Аталық жануарларда сперматогенез процессінің ұзақтығы



бет1/4
Дата06.12.2022
өлшемі2,39 Mb.
#55117
түріҚұрамы
  1   2   3   4

Дәріс тақырыбы: «Бұқалардың спермийлеріндегі ядролық ақзаттың мөлшерін және ДНҚ фрагментация деңгейін анықтау» Дәріс жоспары: 1. Бұқалардың спермийлерінде ядролық ақзаттың құрамы (гистон және протамин). 2. Спермийлердегі ядролық ақзаттарды анықтаудың практикалық маңызы. 3. Спермийлердегі протамин және гистон мөлшерін анықтау техникасы. 4. Спермийлердегі ДНҚ фрагментация деңгейі. 5. Спермийлердің ДНҚ фрагментация мөлшерін анықтау техникасы

Ер адамдардың спермийлерінің ұрықтану қабылетін бағалау үшін келесі молекулярлық-генетикалық әдістерді қолданады: ДНҚ фрагментация деңгейін анықтау және спермийлердегі ядролық ақзаттың мөлшерін зертттеу. Аталған әдіс ақпараттты, жетілген спермийлер түілу процессімен байланысты ер адамнан болған бедеулікті анықтауға мүмкіндік береді. Спермийлер түзілу процессінде гистондардың протаминге айналуы ең маңызды саты болып табылады. Қалыпты жағдайда, спермийлердің пісіп жетілген хроматин құрамында шамамен 85% протамин және 15% гистон болады, ал пісіп жетілмеген хроматин құрамында гистонның мөлшері 15%-дан жоғары болады. Протаминдер дегеніміз жоғарғы арнайы протеиндер болып табылады, олардың ядросында көп мөлшерде аргинин болады және аз мөлшерде цистеин амин қышқылдары болады. Спермийлер ядросының құрамындағы протеиндер мөлшерін анықтау гистон протеиндердің келесі қасиеттеріне негізделген, гистон құрамында көп мөлшерде лизин аминқышқылы бар, ол «Aniline Blue» бояуымен бояғанда қаныққан көк түске (темно-синий) боялады (тек спермийлердің бастары), ал спремийлердің ядросында протамин ақзаты болған жағдайда, олардың бастары аталған бояумен қызқылт түске (розовый цвет) боялады, себебі протамин құрамында аргинин және цистеин аминқышқылдары бар.

Аталық жануарларда сперматогенез процессінің ұзақтығы

Бұқалардың спермийлерінің ұрықтану қабылетін бағалау үшін спермийлер құрамындағы ядролық ақзаттың мөлшерін анықтау әдісі қолданылған. Аталған әдіс ядролық ақзат деңгейінде спермийлердің физиологиялық пісіп жетілу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, спермийлердің ұрықтану процессіне қаншалықты дайын екені олардың ядросының құрамындағы протамин мен гистон ақзаттарының мөлшеріне байланысты. Егер спермийлер ядросында гистонның мөлшері жоғарылаған болса, онда спермийлер жетілмеген және ұрықтану процессіне дайын емес екенін көрсетеді. Спермийлердің ДНҚ хроматинмен қапталған және гистон мөлшерінің жоғарылауы хроматин тізбектерінің үзілуіне әкеліп соқтырады және ДНҚ фрагментация деңгейін арттырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет