Қызметі: веналық қанды бастан, мойыннан, қол аймағынан, көкірек және
іш қуыстарының мүшелері мен қабырғаларынан жинау.
Локализациясы: бұл дененің жоғарғы бөлігінің барлық дерлік – ұсақ
және ірі калибрлі веналары. Адамның тік жүру қабілетіне байланысты,
жоғарыдан төмен қарай қан өз салмағымен оңай жылжитындығын ескеру
керек.
Боялуы ерекшелігі: Бұл арнайы бояу. Жасуша ядролары қызыл,
серпімді талшықтар қою көк. Резорцинол -фуксинмен серпімді
талшықтарды бояуды Ван Гизон әдісімен бояумен біріктіруге болады, ол
үшін кесінділер алдымен резорцинол -фуксинмен боялған, сумен
шайылған, тұз қышқылының алкогольді ерітіндісімен сараланған және
суға көшірілген, содан кейін Ван Гизонға сәйкес боялған.
Құрылысы:
Эластикалық типті артериялар ортаңғы қабықшада эластикалық
құрылымдардың жақсы айқындалуымен сипатталады. Оларға аорта және
өкпе артериясы жатады, мұнда қан үлкен жылдамдықпен және жоғары
қысыммен ағады. Бұл тамырларға қан тікелей жүректен келеді.
Құрамындағы көп мөлшердегі эластикалық құрылымдар (эластикалық
талшықтар мен мембраналар) жүрек систоласы кезінде тамыр
қабырғасының созылып, ал диастола кезінде бастапқы қалпына келуіне
мүмкіндік береді. Эластикалық артерияның мысалы ретінде организмдегі
ең ірі тамыры – аорта қарастырылады.
Аортаның ішкі қабықшасы құрамына эндотелий, эндотелийасты қабат
және эластикалық талшықтардың өрімі (ішкі эластикалық мембранаға
сәйкес) кіреді. Жас ұлғайған сайын ішкі қабықша жұқара түседі. Аортаның
ортаңғы қабықшасы оның қабырғасының негізгі бөлігін құрайды, ол бір-
біріне ендірілген пішіні цилиндр тәріздес бірнеше ондаған эластикалық
мембраналардан тұрады. Олар бір-бірімен эластикалық талшықтар
арқылы байланысып басқа қабықшалардағы эластикалық элементтермен
біріге отырып ортақ эластикалық каркас түзеді.
Аортаныңсыртқықабықшасы салыстармалытүрдежұқа,құрамында сыртқы
эластикалық мембранасы болмайды. Құрылысы: бойлай орналасқан ірі
эластикалық және коллагенді талшықтарға бай борпылдақ талшықты
дәнекер тінніен тұрады. Сыртқы қабықша қантамыр қабырғасын шектен
тыс созылуынан және жарылуынан сақтайды.