Спермийлер ДНҚ бүтіндігі, олардың хроматиндеріне жағдайына байланысты екені белгілі, түрлі теріс факторлардың әсерінен хроматиннің ДНҚ фрагментьация деңгейі жоғарылайды, ол өз кезегінде спермийлердің ұрықтану қабылетіне кері әсерін тигізеді. Біздер спермийлердің ұрықтану қабылетін бағалау үшін, Үндінің «SpermProcessor». компаниясы ұсынған «DNA Fragmentation» әдісін қолдандық. Коммерциялық жиынтық құрамына келесі компоненттер кіреді: заттық шыны, жабын шыны, ішінде агароза бар пробиркалар, реагент I, реагент II, этил спирті 70%, 96% және 100%, бояу I, бояу II, буфер.
ДНҚ фрагментация талдауын хаттамаға сәйкес жүргіздік: құрамында агароза бар пробиркаларды су моншасына қойдық, температурасы 70 0С экспозиция 15-20 минут, сосын пробирканы 5 минут термостатқа қойдық, ондағы температура 37 0С, осымен қатар шәует үлгісін дайындадық, үлгідегі спермийлердің концентрациясын 1 мл 10-15 млн спермилер санына дейін физиологиячлық ерітіндімен сұйылттық, сосын пробиркаға 60 мкл шәуетті қостық, бірнеше рет пипетирование жасадық, сосын пробирканы термостатқа температурасы 37 0С қойдық, сосын спермийлердің агарозамен араласқан қоспасын 15-20 тамшы заттық шыныға тамыздық, сосын үлгінің үстіне мұқият жабын шынысын қойдық, онда ауа көпіршіктері болмайтындай етіп қойды, заттық шыныны тоңазтқышқа температурасы 2-80С 5 минут уақытқа қойып, бетінен жабын шыныны алып тастадық.
Сосын заттық шыныны арнайы лотокқа орналастырдық, заттық шыныға 8-10 мл реагента I қостық, экспозиция 7 минут, сосын реагент I төгіп тастадық, заттық шыныны фильтр қағазымен құрғаттық, заттық шыныны лотокқа орналастырдық, сонан соң 8-10 мл реагента II қостық, экспозиция 20 минут, реагент II төгіп тастадық, дистиллденген сумен жудық, заттық шыныны кептірдік, заттық шыныны горизонталдық жағдайда қойып, оған 1 мл 70% этил спиртін қостық, экспозиция 2 минут, сосын спиртті төгіп тастап, осы процедураны 96%, 100% этил спиртімен қайталадық. Сонан кейін заттық шыныға 500 мкл бояу I қостық, экспозиция 2 минут және жағындыға 1 мл бояу II қостық, экспозиция 10-15 минут, жағындыны ауада 7-10 мин ішінде кептірдік. Осылай дайындалған жағындыны иммерсиялық май көмегімен ұлғайту деңгейі 40х микроскопппен зерттедік.