14. Ал темірден өте жұқа тақташа созылады. Оның жұқалығы сонша, тіпті одан оқулықтағы мәтінді оқуға болады.
14. Cu, Al металдарындағы байланыс түрін анықтаңыз?
9. Cu, Al металдарындағы байланыс металдық байланыс.
9. Металдардың электр тогы мен жылуды жақсы өткізгіштігін қалай түсіндіруге болады?
17. Металдар электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді. Бұл қасиет кристалдық тор бойындағы электрондардың еркін қозғалысымен түсіндіріледі.
17. Химиялық қосылыстарда металдардың тотығу дәрежесі?
18. Химиялық қосылыстарда металдардың тотығу дәрежесінің мәні тек оң болады және металдар тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.
18. Кристалдық тор түйіндеріндегі оң иондар мен кейбір бейтарап атомдар арасында еркін қозғалатын электрондар болатын тор түрі?
1. Кристалдық тор түйіндеріндегі оң иондар мен кейбір бейтарап атомдар арасында еркін қозғалатын электрондар болатын тор металдық кристалдық тор деп аталады.
10.1 D Стехиометрия
Сабақтың тақырыбы: Химияның негізгі стехиометриялық заңдары
Оқу мақсаттары: 10.1.1.1 химияның негізгі стехиометриялық заңдарының тұжырымдамасын, қолдану аясын атау: зат массасының сақталу заңы, көлем қатынастар заңы, Авогадро заңы;
«Брейн-ринг» ойыны
Дидактикалық ойындардың мақсаты - оқушылардың теориялық білімдерін практикалық қызметпен ұштастыру қабілетін қалыптастыру.
Дидактикалық міндеті – химия пәнінен білімдерін тереңдету, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау қабілетін дамыту.
Ойын ережелері – сабақтың басты ережесі сынып 2-топқа бөлініп, ойын шарттарына арнайы түймешені басып жауап береді. Және де ойын арнайы кезеңдерден тұрады.