіргі уақытта жалпы қылмыстылықтан сақтандыру алдыңғы орынға қойылып, негізгі бастама бағытты құрайды. Осыған байланысты, қылмыстылықтан сақтандыруды тиімді ұйымдастыру аса маңызды.

Бұл мәселе жөнінде ҚР Президенті 20.09.2002 жылы мақұлданған №949 Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат Тұжырымдамасында: «Қылмыстық заңнамада қылмыстылықтан сақтандыру және онымен күрестегі табандылық, жедел-іздестіру қызметін жетілдіру, нақты қалыптасқан оперативтік ахуалға тиісінше көңіл аудару» деп нақты белгіленген.

Бұл ережелер қылмыстылықпен күресуге тиімді жолдарды анықтап, олардың сақтандыруға бағытталғандығын көрсетеді. Сондықтан қылмыстылықтан сақтандыруда, әсіресе, меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру да құқық қорғау органдарының, ең алдымен ішкі істер органдарының тиянақты қызмет етуі болып табылады. Бұл орайда қылмыстылықтан сақтандыруда жаңа бағытта, өздерінің қызметтерін кеңінен қолдануда ішкі істер органдарының қызметкерлері өз үлесін қосуы тиіс.

Қылмыстылықты жазалағанша, Ч.Беккария айтқандай қылмыстылықтан сақтандыру өте тиімді және сақтандыру үшін тиімді жолдарын қарастырған дәйекті болар еді. Осы тұста «Қылмыстылықтан сақтандыру- құқықтық тәртіпті сақтаудың, құқықпен қорғалатын құндылықтардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету, сақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы қоғамды қылмыстық қол сұғушылықтан сақтандырып қана қоймай, қоғамды тұрақсыз адамдардан қорғайды, олардың қылмыскерге айналуына жол бермейді, сол арқылы қылмыстық жазаның туу мүмкіндігін жоққа шығарады» деген Ю.Д. Блувштейннің [256, 9-10 б.] позициясын өте орынды деп есептейміз.

Мұндай сақтандырудың мақсаты меншікке қарсы қылмыстар санын барынша азайту болып табылады. Соған байланысты құқық қорғау органдары келесі мәселелерді шешуі қажет:


  1. меншіктің тиянақты күзетілуін қамтамасыз ету;

  2. криминогенді жағдайды талдаудың негізінде белгілі-бір аумақтағы немесе нысандағы меншікке қарсы қылмыстардың жасалуына объективті түрде кедергі болатын жағдайларды жасау;

  3. меншікке қарсы қылмыстарды жасауды алдын алу, оларды ұйымдастыратын адамдар туралы жедел-іздестіру ақпаратын іске асыру;

  4. меншікке қарсы қылмыстарды жасайтын топтардың, оның ішінде ұйымдасқан топтардың қылмыстық әрекетін тоқтату мақсатымен оларды дер кезінде ара қатынасын ыырату;

  5. меншікке қарсы қылмыстарды жасайтын қылмыскерлерді тұтқындау және қылмыстарды ашу үшін, жасалған немесе жасалып жатқан қылмыстар туралы келіп түскен ақпаратқа, азаматтардың, лауазымды тұлғалардың хабарламаларына қолда бар бар күшті және әрекет ету құралдарын шұғыл қолдану;

  6. меншікке қарсы қылмыс жасаған адамдарға заңда қарастырылған шаралардың дер кезінде қабылдануын қамтамасыз ету мақсатымен олар туралы ақпаратты жинау, жүйелендіру және пайдалану;

  7. жұртшылықты меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру жұмыстарына белсенділігін арттыру;

  8. жұртшылыққа меншікке қол сұғушылықтан заңды қорғау құралдары мен әдістері туралы тиісті мөлшерде хабардар етіп отыру;

  9. тиісті мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, лауазымды тұлғаларға меншікке қарсы қылмыстардың жасалуына түрткі болатын себептер мен жағдайларды жою туралы ұғымдарды енгізу.

Аталған міндеттерден барынша меншікке қарсы қылмыстармен күресуге бағытталған шараларды жетілдіруге болатынын байқауымызға болады.

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру қызметі криминологиялық ақпаратқа негізделеді: меншікке қарсы қылмыстардың жағдайы мен серпінділігі туралы; мұндай қылмыстар ең көп жасалатын аумақтар мен нысандар туралы; меншікке қарсы қылмыс жасаған және оларды жасауға бейімді адамдар туралы; меншікке қарсы әртүрлі қылмыстардың латенттілік деңгейі туралы; осы қылмыстардың құрбандары туралы; аталған қылмыстар тобының әлеуметтік салдары туралы; меншікке қарсы қылмыстардың жағдайы мен сақтандыру шаралары, оларды қолданудың тиімділігі туралы; осы қылмыстардың жағдайына әртүрлі әлеуметтік, экономикалық, саяси және басқа да процестердің әсері туралы. Бұл жағдайда меншікке қарсы қылмыстардың келеңсіз үрдістеріне себептер мен жағдайларды ғана емес, біздің ойымызша зерттелуге және ынталандыруға жататын позитивті факторларды айқындау қажет.

Өңделген және талдау жасалған криминологиялық ақпаратты ішкі істер қызметтері мен органдары ақпараттық база ретінде қолданады [257, 45 б.]. Ол ақпарат ең криминогенді жерлер мен нысандардағы қылмыстардың сақтандыруға салынатын бар күшті жұмылдыруға, меншікке қарсы қылмыстардың тиімді сақтандыру әдістерін таңдап алуға, сақтандыру қызметінің озық тәжірибесін зерттеуге және енгізуге, меншікке қарсы қылмыстардың өршуінің беталысын болжауға мүмкіндік береді.

Осы болжамдардың негізінде меншікке қарсы қылмыстармен күресу жұмыстары жоспарланып, меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру туралы тараулар енгізілген қылмыстылықпен күресу бағдарламалары аймақтық деңгейде жасалып отыр. Аталған бағдарламалар нәтижелі орындалу үшін сақтандыру қызметінің барлық субъектілері үйлестіріліп, өзара әрекеттеседі.

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыру қызметінде құқық қорғау органдары келесі үлгілер қолданыла отырып үйлеседі және өзара әрекеттеседі: үздіксіз әрекет ететін үйлестіру органдарын құру; өзара ақпарат алмасу; кеңестерді, нұсқау беруді, дәрістерді бірлесіп өткізу, меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру бойынша келісілген іс-әрекеттерді жасап шығару; келісілген сақтандыру шараларды бірлесіп жоспарлау және өткізу; бір-біріне әртүрлі көмек көрсете отырып,, басқа да бірлескен тәжірибелік қызмет жүргізу; бірлесіп бақылау жүргізу және сақтандыру қызметінің қорытындыларын ортақтасып шығару [258, 47 б.].

Меншікке қарсы қылмыстардың негізгі сақтандыру субъектілеріне полиция, қоғамдық қауіпсіздік және ІІБ криминалдық полиция бөлімшелері жатады. Олар аймақтық деңгейлерде негізінен бөлімшеге қарасты аппараттардың күнделікті ұйымдастыру-әдістемелік басқаруын қамтамасыз етуге басты назар аудара отырып, меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру бойынша ұйымдастырушылық қызметті жүзеге асырады.

Меншікке қарсы қылмыстардан сақтандырумен байланысты мәселелердің тікелей орындаушылары тиісті қызметтер мен қалалық, аудандық ішкі істер органдарының, сондай-ақ көліктегі ішкі істер органдарының бөлімшелері болып табылады. Бұл жағдайда аталған жұмыста уәкілетті учаскелік полиция қызметкерлері, патрульдік-пост қызметі, ішкі істер органдары жанындағы ведомстводан тыс күзет, қылмысты іздестіру қызметі және т.б. басты орында тұр. Олар қолданатын меншікке қарсы қылмыстардың сақтандыру формалары мен әдістері алуан түрлі.

Әсіресе, меншікке қарсы қылмыстардан сақтандыруда БАҚ, радио, телевидения арқылы жүргізілетін ақпараттар тиімді мүмкіндіктерді береді деп жазады М.Ю. Кержер [259, 56 б. ].





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет