Аталуы: Миокард. 2 Боялуы



Pdf көрінісі
бет13/19
Дата09.10.2022
өлшемі2,31 Mb.
#42042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
Байланысты:
Журек, артерия, вена, капилляр

Орналасулары: Қан тамырларындағы микроциркулярлы арналарда. 


Құрылыс ерекшеліктері: Қан капиллярлары саны жағынан ең көп және 
ең жұқа тамырлар болып табылады. Көп жағдайда капиллярлар тор 
құрайды, алайда кейде ілмектер немесе шоғырлар құрауыда мүмкін. 
Қалыпты физиологиялық жағдайда капиллярлардың жартысынан көбі 
жартылай жабық күйде болады. Олардың саңылауы қатты кішірейген, 
алайда толық жабылуы болмайды. Сол себепті олардың бойымен 
қанның пішіндік элементтері өте алмайды, алайда қан плазмасы өтеді. 
Ағзалардағы капиллярлар саны сол органның жалпы 
морфофункционалды ерекшеліктерімен байланысты, ал ашық 
капиилялар саны органның сол мезеттегі жұмыс белсенділігіне 
байланысты болады. 
Капиллярлар ішінен базальді мембранада орналасқан эндотелиймен 
тысталған. Эндотелий жасушасы мен тегіс миоцит араларында ерекше 
жасушалар – перициттер пайда болады. Сыртынан капиллярлар 


ретикулярлы талшықтар торымен және аздаған адвентициальді 
жасушалармен қоршалған. 
Капилляр қабырғасы құрамындағы екінші жасуша түрі- перициттер. Бұл 
дәнекертіндік жасушалардың пішіні өсінділі болып келеді және 
капиллярды себет тәрізді етіп қоршай орналасады. 
Капилляр қабырғасы құрамындағы үшінші жасуша түрі - адвентициальді 
жасуша. Бұл азмаманданған жасушалар перициттердің сыртқы жағына 
қарай орналасады. Олар құрымында жіңішке коллаген талшықтары бар 
дәнекер тіннің аморфты затымен қоршалған. Адвентициальді жасушалар 
фибробласттардың, остеобласт, май жасушаларының камбиальді, 
полипотентті ізашарлары б.т 
Функциялар: ағзаларда қантолуды реттеу, транскапиллярлы алмасу 
(яғни трофикалық, танысалу, экскреторлы қызметтер) және де дренаж-
деполық қызметтер атқарады. Әдетте микроциркуляторлы арна 
элементтері прекапилляр, капилляр және посткапилляр тамырлардың 
қалың анастомоздар жүйесін құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет